Дәрігерлер мәмілесі



1. Бүкіл өмір бойына дәрігер өзін дәрігерлік өнерге үйреткен, баулыған тұлғаға – ұстазына, тәлімгеріне деген құрмет пен алғыс сезімін сақтап өтуге міндетті.

2. Дәрігер медициналық қауымдастықтың ар-оданын және ізгі дәстүрлерін қорғауға міндетті. Дәрігерлер бір-біріне құрметпен және сыйластықпен, тілеулестікпен қарауы тиіс.

3. Дәрігердің басқа бір дәрігердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында жариялы күмән білдіруге немесе қандай да бір өзгеше сипатта оны кемсітуге құқығы жоқ. Әріптесінің атына айтылатын кәсіптік ескертулер дәлелді-дәйекті болып, ар-ұятына кір келтірмейтін сипатта, бұл жөнінде медициналық қауымдастық хабардар болмас бұрын немесе мәселені этикалық комитет (комиссия) талқысына ұсынар алдында, дұрысы, жеке әңгімелесуде айтылуы тиіс. Медициналық қауымдастық дәрігерге оның кәсіби беделінің қалыпқа келуіне жәрдем көрсетуге міндетті.

4. Клиникалық тұрғыдағы қиын жағдайларда тәжірибелі дәрігерлер тәжірибесі аз әріптестеріне әдепті түрде кеңес беруі және көмек көрсетуі тиіс. Бірақ емдеу үдерісіне толық жауапкершілік түгелдей емдеуші дәрігерге жүктеледі, бұл орайда ол тек қана науқастың мүдделерін нысанаға ала отырып, әріптестерінің нұсқауларын қабылдауға немесе олардан бас тартуға құқылы.

5. Ғылыми және емдеу мекемелерінің басшы-дәрігерлері өз құзырындағы әріптестерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қамқорлық көрсетуге міндетті.

6. Дәрігерлер мекеменің басқа медициналық және қосалқы қызметкерлер құрамына құрметпен қарап, оның біліктілігін арттыруды үнемі қамқорлауға міндетті.

 

 

Дәріс


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!