Дәрігерлік қате және дәрігерлік мамандықтың қауіп-қатері



Дәрігерлік қате ретінде, әдетте, салдыр-салақтық, немқұрайдылық және кәсіби көрсоқырлық пен сауатсыздық элементтерінсіз адал дәрігердің абайсыз адасуы мен қателесіп кетуінің зардаптарын түсінуге болады. Дәрігерлік қателіктерге, әдетте, көп қырлы себептермен жол беріледі. Дәрігерлік қателіктердің көбі білім деңгейінің жеткіліксіздігімен және тәжірибенің аздығымен байланысты, кейбір қателіктер зерттеу әдістері мен құрылғыларының жетіспеуінен, жетілдірілмеуінен, белгілі бір науқаста аурудың әдеттен тыс көрініс беруінен және басқа да себептерден болады. Ятрогенді аурулар жағдайларын қоса, қателіктерді болдырмау үшін осындай жағдайларды тұрақты талдау, әртүрлі жиналыстарда, мәжілістерде және т.б. ашық талқыға салу қажет. Қатенің себебін табу және әріқарай оған жол бермес үшін барлық шараны қабылдау керек. Қатені мойындау адалдықты, жеке батылдықты талап етеді. ХІІІ ғасырда жасаған француз хирургі Ж.Л.Пти «Қателіктер оларды көпшілікке жария етуге сенің ерлігің жетсе ғана тек қана қателіктер болып саналады, ал егер сенің тәкаппар көкірегің оларды жасырып-жабулауға итермелесе, олар қылмысқа айналады» деп жазған.

Міне, медициналық оқу орындарында мамандар даярлау барысында тура осы адалдық, шындық сапалары қалыптасуы тиіс.

Дәрігерлік қателіктер арасынан мыналарды бөліп атауға болады:

- талапқа сай көмек көрсетуге жағдайлар болмауы (дәрігер кәсібіне сәйкес емес жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр);

- емдеу-профилактикалық мекемесінің материалдық-техникалық жағынан нашар жабдықталуы т.б.;

- медициналық әдістер мен білімнің жетілдірілмеуі (медицина ғылымында ауру толық зерттелмеген, қате белгілі бір дәрігердің емес, тұтастай медицина білімінің жеткіліксіздігі салдарынан болады);

- өз әрекеттеріндегі енжарлық элементтерінсіз дәрігердің кәсіптік шеберлік деңгей жеткіліксіздігі (дәрігер қолынан келгенінің бәрін жасауға тырысты, бірақ оның білімі мен білігі дұрыс әрекеттер жасауға жеткіліксіз болып шықты).

Науқас үшін теріс зардаптарға мыналар әкеп соқтыруы мүмкін:

- емделуші ағзасының жеке ерекшеліктерінің аса айрықша болуы;

- науқастың өзінің, оның туысқандары мен басқа тұлғалардың талапқа сай емес әрекеттері (медициналық жәрдемге кеш жүгіну, ауруханаға жатудан бас тарту, емдеу режимін бұзу, емделуден бас тарту және т.б.);

- медицина қызметкерінің психофизиологиялық жай-күйінің ерекшеліктері (өзінің сырқат болуы, қатты қажудың шегіне жеткен дәрежесі және т.б.).

Бақытсыз жағдай – дәрігерлік араласудың жайсыз аяқталуы. Мұндай оқыс нәтижеге өз заңды себебінше орын алатын кездейсоқ жағдайлар салдарынан (дәрігер дұрыс және медициналық ережелер мен стандарттарға толық сәйкестікпен әрекет етсе де) алдын ала болжау да, оларға жол бермеу де мүмкін болмай қалады. Кәсіби құқық бұзушылықтар (қылмыстар) – емделушінің өмірі мен денсаулығына зиянын тигізген медициналық қызметкердің немқұрайдылық немесе әдейі көзделген әрекеттері.

Кәсіби құқық бұзушылықтар медициналық қызметкердің жауапкершілігінің аздығынан; дәрігерлік іспен заңсыз айналысудан, соның ішінде емдеу әдістерін сәйкессіз қолданудан, дәрігер сертификат алмаған мамандық бойынша дәрігерлік іспен айналысудан; кәсіби міндеттемелеріне немқұрайды қараудан (немқұрайдылық – өзінің кәсіби, қызметтік міндеттемелерін орындамау немесе оларды қалай-солай орындау) туындайды. Кәсіби құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда медиицина қызметкерлері әкімшіліктік, тәртіптік, қылмыстық және азаматтық (мүліктік) жауапкершілікке тартылады.

Емделушінің мүддесіне қатысты ең қауіпті қылмыстар:

- тұлғаның өз кәсіби міндеттемелерін талапқа сай емес атқаруы салдарынан абайсыздықта емделушіні өлімге душар ету;

- тұлғаның өз кәсіби міндеттемелерін талапқа сай емес атқаруы салдарынан абайсыздықта ауыр немесе орташа ауырлықта емделуші денсаулығына зиян келтіру;

- адамның ағза мүшелерін немесе тіндерін трансплантацияға алуға мәжбүрлеу;

- тұлғаның өз кәсіби міндеттемелерін талапқа сай емес атқаруы салдарынан емделушінің АИТВ жұқпасын жұқтыруы;

- заңсыз жасанды түсік жасау;

- науқасқа жәрдем көрсетпеу;

- психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру;

- өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жеке өмірге қол сұқпау қағидасына нұқсан келтіру;

- есірткілік дәрілер немесе психотропты заттар алуға құқық беретін рецептілер мен басқа да құжаттарды заңсыз беру немесе жалған жасату;

- жеке медициналық тәжірибемен немесе жеке фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу;

- пара алу;

- қызметте аяқтан шалу.

Моральдық зиянның өтелуі. Моральдық зиян теріс, қате емдемен немесе дұрыс емес диагностикамен байланысты физикалық немесе адами негізде зардап шегу түрінде көріністеледі. Көбінесе адами негізде зардап шегуге дәрігерлік құпияның жария болуы алып келеді. Моральдық зиян өтелуі тиіс. Моральдық зиянның анық өлшемдері жоқ болғандықтан, оның дәрежесін талап етуші мен жауап берушінің тұжырымдарына сүйене отырып, сот белгілейді.

 

Дәріс


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!