Объект ұғымы - криминалистикалық идентификация теориясының басты элементі.



Объектілерді анықтау - идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер қалай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде қалай жинақталады деген мәселелерді шешуге әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердің даму деңгейімен байланысты.ХХ-ғасырдың 1-жартысындағы идентификациялық объект шеңбері мен XX-ғасыр аяғындағы дентификациялық объект шеңберінің арасында елеулі айырмашылықтар бар.

Криминалистикалық идентификация объектілерінің түсінігіне байланысты пікір-таластық талдаулар екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең пікір-таластық 1940 жылдары профессор С.М. Потаповтың мақаласының шығуына байланысты болды. С.М. Потапов криминалистикалық идентификация объектісіне - заттарды, адамдарды, олардың ойлау қабілетін, әрекеттерін, құбылыс пен уақытты және басқаларды жатқызды. Профессор С.М. Потаповтың көзқарасы бойынша криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі материалдық заттармен құбылыс және ойлармен қамтылуы тиіс. Нақты айтқанда, объект ұғымына түсінік кең мағынада беріледі. С.М. Потаповтың мақаласына байланысты көптеген сыни еңбектер жазылды. Жазылған сыни көзқарас жайындағы пікір-таластықтар 60-жылдары тоқтады.

Криминалистикалық идентификация объектілеріне «қандай дүниедегі объектілерді жатқызуға болады» - деген сұрақтарға байланысты 70-жылдары жаңа пікір-таластар туындай бастады.

Бір көзқарастар (бұл дәстүрлі идентификацияның өкілдері) бойынша криминалистикалық идентификация объектілеріне сыртқы қүрылысы бар, толық тұрақты формадағы заттар жатқызылды. Ал бұл қатты денелер болып табылады. Басқа көзқарастар бойынша, криминалистикалық идентификация объекті-леріне кез-келген субстанциядағы материалды денелердің қалыптасуынан тұратын заттар, яғни, қатты, сұйық, газ тәріздес заттар жатқызылды.

Ганс Гросстың пікіріне байланысты кез-келген материалды субстанциядағы объектілерді жекелей идентификациялау мүмкіндігі танылған.

ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап жоғарыдағы пікірлер бойынша көптеген материалды объектілерді тендестіру жұмыстары сараптама тәжірибесінде ғылыми-техникалық құралдар мен аналитикалық әдіс-тәсілдерді кеңінен ендіре отырып жүзеге асырыла бастады. Бұл мәселеге байланысты зерттеу әдістемесін өндеп жетілдіру мен айналысқан криминалистердің арасынан B.C. Митричевтің еңбегін атауға болады. B.C. Митричевтің баста-масымен объектілер шеңбері кеңінен қарастырылды, объектілерге қатты денелер ғана емес, сонымен қатар, сұйық, газ тәріздес, сусымалы заттар кеңінен енгізіліп дәлелдеу мүмкіндіктерін арттырды.

Криминалистикалық идентификацияның объектісі - жалпы қайталанбайтын идентификациялық белгілер жүйесі мен салыстырмалы түрақты түрде болатын материалдық заттар болып табылады.

Идентификацияның объектісіне тек қатты заттар ғана жатпай, сонымен қатар сұйық, сусымалы, газ тәріздес объектілер де жатады.

Объектілерді жекелеу келесі ғылыми ережелерден құралады:

Біріншіден, материалдық дүниедегі объектілердің сапалылық және сандық жагынан анықталуы.

Екіншіден, материалдық дүниедегі объектілердің салыстырмалы ту.рақты болуы.

10. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық кұралдарын түсіндіріңіз.

Қылмысты ашу мен қылмыскерді эшкерелеуде тергеушінің криминалистикалық техника құралдарын шебер қолдануы үлкен рөл атқарады.

Оқиға болған жерді қарау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде әртүрлі құрал-саймандарды, жабдықтарды, құрылғыларды, материалдарды жинақы түрде қолдану олардың тиімділігін көрсетеді. Сондықтан да осы құралдардың жиынтығы тергеу және жедел чемодандары, сөмке және портфельдер түрінде қалыптасып пайда болды. Оларға қойылған ең алғаш талаптың біріне - салмағы жағынан жеңіл және көлемі жағынан шағын болуы жатқызылды. Ішіне тек қана тергеу әрекетін жүргізуге қажетті құрал-саймандар кірді: іздермен жұмыс жасауда қолданылатын құралдар, фотосуретке түсіру жабдықтары, жоспар мен схемаларды сызуда қолданылатын құрал-саймандар және т.б.

Техникалық жағынан дамудың әсерінен арнайы автокөліктің ішінде орналасқан универсалды жылжымалы құралдардың жиынтығы ойластырылды: кез-келген оқиға болған жерді қарауға, қылмыстың кейбір түрі бойынша оқиға болған жерді қарауға және оқиға болған жерде криминалистикалық немесе сараптаманың өзге де түрлерін жүргізетін автоқөліктер және т.б.

Дәлелдемелерді жинау процесіне оларды бекіту, алу және анықтау кіреді. Іздер мен басқа да объектілерді анықтау үшін қолданылатын кримина-листикалық техниканың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болады.Тергеуші мен маман-криминалистің қолданатын техникалық құралдарын келесідей топтарға бөлуге болады: 1. жарықтанғыш; 2. өлшегіш; 3. іздейтін; 4. бекіту және алу; 5. буып-түю құралдары.

Жарық түсіру тәсілдері бұл моно және полихроматикалық жарықты тұсіруге бағытталған жалпы жағдай туғызатын әртүрлі құралдар. Жарықтың қайнар көзі ретінде қосымша сурет жарықтары, тұрмыстық фонарлар, фотовспышкалар және басқа да жарық түсіретін аппараттар қолданылады. Арнайы қайнар көздеріне нашар немесе мүлдем керінбейтін адам денесінен бөлінетін қан, сперма, сілекей немесе кейбір химиялық заттарды (мұнай, кілей және т.б.) анықтайтын ультракүлгін жарықтар кіреді. Ультракүлгін сәулесі әсерінен кейбір объектілер анық

көрінеді. Инфрақызыл сәуленің қайнар көзі болып электронды-оптикалық анықтағыш табылады (ЭОП). Бұл арқылы сырдың бояуларын, металдың, атылған оқтың үгінділері анықталады.

Өлшеу құралдарына: масштабты өлшегіштер, рулеткалар, транспортир, өлшегіш-циркуль, штангенциркуль, компас, планшет және зерттелетін объектінің ерекшелігіне байланысты өзге де өлшеу құралдары колданылуы мүмкін, мысалы: Гейгер-теркегіші, вольтметр.

Іздейтін құралдарға: қуыс бұрғылардың түрлері (щуп) және қондырғылары. әртүрлі үлкейткіш шынылар, дактилоскопиялык үнтақтардың жиынтығы, дакгилоскопиялық және магнитті кистілер. Металдық объектілерді іздеген кезде эскери бейнедегі индукциондық металл іздегіштер және криминалистикалық мақсатқа арнайы дайындалған магниттік металл көтергіштер қолданылады. Олардың кемшілігі қара және түрлі-түсті металдарды ажырата алмауында.

Биологиялық табиғи объектілерді анықтау үшін (қан, сперма, сілекей және т.б.) жарық түсіргіш құралдар, ультракүлгін сәулелі қосымша көздер және химиялық реактивтер қолданылады.

Криминалистикалық бекітудің мақсаты - мүмкіндігінше нақты объектіні бекіту, фактіні, оқиғаны, қылмыстың материалдық ізін және басқа да қылмыстық іс бойынша қажетті ақиқатты анықтау үшін бекіту.

 

Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны колданудың ерекшеліктері және сот-зерттеу фотографияларының әдістері мен бейне және дыбыс жазбаларын криминалистикада қолдануды түсіндіріңіз.

 

Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі қолданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мэйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.

Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табылған қылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толық бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптардың біріне жатады.

Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:

а) оқиға болған жер және оның жекеленген бөлігінің жағдайы жөнінде тольщ мағлүмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;

ә) оқига жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;

б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мшіімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.

Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.

Багдарлап түсіру - оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс. Оқиғаның нақты қай жерде болғандыгы жөнінде бағдарлап білу мақсатында қолданылатын, яғни оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіні оқиғаға, қылмысқа еш катысы болмаса да айналамен қамтып қоса түсіру әдісі. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға болған жердегі жол белгілерінің қоршаулары, оған жақын орналасқан жылжымайтын объектілер қосатүсіріледі.

Шолып түсіру - бұл оқиға болған жерді қоршаган айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі. Бұл әдісті қолдану кезінде фотоаппарат оқиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның көпшілік бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге қатысты орналастырылады. Шолып тұсіру арқылы оқиға болған жердің жағдайын анықтауға және орналасқан заттар туралы дұрыс түсінік алуға болады. Түйінді түсіру - оқига болған жердің жеке учаскілерін және ондағы қылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ipi масштабта түсіру әдісі (мысалы: қылмыстың материалдық басым бөлігі, яғни мәйіттің жатқан жері, өрт ошағы және т.б. көрсетіледі).

 

Детальды түсіру - бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен тусіру әдісі. Заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеп көрсету үшін детальды түсіру әдісі қолданылады. Детальды түсіру әдісінің объектілеріне: қару-жарақ, оқ, гильза, қылмыс құралдары мен олардың іздері, қол, аяқ, келік-құралдарының іздері, ұрланған заттар мен өзге де объектілер жатады.

Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті коршаган ортамен қамти отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мэйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайьш, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл белінуі керек. Мэйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мэйіттің ү.зына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мэйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мэйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.

Лыптар мен бекітетін кұрылғыларды зерттеу, көлік құралдарының іздері мен заттар мен материялдарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттерін көрсетіңіз.

Бұл тарау трасологиялық зерттеу бөліміндегі тараулардың ішінде жоғарыда қарастырылып өткен бұзу құралдарының іздерін зерттеу тарауына мазмұны жағынан жақын болып келеді. Беріліп отырған категорияға - құлыптар және бекітетін қүрылғылар, сондай-ақ жаппай өндірістік бұйымдар, заттар жатады.

Құлыптар әртүрлі конструкциялардан тұрады, соған байланысты олар төмендегідей негізде топтастырылады:

• жабылатын объектіге орналасу тәсіліне байланысты - тұрақты (ойып орнатылған) және алынатын (асіталы, ілінетін);

• тағайындау мақсатына байланысты - жалпы типтегі құлыптар (есікке, жиьазға салынатын) және арнайы құлыптар (сейфке, автокөлікке арналған);

• бекітілетін құрылғының құрастырылуы бойынша - серіппелі, сувалды, цилиндрлі, бұрандалы, шифрленген жүйемен жабылатын.

Құлыптың негізгі деталі - ригель болып табылады, ол құлыпқа ысырма сияқты әсер етеді. Тұрақты құлыпта ригель қорабы арқылы жылжиды және жапқан кезде есіктің жармалары немесе есікпен оның қорабының туйісу арқылы жабылады. Ілмелі құлыптарды жапқан кезде ригель имектің (доғаның) бір немесе екі жағынан ілініп қорабының ішінде оны ұстап тұрады.

Сараптамаға құлыппен қатар бөгетті кедергіні бұзуға (немесе ашуға) қолданылуы мүмкін деген заттар мен құлыптардың кілттері жіберіледі.Құлыптың ашылуы ригельдің жылжуы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс жасау кезінде құлыпты екі жолмен ашады: қілтпен ашады немесе бұзады. Кейде құлыпты ашудың екі тәсілі де қолданылуы мүмкін.Құлыпты ашу үшін - кілттер, желбезектер, басқа да заттар іріктелініп алынады.

Ашу кезінде төмендегідей үш негізгі тәсіл қолданылады:

• құлыптың саңылауы арқылы құлыптың механизміне тікелей әсер ету; мұндай әрекеттер іріктелініп алынған кілттер, желбезектер, басқа да заттармен жүзеге асырылуы мүмкін;

• ригелые сыртынан әсер ету жолымен ашу; бұл тәсілді колдану кезінде қатты тегіс заттар арқылы ригельдің шығып тұрған бөлігіне қысым жасалынады;

• есіктің ішкі жағындагы құлыпында қалған кілтті бұрап жылжыту жолымен ашу; кілттің ұлын сыртқы жақтан арнайы қысқышты қолдану арқылы тартып іліп алу жолымен ашылады.

Құлыпты ашу мен құлыптың ішкі және сыртқы беттеріндегі іздердің қалдырылу тәсілдерін зерттеу арқылы қылмыскерлер жөнінде бірқатар қылмыскер құлыптың құрылысын жақсы білетіндігі, құлыпты ашуға байланысты тэжірибелік дағдылығының бар екендігі, құлыпты ашуға қолданған (кілт, жезбезекті кілт, басқа да) заттар жөніндегі мән-жайларды анықтауға болады.

 


Дата добавления: 2016-01-06; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!