ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық іс



Фармацевтикалық қызмет өз бастауын ХІХ ғасырдың ортасынан алады. Қазақстанның Ресейге толығымен қосылуының соңына таман (1847 жылы соңғы болып Ұлы жүз қосылды) патша үкіметінің саясаты орыстың кедей шаруаларын қазақ даласына қоныстандыру, зауоттар салу, пайдалы қазбалардың орнын іздестіру болды. Бұл тұрғындар санын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, саяси жер аударылғандар санының артуына (соның ішінде медицина қызметкерлерінің), қоғамдық өмірдің жоғарлауына әсерін тигізді. Қазақ және орыс тұрғындарының тұрмыс жағдайларының төмендеуі салдарынан олардың даладан қалаға қоныс аударулары (миграция) жиіледі. Медицина мен дәріханалық істі дамытудың зор қажеттілігі туындады.

Азаматтық дәріханалар пайда болғанға дейін жақын елдерден әкелінетін дәрілік заттарды сатып алу және сатумен садагерлер айналысты. Бұл сауданың теріс жақтары, ол дәрілерді медициналық білімі жоқ адамдардың сатуы мен олардың күшті әсері бар және улы дәрілерді сатуда пайдасын ғана ойлайтындықтары болды. Қазақ халқы емдеу ісінде тамыры тереңде жатқан халықтық медицинаның бай тәжірибесіне сүйенді.

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының соңына қарай Ресейлік ғылым Академиясы Қазақстан аймағындағы өсімдік әлемін зерттеуді қолға алды. Қазақстандық өсімдіктер әлемін зерттеуге Г.С.Карелин зор үлес қосты. 1840-1845 жылдар аралығында Қазақстан аймағы мен Алтайда ол 90000-нан астам өсімдік түрлерін жинады (оның 400-ден астамы емдік өсімдіктер), олардың біразы осы күнге дейін Мәскеу мен Ленинград университеттерінің қорында сақталып келеді.

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Ташкент қаласының әскери азаретінің дәріханасында қызмет атқарған фармацевт Р.Пальм қазақтар қолданылатын 200-ден астам дәрілік өсімдіктерді сипаттаған.

Азаматтық тұрғындарға ақылы дәрі босататын алғашқы дәріханалар 1836 жылы Оралда ашылды. Ол ұзақ уақыт бойы Қазақстандағы жалғыз дәріхана болды (тарихшы В.Л.Инночкиннің айтуы бойынша алғашқы дәріхана 1833 жылы Ордада, Бөкей ханның әкімшілік орталығында Жәңгірдің ықпалымен ашылған делінген).

Алғашқы қазақ-фельдшерлерге арналған арнайы «Қырғыз ауыдарының медициналық және мал дәрігерлік фельдшерлері туралы» ережесі енгізіліп, оның бір тармағында – «емдік шөптерді жинап, олардан қор жасалсын» делінген. Бұл ереженің арнайы бір бабында «қырғыздар (қазақтар) қолданатын жергіікті едік заттар туралы ақпарат жинап, сол ақпараттарды уездік дәрігерге тапсырып отыру керек» делінген.

Дәрі-дәрмектерді жұмысбасты дәрігерлер мен фельдшерлер таратты. Тегін дәрілік заттар байырғы тұрғындар мен қоныстанушыларға жылына 150-200 сом көлемінде босатылды, сондықтан да, дәрігерлер көбіне жергілікті емдік шөптерді пайдаланды. Әскери госпитальдер орналасқан жерлерде тұрғындар дәрі-дәрмекті лазарет дәріханаларынан алды, ал уездерде тұрғындарға дәрілік көмекті қабылдау бөлімдері көрсетті. Халықтың дәрі-дәрмекке қажеттілігі өте жоғары болды, бұны сол жылдардағы есеп беру құжаттарынан көруге болады.

Кейіннен ақылы дәрі босататын дәріханалар Семейде, Петропавлда ашылды, ал 1875 жылы оның саны 6-ға жетті. Жеке меншік дәріханаларға қажетті көңіл бөлінбеді. Олар дұрыс жабдықталмады.

80-ші жылдардың соңына қарай Қазақстанда небары 3 фармацевт қызмет атқарды, қалған дәріханаларда дәрігерлер мен кәсіпкерлер жұмыс атқарды.

Алғашқы провизор болған қазақ-дәрігерлерінің бірі- Әміре Дурмухамбетович Айтбакин. \

Орталық Қазақстанда медициналық көмекті құрамында - дәрігер, фельдшер, акушер бар бір дәрігерлік бөлімше көрсетті. 1880 жылы болыстық фельдшер қызметі пайда болғанда, халыққа медициналық көмекті Омск училищесін бітірген фельдшерлер көрсетті. Олар Омскідегі фельдшерлік мектепті үзік аяқтаған Баже Мыгнатов, Хасен Бижанов, Қандыбек Бердібеков, Татыбек Шыңғысов, Айбас Байтабановтар болды. Олар жұмысқа фельдшерлік құралдарымен аттанды. Дәрі-дәрмектер, хирургиялық құрал-саймандар, таңу материалдары, дәріханалық ыдыстар алу үшін оларға жылына 20 сом бөлініп тұрды. Бұл қаражат өте аз болғандықтан, олар көбіне өз қаражаттарын жұмсайтын еді.

Бүгінгі Қарағанды облысының аймағындағы бірінші дәрігерлердің бірі Жаңабай Ниязбеков болды, ол 1900 жылы Омскідегі медициналық институтты аяқтаған. Ол өте сезімтал, қайырымды болды. Өз қаражатына дәрі-дәрмектер алып мұқтаж жандарға таратып отырған.

1900 жылға қарай Қазақстандағы дәріханалар саны 18-ге жетті. Тұрғындар саны 4472 мыңға артып, бір дәріханаға 249 мың адамнан келді.

 

 


 

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!