Жауап алғанда колданылатын тактикалық әдістер мен беттестіру тактикасын анықтаңыз.



Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.

Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұлдай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады.

Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады.

Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады.

Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық.

Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жагдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мүндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез тұсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауабын толықтыруы мүмкін.

Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытгалған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге қажет оқиғаны да есіне түсіреді.

 

Бейне және дыбыс жазбаларын криминалистикада қолдану және криминалистикалық фото, бейне және дыбыс жазбаларын қолдануды процессуалды-криминалистикалық рәсімдеуін анықтаңыз.

Криминалистикалық фото-, бейне және дыбысжазбаларының қорытындылары процесуалды-криминалистикалық рәсімделгеннен кейін ғана тергеу процесіне толық қолданылуы мүмкін.

Фототүсірілім қолданылған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында келесі мәліметтер орын алуы қажет: фотосуретке түсірілген объектілер жайлы;

1. қолданылған фотографиялық құралдар (аппараттың типі, объективтің түрі, жарық фильтрінің маркасы және т.б.) туралы;

2. суретке түсірудің тәсілі мен жағдайы, жарықтандыру сипаты және түсірілім уақыты, оқиға болган жердің түсірілім нүктесі кестеде немесе жоспарда көрсетіле отырып хаттамаға бекітілуі тиіс;

4. қажет болған жағдайларда алынған қорытындылар жайлы мәліметтер.

Хаттамаға тіркелетін фототүсірілімдерді фотокесте түрінде рәсімдеу қажет.

Әрбір түсірілімнің астына тиісті нөмір қойып, қысқаша түсіндірме беру керек. Барлық түсірілімдерге тергеу органының мөрлері қойылып куәландырылады. Мұнда мөртаңбаның бір бөлігі фотосуреттің төменгі шеткі жағына, ал келесі бөлігі кесте парағының бетіне түсіріледі. Фотокестелердің аты болуы керек, онда фотокесте қай тергеу әрекетінің хаттамасына бекітілгендігі және тергеу әрекетінің уақыты көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар хаттамаға тіркелетін түсірілімге тергуші қол қояды. Егер фотосуретке түсіруді басқа тұлға жүзеге асырган жағдайларда міндетті түрде олардың қолдары қойылады.

Аталган кестелер, оның негативтері пакетке салынып, сәйкес түсініктемелер беріле отырып тергеу әрекетінің хаттамасымен бірге қылмыстық іске қосымша ретінде тіркеледі.

Бейнефонограммадағы жөндеу жұмыстары жасалған бейнефонограмманы пленкі бөліктерімен бірге пакетке салып буып-түйіп және оны мөрлеп, қылмыстық іс материалдарына тіркеу қажет. Сонымен қатар, жүргізілген тергеу әрекетіне сәйкес бейнежазбаға түсірілген әрбір жеке участкелер, олардың әрқайсысының мазмұны және бейнежазбаны түсіру кезіндегі нақты уақыты хаттамада көрсетілуі тиіс. Тізімге тергеуші өзінің қолтаңбасын қояды. Бейнежазба аяқталғаннан соң оны қарап тексеру куәгердің және тергеу әрекетін жүргізу

барысы мен оны түсіруші тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылып, хаттама толтырылады. Жауап алу барысында хаттамаға мүмкіндігінше бейнежазбаны қолдану кезінде жасалған бейнефонограммадан басқа да стенофонограммаларды да бекіту қажет. Бұл жауап алынушының әділетсіз берген жауабының нәтижесін дәлелдеуді қамтамасыз етеді,

Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында қолданылатын фототүсірілімдер сарапшының зерттеудегі қорытынды бөлімінен көрініс табуы қажет және мұнда міндетті түрде фототүсірілімнің түрі мен оның негізгі жағдайлары көрсетілу тиіс.Сарапшының қорытындысына ұсынылатын фототүсірілімдер, әдетте арнайы бланкіде фотокесте түрінде рәсімделеді. Әр фотосуреттің астына міндетті түрде анықтамалық қолтаңбалар қойылады. Егер фотосуретте қандай да бір (сәйкес, бірыңғай келетін немесе айыратын және т.б.) белгілер жасалған жағдайда фотокестеге бақылаушы фототүсірілімдер (сол фотосуреттер, бірақ еш белгі қойылмай) жапсырылуы қажет.Әрбір фотосурет сараптама мекемесінің мөрімен бекітіледі. Мұндай фотокестелердің басында, олар қандай қорытындыларға тіркелетіндігі (қорытындының нөмірі және оның жасалу уақыты мен сарапшының куәландыратын қолы қойылуы тиіс) жөнінде жазылуы керек.

Рланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір окпанды атыс қаруларын, сонымен катар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған октарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу мен ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу жолдарын анықтаңыз.

Бұл тіркеудің түрі арқылы ұрланған және жоғалған атыс қаруларын іздестіру шараларын жүргізуге, сонымен қатар атыс қаруын қолданып жасалынған қылмыстарды ашу мен тергеуге мүмкіндік туғызады. Тіркеу келесідей картотекалар түрінде жүргізіледі:

а) ұрланған және жоғалған ату қарулары бойынша;

э) табылған, алынған және өз еркімен тапсырылған атыс карулары бойынша жеке оқ-гильза картотекасы жүргізіледі.

Қару-жарақ тіркеуге қойылмас бұрын оқ-гильза картотекасы бойынша тексеруден өтеді. Оқ-гильзалардың ішінде осы қарудан атылғандары бар ма, ашылмаған қылмыстар бойынша осы қарудың қолданған қолданбағандығы анықталады.

Тіркеу карточкасында қару-жарақтың түрі, жүйесі, моделі, шығарылған жылы, нөмері, сыртқы бейнесінің белгілері, кұрылысының ерекшеліктері бекітіледі. Картотекадағы карточкалар ең алдымен қару-жарақтың түрі бойынша, содан соң жүйесі, моделі, нөмері және езге де белгілері бойынша орналастырылады. Оқтар, гильзалар, патрондар калибрі бойынша іріктелініп, содан соң іздер қалдырған қару-жарақтың түрі, жүйесі және моделі бойынша тіркеледі.

Коллекцияда сонымен бірге ок, гильза, патрондардан көрініс тапқан қару-жарақ бөліктері ерекшеліктерінің үлкейтілген фотосуреттері сақталынады. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу. Жоғарыда көрсетілген тіркеудің бірінші түрі ұрланған заттарды іздестіруге септігін тигізеді. Тіркеуге әртүрлі заттар алынады. Олар бұрын қылмыскерлер ұрлаған, тастап кеткен немесе жоғалтқан деп жорамалдауға негіз бар кезде ұрланған немесе табылган заттар ретінде жеке немесе мемлекеттік меншіктегі мүліктер бола алады. Сонымен қатар, тінту немесе ұстау кезінде алынған иесі белгісіз заттар.

Тіркеуге алынатын заттардың белгілері толық егжей-тегжейлі жекелендірілетін белгілерімен қоса сипатталуы керек. Картотекаға сәйкес заттардың, оған ұқсас заттардың фототүсірілімдері, зат жасалынған материалдар үлгілері мүмкіндігінше қосымша тіркеледі. Карточкалар ең алдымен заттардың криминалистік маңыздылығы бойынша (ұрланған, жоғалған және т.б.), содан соң олардың атауы (алфавиттік тәртіппен), түрі және топтық белгілері бойынша жүйеленеді.

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!