Тесты для РК 1 для 4 курса ОМ



  1. Жаппай жинастыру неше рет жүргізілу керек?

А. Айына 1 рет

В. Айына 2 рет

С. Айына 3 рет

+D. Айына 4 рет

E. Ластануына қарай

2. Жоспарлы дезинфекцияны жүргізу үшін стационарды жылына неше рет жабылу керек?

А. жылына 1 рет

В. Жылына 3 рет

С. Квартал сайын

+D. Жылына 2 рет

E. Қажет болғанда

 

  1. Босанудан кейінгі кезеңде жатыр қайда орналасады?

+А. Кіндік деңгейінде

В. Қасағада үстінде

С. Кіндік пен қасаға арасында

D. Кіндіктен 2 см төмен

E. Қасағадан 2 см жоғары

 

  1. Неонатолог нәресте жағдайын бағалайды

+А. Алғашқы 30 минутта

В. Алғашқы 60 минутта

С. Алғашқы 100 минутта

D. Алғашқы 50 минутта

E. Алғашқы 40 минутта

 

4. Гонобленореяның екіншілік профилактикасын өткізеді

А. Нәресте жарақаты кезінде

В. Ұзақ сусыз кезеңде

С. Анасында хламидиялы және гонореялы инфекция кезінде

+D. Барлық нәрестелерде

E. Анасында ВИЧ-инфекция және СПИД болса

 

5. Босану палатасында ауа температурасы кем болмау керек

+А. + 26

В. +24

С. +25

D. +22

E. +23

 

6. Бөлімшеде кір ішкі киімді уақытша сақтау артық болмау қай уақыттан аспау керек?

А. 14 сағ

В. 24 сағ

С. 18 сағ

D. 16 сағ

+E. 12 сағ

 

 

8. Жіктеу бойынша параметрит қандай сатыға жатады?

А. Бірінші

+В. Екінші

С. Үшінші

D. Төртінші

E. Босанудан кейінгі септикалық аурулар қатарына жатпайды

 

9. 22 жастағы алғашқы босанушы, қағанақ суының кеткеніне 12 сағат және толғақ басталғанына 6 сағат болды. Ұрықтың жүрек соғысы ырғақты, анық, толғақтың күші жақсы, жатыр мойнының ашылуы 8-10 см. Ұрықтың болжам салмағы - 3600-3700,0. Дәрігердің іс әрекеті?

+А. Антибиотик тағайындау

В. Кесар тілігі операциясын жасау

С. Босану қызметін күшейту

D. Ұрықтың басының кіші жамбасқа кіре беріске қатынасын анықтау

E. Бақылауды жалғастыру

10. Қағанақ суының мезгілсіз кетуінің қаупі

+А. Хориоамниониттің дамуы

В. Босану қызметінің дискоординациясының дамуы

С. Босану жарақатының пайда болуы мүмкін

D. Қарқынды босану болуы мүмкін

E. Ұрықтың босану жолдарымен жылжуы қиындайды

 

11. Эндометрий босанудан кейін қандай уақытта қалыптасады?

А. 10-шы күні

B. 2 аптадан кейін

C. 3-4 аптадан кейін

+D. 6-8 аптада

E. 3 айдан кейін

 

12. Босанудан кейін нешінші тәуліктен бастап лохиялар серозды болады?

А. 3 тәуліктен

B. 4 тәуліктен

+C. 5 тәуліктен

D. 6 тәуліктен

E. 7 тәуліктен

 

13. Босанудан кейін 3 тәулікте 22 жастағы алғашқы рет босанған әйелде аралыққа салынған тігістер тұсында ауырсыну және қышу белгілері пайда болды. Жүктілік кезінде кандидозды кольпит, ұзақ босану, аралықтың I дәрежелі жыртылуы болған. Нәрестенің салмағы 3800,0. Дәрігердің тексеруінде аралықтың тігіс салынған жерінің ісінуі, тігістердің қиылып кетуі, іріңді бөліністер анықталды. Дәрігер қандай ем тағайындайды?

А. Жарақатты тазартып екіншілік тігіс салады

B. Антибиотик тағайындайды

C. Инфузиондық терапия, иммунокорректорлар тағайындайды

+D. Тігістерді алып тастап, іріңді жараны емдеу принциптерін қолданады

E. Құрамында антибиотиктер бар майларды қолданады

 

14. Қайталап босанушы 26 жаста, жамбас өлшемі орташа, жүктілік мерзіміне жеткен, босану қызметінен 3 сағаттан кейін, қағанақ суының кетуінен 12 сағаттан кейін келіп түсті. Қай бөлімшеге түсуі керек?

А. босанудан кейін

В. Күндізгі стационар

С. Гинекологиялық

D. Жүктілік патологиясы бөлімшесіне

+E. Босану бөлімшесіне

 

15. Қайталап босанушы 30 жаста, мерзіміне жеткен жүктілік диагнозымен түсті. Қалыпты орналасқан плацента мерзімінен бұрын ажыраған. Кесар тілігі операциясы арқылы босандыру көрсетілген. Қанша уақыттан кейін операция басталуы керек?

+А. Бірден

В. Бір сағаттан кейін

С. 15 минуттан кейін

D. 30 минуттан кейін

E. 2 сағаттан кейін

 

16. Шұғыл босану болды. Салмағы 3000,0, бойы 52 см. асфиксиясы жоқ ұл бала дүниеге келді. Қарағанда, везикулалар анықталды. Неонатологтың диагнозы: пиодермия. Енді нәресте қай жерде жатуы керек?

А. Балалар бөлімшесінде

В. Анасының қасында

С. Интенсивнті палатада

+D. Балалар ауруханасында

E. Үйге жіберіледі

 

17. Салмағы 3200,0, бойы 54 см. мерзіміне жеткен қыз бала дүниеге келді. Босану кезінде жатыр ішілік пневмония. Анасында созылмалы гениталды инфекция. Антенаталды кезеңде жұқпалы ауруға шалдығу жолы?

А. Лимфогенді

В. Аспирациялы

+С. Гематогенді

D. Хориалды ворсиналар арқылы

E. Плацентарлы

 

18. Салмағы 3200,0, бойы 54 см. мерзіміне жеткен қыз бала дүниеге келді. Босану кезінде жатыр ішілік пневмония. Анасында кольпит. Интранаталды кезеңде жұқпалы ауруға шалдығу жолы?

А. Лимфогенді

В. Гематогенді

+С. Аспирациялы

D. Кіндік қанатшасы арқылы

E. Плацентарлы

 

19. Нәрестеге 3 тәулік. Жүктілік пен босану асқынусыз өтті. Қарау кезінде іріңді омфалит анықталды. Жұқпалы ауру ошақтары:

А. Ана

+В. Қол жуу техникасын сақтамау

С. Ана сүті

D. Қосымша тамақ

E. Күнделікті заттар

 

20 Нәрестеге 3 тәулік. Ана және бала режимінде. Анасында іріңді кольпит. Жүктілік пен босану асқынусыз өтті. Педиатр қарағанда, іріңді конъюктив анықталды. Жұқпалы ауру ошағы:

+А. Ана

В. Қол жуу техникасын сақтамау

С. Ана сүті

D. Қосымша тамақ

E. Күнделікті заттар

 

21. Жүкті әйел А., 26 жаста, 8 апта жүктілік мерзімінде үнемі әйелдерге кеңес беру бақыланады. Жүктілік қалыпты өтіп жаты. Жүктіліктің жүкті әйелдің қандай клиникалық-зертханалық көрсеткіштерін анықтау керек?

А. Жалпы қан анализі, несеп анализі, ВИЧ қан тапсыру, RW, терапевттің кеңес беруі

В. Жалпы қан анализі, несеп анализі, ВИЧ қан тапсыру, RW, ұрықты УД зерттеу

С. ВИЧ қан тапсыру, RW, ұрықты УД зерттеу, терапевттің кеңес беруі

+D. ВИЧ қан тапсыру, RW, қынаптан жұғын алу, терапевттің кеңес беруі

E. Жалпы қан анализі, несеп анализі, терапевттің кеңес беруі

 

22. Босанудан кейінгі кезеңді жүргізудің негізгі принциптеріне жатады:

А. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді бақылау, жатыр массажы.

В. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді бақылау, Абуладзе әдісі

+С. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу

D. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді, зәр шығаруды бақылау

E. Босанушының жалпы жағдайын бақылау, қуықты босату, жыныс жолдарынан бөліністерді бақылау, кіндігінен тарту.

 

23. Босандырудың негізгі сапалы көрсеткіштеріне жатады:

А. Халықтың табиғи көбеюі

В. Перинаталдық өлім, неонаталдық өлім

+С. Ана өлімі, перинаталдық өлім

D. Нәресте ауруы, перинаталды өлім

E. Фертильдік көрсеткіші, перинаталдық өлім

 

24. Анатомиялық тар жамбас,қалыпты жамбасқа қарағанда

А. барлық өлшемдері 0,5-1 см кішірейген

В. Ең болмаса бір өлшемі 0,5-1 см кішірейген

С. Барлық өлшемдері 1,5-2 см кішірейген

D. Ең болмаса бір өлшемі 1,5-2 см кішірейген

+Е. 1см немесе оданда көп

25. Жамбастың сыртқы коньюгатасы __ см кіші болса, жамбас анатомиялық тар болып саналады:

А. 20 см

В. 19,5 см

С. 19 см

D. 18,5 см

+Е. 18 см

26. Жамбастың негізгі коньюгатасы __ см кіші болса, жамбас анатомиялық тар болып саналады:

А. 12 см

В. 11,5 см

+С. 11 см

D. 10,5 см

Е. 10 см

27. Көлденең тар жамбас болып саналады, егер кіреберіс жазықтығының көлденең өлшемі:

А.13,5-13 см дейін

В.13-12,5 см дейін

С.12,5-12 см дейін

+D.12-11,5 см дейін

Е.11,5-11 см дейін

28. Анатомиялық тар жамбастың кездесу жиілігі:

А.10-8%

В.7-6%

С.5-4%

+D.3-2%

Е.2% кіші

29. Көлденең тар жамбас кезінде босану биомеханизмнің ерекшелігіне мынадан басқасының бәрі жатады:

А.ұрықтын басы қиғаш асинклитикалық орналасуы.

В.ұрықтын басы жоғары тіке орналасуы.

С.ұрықтын басы ішкі бұрылыс жасамай-ақ кіші жамбас жазықтықтарынан өтуі.

D. Сегізкөздің қалыңдауы.

+Е.еркеке тән жамбас.

30.Келесі өлшемдер:D.sp-24 см,D.cr-27 см, D.tr-30 см, C.ext-18 см қай жамбасқа сай келеді:

А.жалпақ рахиттік.

+В.жай жалпақ.

С.көлденең тарылған.

D,қиғаш.

Е.жалпы бірқалыпты тарылған.

31. Келесі өлшемдер: D.sp-26 см,D.cr-27 см, D.tr-31 см, C.ext-17,5 см қай жамбасқа сай келеді:

+А.Жалпақ рахиттік.

В.Жай жалпақ.

С.Көлденең тарылған.

D.Қиғаш.

Е.Жалпы бірқалыпты тарылған.

32. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбасқа сәйкес:

А.Кіші жамбастын кіреберіс жазықтықтың тік өлшемінің тарылуы.

+В.Кіші жамбастын бүкіл өлшемдердің бірдей тарылуы.

С.Сегізкөздің ұзаруы.

D.Көлденең өлшемдердің тарылуы.

Е.Сегізкөздің шат симфизіне жақын орналасуы.

33. Бел-сегізкөз ромбының жоғарғы ұшбұрышның тығыз дамуы анатомиялық тар жамбастың қай түріне сәйкес келеді:

А. көлденең тарылған.

В.жай жалпақ.

+С.жалпақ рахиттік

D.жалпы бірқалыпты тарылған.

Е.қиғаш аралас.

 

34. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізудің мәні неде?


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 16; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!