Дәрігерлік жауапкершілік



1. Биомедициналық зерттеулер жүргізуді, соның ішінде жаңа дәрілік заттарды, биологиялықбелсенді қоспаларды тексеру тәсілдерін және емдеу әдістерін сынақтан өткізуді бастар алдында дәрігер медициналық мақсаттары мен этикалық қырлары, тәжірибе барысы, болжамды асқынулар нақты көрсетілуі тиісті көзделген зерттеу жоспарының (хаттамасының) бекітілуімен мекеменің этикалық комитетінің (комиссиясының) келісімін алуы тиіс.

2. Сынаққа алынған науқас емдеу мақсаттарымен, әдістерімен, әлеуетті пайдасымен және болжамды қатерімен танысқаннан кейін зерттеуге қатысуға өз қалауын айқын білдірген жазбаша келісімін беруі тиіс, өз қалауы бойынша емделушінің зерттеуді кез келген сатысында тоқтатуына немесе одан шығып кетуіне еш кедергі болмайды.

3. Зерттеуге қатысуға саналы түрде келісім беруге қабілетсіз емделушілерге қатысты, келісім олардың ата-анасына немесе басқа заңды өкілінен – заң жүзінде жауапкер тұлғадан жазбаша түрде алынуы тиіс. Осындай зерттеулерді зерттеуге алынған тұлғаның өмірін құтқару, денсаулығын қалыпқа келтіру немесе сақтау мүддесінде, оған зиян тигізбейтін, денсаулығын және бұрынғы ауруының ағымын нашарлатып алмайтын болса ғана жүргізуге болады.

Дәрігерлер адамдарға биомедициналық зерттеулерді мынадай жағдайларда жүргізе алады:

- егер олар тәжірибеге қатысқан емделушілердің саулығын жақсартуға қызмет етсе;

- егер олар медицина ғылымы мен тәжірибесіне елеулі үлес қосатын болса;

- егер алдыңғы зерттеу нәтижелерінде және ғылыми әдебиет деректерінде асқынулардың даму қаупі айғақталмаса.

4. Адамдарға биомедициналық зерттеулерді құзырлы мамандардың қадағалауымен ғылыми салада біліктенген зерттеуші-дәрігерлер жүргізуі тиіс. Зерттеушілер сыналушының өмірі мен денсаулығына қауіпті белгілер білінген жағдайларда сынақты тоқтатуға міндетті. Жүкті әйелдерге, ұрықтарға және жаңа туған нәрестелерге сынақтар өткізуге тыйым салынады.

5. Сынақ өткізушілер сыналушылардың денсаулығына әдейі көзделмеген зиян келтірілген жағдайға өз жауапкершілігін сақтандырып қоюға міндетті.

6. Жануарларға жүргізілетін зерттеулерде зерттеуші-дәрігер гумандық қағидаларды қадағалап, мүмкіндігінше, олардың қиналысын жеңілдетуі, тәжірибеге алынатын жануарлар санын барынша мүмкін болатын дәрежеге дейін қысқартуға ниеттенуі тиіс.

7. Өзінің зерттеу нәтижелері туралы дәрігер жаңалыққа, өнертапқыштыққа және т.б. авторлық құқық рәсімделген соң өзіне қолжетімді кәсіби ақпарат құралдары арқылы өз әріптестерін хабардар етуі тиіс.

8. Дәрігерлер, әсіресе, ғылыми ұжымдардың басшылары, ғылыми жарияланымдарда авторлық құқықтарын қатаң қадағалауы тиіс, Жеткілікті негіздемелерсіз өзін авторлық ұжымға қосу немесе зерттеулерге белсенді қатысқан тұлғалардың аты-жөнін көрсетпеу кәсіби этика қағидаларын бұзу болып табылады.

 

 

Дәріс


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!