Химия мен фармацияның дамуындағы ғалмдардың үлесі



 

Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)– Еуропаның ұлы фармацевті, флогистон теориясын жақтаушыардың бірі. Ол Швецияда Штральзунд қаласында,

Шееле 1777 жылы Чепингте дәріхана сатып алып, ғылыми зерттеуерін жалғастыра берді. Оның өте таңқаларлық ғылыми сезімталдығы болды, бұл оған көптеген ашылымдар жсауына ықпал етті. Шарап сақтайтын бөшкелердің қабырғаларында пайда болатын қалың қызыл қабыршақтар-шарап тастар оның назарын аударды. Ол мұны зерттей бастады, егер оны күкірт қышқылымен қыздырса еритінін, ал суытқанда әдемі мөлдір кристалдар пайда болатынын аңғарған. Олардың дәмі қышқыл, суға салса еритін болған. Бұл органикалық қышқылдардың алғашқысы – шарап қышқылы болды.

Өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, жемістерінен шырын алып, оны зерттей келе, оларда жаңа заттың бар екендігіне, оларды кристалл түрінде алуға болатындығына, олардың қышқыл дәмі бар екендігіне көз жеткізді. Ол оларды әкпен әрекеттестіріп, одан кейін минералды қышқылдармен ерітіп, қымыздық (1776), сүт (1780), сияжаңғақты (немесе галлдық) (1786) және зәр (1786) қышқылдарын алды.

Бірде өзіне қажетті жақпа дайындау үшін зәйтүн майын қорғасын қышқылымен қыздыра отырып, дайын жақпа майдың дәмі тәттірек болып шыққанын байқады. Шееле глет пен майдың (кейіннен басқа да майларды) жаңа мөлшерлерін алса да, қайтадан сарғыш түсті сұйықтық алды. Ол тәтті болатын, бірақ қантқа ұқсамайтын. Бұл сұйықтыққа ол «тәтті май» деген атау берді. Кейінен «глицерин» деп атады. Глицерин суда қант сияқты ерісе де, тіпті өте жоғары температурада қыздырғанда да күймеген, тіпті керсінше, бөлшекті түрде ыдыраған. Шееле глицеринді қантқа айналдыруға болады деп ойлаған, бірақ затқа азот қышқылының әсерінен тек қымыздық қышқылын алды. Шарапты глицериннің көмегімен тәтті ете түсу Шееленнің құрметіне шеелезирлеу деп аталып кеткен. Бірақ Шееле де, оның замандастары да глицериннің ашылу мағынасын, майлардың құрамын анықтаудың аса қажеттілігін түсінбеді. 1811 жылы М.Э.Шевлер ашқан жаңалықтар майдың құрамы мен сабынның пайда болу сұрақтарына анықтаулар енгізді.

Ол оттегін алған бірінші ғалым боды.

Шееленің өсімдік шырындары мен басқа да заттарды зерттеуі (органикалық қышқылдарды алуы) фитохимияның дамуына жол ашса, жабық ыдыстарда дәрілерді жасау (дәрілердің сыртқы ортамен қатынасын болдырмау үшін) әдісін ашу арқылы, асептикалық жағдайда дәрілік қалыптарды дайындауды көрсеткен.

.

М.В.Ломоносов (1711-1765)- ұлы орыс ғалымы,

Фредерик Вильгельм Сертюрнер (1783-1841)- француз фармацевті, ол білімді Падеборн қаласындағы дәріханада алған (1799-1806 жж.). 1805-1806 жылдары ол «principum somniferum» - апиынның құрамындағы субстанцияны ашты. Ол туралы бірінші хабарламаны Тромсдорфтың «Journal der Pharmazie» атты журналында «Тұз қалыптастыратын қасиеті бар жаңа негізді морфин және меконды қышқыл туралы, апиынның құрамдас бөлігі ретінде» деген атпен жазды. Сертюрнер морфиннің сілтілік қасиетін және оның апиынның әсер еткіш бастамасы екенін дәлелдеді. Апиынның химиялық құрамы тақырыбында «Апиын және оның кристаллды субстанциялары» атты келесі жұмысы 1811 жылы шықты.

Атақты ғалымның ғылыми қызығушылығының кеңдігінен, хинн қабығы мен жануарлар көмірінің алколоидтарын танудан басқа, ол артиллерия оқ-дәрісін жетілдіріп, тіпті карабиннің жақсартылған түрін құрастырып шығарған. Сертюрнердің Эйнбекте, содан кейін Гаммелнде дәріханалары болды. 1817 жылы ғалым Иендегі Иоганн Вольфганг Гете басқарған Минералогиялық қоғамның құрметті мүшесі болды. Осыдан кейін көп ұзамай Иен университеті оған философия докторы атағын берді.

Екінші маңызды алкалоид хинин болды. Еуропада хинн қабығы безгекті емдеу үшін, алғаш рет 1639 жылы қолданылды. Әсері өте таң қаларлық болды.

Хинн қабығын зерттей отырып, шәкірт Лавуазье Арманд Сеген (1767-1835) қосынды дәріні бөліп алды. 1790 жылы неміс химигі Ф.Гофман хинн қышқылын бөліп алды. 1792 жылы Фуркруа хинн ағашының қабығынан шайырлы затты бөліп алды. 1811 жылы Лиссабондық дәрігер Х.Гомец хинн қабығынан кристаллды затты бөліп алып, оны цинхонин деп атады. Бірақ Францияның атақты ғалымдары Пелетье мен Кавенту 1820 жылы Гомецтің алған заты екі байланыстың қоспасы екенін дәлелдеді. Оның бірін олар «хинин», ал екіншісін «цинхонин» деп атады. Осы ашылымдары үшін ұрпақтары 1900 жылы Парижде Пелетье мен Кавентуген арнап ескерткіш орнатты.

Пьер Жозеф Пелетье (1788-1842)- фармацевт, Париж ғылым академиясының мүшесі

Фармацевт Кавенту екуінің достығы, екуінің де фитохимияға деген қызығушылықтары оларға өсімдіктерден көптеген заттарды бөліп алуға мүмкіндік берді.

Джозеф Бениамин Кавенту (1795-1877) – әскери фармацевтің ұлы, дәріханада жұмыс істей жүріп 1815 жылы Жоғары фармацевтикалық мектепті аяқтады. Әулие Антоний госпиталінің зертханасында тәжірибеден өткеннен кейін, 1826-1859 жылдары Париждегі Жоғары фармацевтикалық мектепте сабақ берді. П.Ж.Пелетьемен бірге атқарған ғылыми қызметі көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндіктер берді.

Сертюрнер, Пелетье мен Кавентудің отандасы химик-органик, Париж ғылым Академиясының мүшесі Пьер Жан Робике (1780-1840). Ол аспарагинді ашқан (Воколенмен бірге 1806 жылы), 1821 жылы кофеинді ашты. Пелетье мен Кавенту бір мезгілде наркотин (1817) мен кодеинді (1832) апиыннан бөліп алды. 1826 және 1827 жылдары Ж.Коленмен бірлесе отырып, алғаш рет мареннен бояғыш заттар – ализарин мен пурпуринді бөліп шығарды.

Н.Н.Зининнің білімінің әрқырлылығы бәрін таңдандырған Химия, минералогия, ботаника, геология, астрономия, физиология, қайсысын алсаң да ол өзін «өз үйіндегідей» сезінетін

Хош иісті нитробірігулер аумағындағы экспериментальді зерттеулері, оны амин және басқа хош иісті қосылыстарды алу әдісін ашуға әкелді. Бұл қосылыс- анилинді бөлу өндірісінің негізі. Анилин фенацетин, парацетамол, стрептоцид, норсульфазол, фталазол, этазол, уросульфан, карбазол, ацетанилид т.б. алудағы бастапқы өнім болды. 1852 жылы ол изотиоциан қышқылынан – «ұшқыш қыша майы» аллилді эфирді алған. Ғалымның органикалық химиядағы жұмыстары синтетикалық химияның дамуында, жаңа фармацевтикалық прператтардың синтезінде жаңа бет ашты

Қорыта келгенде, ХIХ ғасырда табиғи қосылыстардың негізгі топтарының: алкалоидтар, гликозидтер, флавоноидтар, дәрумендер т.б. жүйелі зерттелуі басталды. 1972 жылы әлем әдебиетінде 4805 алкалоидтар, жүректі гликозидтері бар 45 ботаникалық тектер тіркелді, медицинада дәрумендердің, липидтердің, терпеноидтардың, фенолды байланыстардың, көмірсулардың препараттары пайдаланылды. Бұл жетістіктер Швейцария фармациясының профессоры Александру Чирхке (1856-1939) фармацияда өсімдіктерді пайдалану ғылымы, фармакогнозияның негізін салуға мүмкіндік берді. 30 шетелдік ғылыми қоғамдарының мүшесі А.Чирх ашқан «фармакогнозия» ғылымы (терминді 1815 жылы К.Зайдлер енгізген), қазіргі уақытта бес үлкен фармацевтік пәндердің бірі болып табылады.

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!