Тергеу экспериментіне дайындык жұмыстарын атаңыз



Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде - эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент I жүргізілетін жерде өткізіледі.; Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі эзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек.

Яғни, бұл кезең — мамандармен ақылдасу; кэсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы эдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.

Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тү_рып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал - саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.

а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе еткізілетін жерді бұрынғы калпына келтіру.

Эксперимент болып өткен белгілі бір оқиганы, әрекетті қайта тудыру, сөйтіп, істі тексеру барысында ақиқатты анықтау мақсатын көздейді. Бұған мұқият дайындалу арқылы қол жеткізуге болады.

Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар түрінде -қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен-жай, жылдың кезеңі мен тэуліктері, aya райы; ұдсас заттарды - қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсіріледі.

Үқсас жағдайды эксперименттің түрі мен мақсатына орай тергеушінің өзі таңдайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бұған жеткілікті дәрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нұқсан келтіруі мүмкін.

Айталық, эксперимент кезінде нақты оқигаға орай уақыттың (тәуліктің, жылдың), ауа-райы жағдайының, жарықтың, сондай-ақ адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану қабілетінің, бақыланатын объектінің қашықтығының және оның сыртқы ерекшелігінің (көлемінің, нысанының т.б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушының қалпының (тұруының, отыруының, жатуының), бақылаушыға кедергі келтіретін жэйттердің (мысалы, автокөліктің, поездың қозғалысы), қабылдаудың ұзақтығы айрықша мәнге ие бола алады. Үқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталық, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа-райы, жарық сәйкес келетін нақ сондай уақытта кол жеткізуге болады. Мұндайда тергеушіге ұқсас жағдайларды қолдан жасап бас катырудың қажеті жоқ, себебі ол табиғи түрде тергеушінің кез алдында болуы керек, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сэтін дөп баса білу. Мұндай әдіс эксперимент кезінде қайсыбір құбылысты айнытпай санада қабылдап алу мақсатын көздейді.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!