Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі мен олардың өзара байланысын атаңыз.



Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергсушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудіқ ı белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты.

Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай: тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.

Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысга болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бр ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаңың бір түріне - жұмыс гипотезасына жатады.

Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқига жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандьны жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан гуындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі қажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сэтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау қате болған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі - тергеу болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, Осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.

25. Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері мен оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттерін атаңыз.

Тергеу қарауы - кылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез-келген объектілерді тікелей қабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау - кылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықгаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жогары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалық әдебиетте тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген:

- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеуі;

- оқиға, қылмыстың механизмі, жері, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу;

- қылмыстын суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

- тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

- тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау; Тергеу қарауының түрлерін әртүрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген:

- оқиға болған жерді;

- заттай дәлелдемелер;

- мәйіт;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін. Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне:

- үй-жайдағы оқиға болған жер;

- ашық жердегі оқиға болған жер;

- мәиіт;

- қылмыстың қаруы және қүралы;

- құжаттар, фото - бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен катар, пошта-телеграфты хат-хабар;

- жануарлар;

- көлік құралдары;

- компьютерлер;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі.Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі турін ажыратамыз:

- алғашқы;

- қайталама.

Қайталама қарауын жүргізу жағдайлары әртүрлі болуы мүмкін: алғашқы қарауды сапасыз жұргізу (қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), қажетті техникалық құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайталама қарауын жүргізу қажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы қарауын толық, егжей-тегжейлі, дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нұсқауымен жүргізіледі.

Көлемі бойынша тергеу қарауы негізгі және қосымша деп бөлінеді. Алғашқы қарау көп жағдайда негізгі қарау болып табылады. Сондықтан тергеуші қараудың жан-жақты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша қарау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда қосымша карау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі қарау кезінде жекеленген участіктерге, объект элементтеріне қарау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік құжаттарға қарау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірак №10 ведомстің болмауы себебінен қарау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердің ұсынуымен №10 ведомстке қарау жүргізіліп, қосымша қарау хаттамасында бекітілді.

Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуалдық және тактикалық талаптар қойылады.

Тергеу қарауы екі куэгердің міндетті қатысуымен жүргізіледі, ал оқиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да болуы мумкін.

Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мұлтіксіз орындайтын азаматтардың болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куәландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, криминалист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі керек.

Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады. Қарауға сонымен қатар, тергеуші мамандарды шақыра алады. Қаралатын объектінің түріне байланысты криминалист-маман, дәрігер (медицина қызмет-кері), экономист, инженер, химик және т.б.

Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участковый, патруль, жол полиция қызметкерлері қарауға қатысады.

Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нұсқауларын ұсынады:

1. қараудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі;

2. мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәтижесіне талдау жасау;

3. криминалистикалық техника талаптары мен ережелерінің сақталуы;

4. қараудың бір бастамамен жүргізілуі;

тергеу қарауының барлық нәтижелерін толық және объективті бекіту

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!