ылыми жетекші: х.ғ.к., доцент м.а. Кудьярова Ж.Б.

РЫЛЫС НЫСАНЫНДАҒЫ ҚАУІП КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

Есенғазықызы Г.

ылыми жетекші: х.ғ.к., доцент м.а. Кудьярова Ж.Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы.

guldana_92kz@mail.ru

 

Елімізде құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Оған дәлел ретінде, “Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы”, “Жол картасы”, “Ғасыр жобасы” атанған “Батыс Еуропа –Батыс Қытай” жобалары құрылыс географиясын ұлғайта түсуде. Дегенмен, құрылыста жүріп құрбан болғандар саны күн санап артуда.

Қазіргі таңда “Жол картасының” дағдарыс кезінде елімізге айтарлықтай көмегі тигенін байқаймыз. “Жол картасы” бағдарламасы бойынша 2009-2010 жылдары, яғни бір жылдың ішінде Тұрғын–үй коммуналдық шаруашылық жүйесін реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, 4793 шақырым автожолдар, 3657 мектептер мен ауруханалар, сондай-ақ 368 мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.

Өкініштісі сол, ғимараттарды салу кезінде биіктіктен құлап немесе құрылыс материалдарының астында қалып ажал құшқан жандар көбейіп барады. 2010 жылы, жыл басынан бері 1200-ге жуық нысанның құрылысы аяқталып, мемлекетке сәтті тапсырылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға кем болғанымен, құрылыста қаза тапқандар саны кемімей тұр.

Осыған байланысты құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы ЖШС «КАСКОР-СМУ» құрылыс нысанында жүргізілді.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында таңдалған құрылыс нысанындағы қауіп көздерін анықтау ҚР «Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» заңына сәйкес жүргізілді. Онда нысанда 50 жұмысшы жұмыс істейтін болса, сәйкесінше оған 1 техникалық басшы болу керектігі көрсетілген. Ал зерттеулер жұмысы нәтижесінде, 400-ден астам жұмысшысы бар құрылыс нысанында 1 ғана техникалық басшы тағайындалғаны анықталды.

Құрылыс жұмыстарына биіктікте жүргізілетін жұмыс түрлері де тән. Биіктіктегі жұмыстар – биіктіктен немесе жердің, жұмыс төсемінің деңгейінен 1,3 м асатын тереңдікке құлау қаупі бар жұмыстар. Құрылыста жиі кездесетін қауіп түрі - жұмысшылардың биіктіктен құлауы. Бұл қауіп түрінің негізгі себептерінің бірі – жұмысшылардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы немесе қорғаныс құралдарының істен шығуы.

2013 жылғы жинақталған нәтижелер негізінде, құрылыс нысанында «Биіктікте жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік» (ҚР ҚН 1.03-11-2010) талаптарына орай, (Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға қатаң сәйкестікте пайдалану керек) жұмысшылардың жұмыс жасау кезінде өлім немесе аса ауыр жағдайлар кездеспегенімен, бірқатар тәртіп бұзушылықтар анықталды. Яғни, жұмысшылардың жұмыс уақытында қорғаныс каскасын кимеуі (5%), қорғаныс белдігін дұрыс бекітпеуі (4%) кездеседі.

Қорыта айтқанда, зерттеулер нәтижесі бойынша «КАСКОР-СМУ» құрылыс мекемесінде қауіпсіздік талаптарының толық орындамауы байқалды. Бұл өз кезегінде, құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін көрсетеді.

 

 

Регистрационная форма участника:

ФИО (полностью):__________ Есенғазықызы Гүлмаржан

Место учебы или работы:_ КазНУ им. аль-Фараби факультет химии и химической технологии

Должность (для студентов - курс), Учёная степень: __4 курс__________________

Контактные телефоны: __ _ ___ 87011089792________________________________

Адрес электронной почты (E.mail): __ guldana_92kz@mail..ru ______________

Почтовый адрес, по которому Вам можно выслать опубликованные материалы:

______________________________________________________________________

Секция конференции: ___ _______________________________________________

Устное сообщение или стендовый доклад: __Устное сообщение ______________

Технические средства, необходимые для демонстрации доклада: проектор, ноутбук __________

Научный руководитель: _к.х.н., и.о.доцента Кудьярова Ж.Б. _ ____

 

 


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!