Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттерін атаңыз.



Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр түрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе - ақиқат өлшемі және дүние танымның кайнар көзі. Сондықтан тергеу мезгілінде жиналған дәлелдемелердің, және кейбір іске керекті айғақтардың ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу аркылы білуге болады. Осыған байланысты қылмысты істер жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үшін арнайы тергеу экспериментін жүргізу көрсетілген.

Тергеу эксперименті дегеніміз, ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жагдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

Бұдан туындайтын негізгі қағидалар: біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мэселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мүндай тексеру, осы тексерілетін қүбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, не үқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болган жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті бұлжытпай қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар, тәжірибе аркылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір негізгі бөлігі, көріністері гана сыни қайталанады.

Тергеу эксперименті - іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті қолданудың айрықша бір нысаны. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжауын ныктай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары қойылады: тәжірибе адамның денсаулығына нүқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге ол қатысушылардың күқығын бұзбайтындай. оларды қорлап, кемсітпей-тіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің, мәліметтердің шындыгы ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірленушінің, куәлардың, айыпкердің жауаптарында, сондай-ақ басқа да қосымша айғактарда келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжауларына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Тергеу эксперименті - өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндеттері жағынан өзара ұлггасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті - іске қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар.


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!