Адам өлтіру қылмысының криминалистикалык сипаттамасын атаңыз.



Адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.

Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) кісі өлтірулер; пайдақорлық, бұзақылық ниетпен және т.б. көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.

Қылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) кісі өлтіру анық жағдайда жасалған; 2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

Бірінші топқа, тергеудің басында-ақ адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жатқызамыз.

Мұндай қылмыстар әдетте «тұрмыс-тіршіліктік» қатарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ақ көршілердің, болмаса туысқандардың тағы басқа да жақын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс-керістері, өзара келісе алмаушылықтарынан туындаған жанжалдар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде қылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала аила әдістерді таңдап, оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмайды. Керісінше күтпеген жерден туындаған жанжалдың нәтижесшде қолына түскен тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, атыс қаруын т.б. қылмыс құралы ретінде пайдаланады. Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру қылмыстарын - күш қолдану белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдардың өлгендігін куәландыратын мәліметтер бойынша қылмыстық іс қозғауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстарды жатқызамыз. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс козғау кезінде тергеушіде адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайы (қылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер болмайды. Бұл жерде қылмыс көп жағдайларда алдын ала ойластырылып, әрекет ету бағыты мен кезектілігі мұқият қарастырыла отырып жоспарланып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында қолайлы әдіс-тәсілдерді таңдап алып, арнайы адам өлтіру немесе ол қылмысты жасауға қатысу ниеті мен мақсатында жасалады.

Адам өлтіруге байланысты қылмыс жасау тәсілдері әртүрлі болып келеді және ол жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғып тікелей өмірінен айырылуға бағытталатын келесідей белсенді әрекеттерден тұрады: дене жарақатын салу, жылжып келе жатқан поездың астына қарай итеріп жіберу т.б. Кейбір жекеленген жағдайларда.

әрекетсіздік жолымен де мұндай қылмыстар (жаңа туған нәрестелер мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды тамақтандырмай қою арқылы) жасалуы мүмкін.

Қылмыскердің адам өлтіру үшін нақты бір тәсілді тандап алуына мынандай факторлар әсер етеді: жәбірленуші мен айыпкердің жасы, жылы, физикалық дамуы, қылмыстың жасалу уақыты мен жері, оның ниеті мен мақсаты, қылмыскер мен оның құрбанының өзара байланысының болуы, оның сипаты, сондай-ақ басқа да жағдайлар.

Адам өлтіру қылмыстарын жасауда қолданылатын тәсілдердің кеңінен тараған түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:

әртүрлі құралдарды, заттарды қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын саду;

жәбірленушіні дәрменсіз күйде қалдыру, болмаса осы жағдайды пайдалана отырып оған дене жарақатын салу, оны қылғындыру, т.б. Сондай-ақ өміріне қауіп төндіретіндей (қыс мезгілінде ашық елсіз жерлерде оны жалаңаш. киімсіз тастап кету) жағдайларға душар ету.

жәбірленушіні өте биік жерден лақтырып жіберу;

жәбірленушіні жылжып келе жатқан көлік құралдарынан (поезд, автокөлік, теплоход) лақтырып жіберу;

жәбірленушінің организміне улы заттарды жіберу және т.б. Қылмыскер жекеленген жағдайларда өзінің кінэсіздігін нақтылайтындай жалған дәлелдемелер құру үшін, жасалған әрекет пен жәбірленушінің өлуінің арасындағы белгілі бір уақыт өтуін есепке ала отырып қылмысты жасау тәсілін таңдап алады. Қылмыстарды жасаудың мұндай тәсілін - баяу әсер ететін жарылғыш, болмаса улы заттарды қолдану арқылы тергеу барысында кездестіруге болады.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!