Дәрігер мен емделуші



1. Дәрігер емделушілерге көрсетілетін медициналық көмек сапасына жауап береді. Өз жұмысында ол, біздің мысалымызда, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, дәрігерлік тәжірибеге арналған қолданымдағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуға міндетті, бірақ осы нұсқаулардың аясында, әрбір нақты жағдайда ең тиімді болып саналатын профилактика (алдын алу), диагностикалау және емдеу әдістерін сырқат түрінің ерекшеліктерін ескеріп, науқастың мүдделерін нысанаға ала отырып таңдауға міндетті. Қажет болған жағдайда, дәрігер өз әріптестерінің көмегін де пайдалануға міндетті.

2. Дәрігер емделушіні қатерлі тәуекелге баруға міндеттемеуі, оның үстіне өз білімін гумандық емес мақсаттарға пайдаланбауы тиіс. Кез келген емдеу әдісін таңдағанда, бәрінен бұрын, дәрігер «Nonnocere!» өсиетін жетекшілікке алуы тиіс.

3. Науқастың жай-күйін ушықтырмайтын шаралар қабылдауға міндетті кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, егер өзі мен емделушінің арасында қажетті өзара сенімнің жоқ екеніне көз жеткізген болса, егер өз біліктілігінің жеткіліксіз екенін сезінсе немесе ем жүргізуге қажетті мүмкіндіктері болмаса, дәрігердің науқасты емдеуден бас тартуға құқығы бар. Осы және осыған ұқсас жағдайларда дәрігер бұл жөнінде тиісті денсаулық сақтау органын хабарландырып, науқасты білікті маманға жолдау үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.

4. Дәрігер емделушінің дәрігерді таңдау құқығын құрметтеуі және емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу шешімін қабылдауға қатысуы тиіс. Емделушінің емделуге ерікті түрдегі келісімін дәрігер, әдетте, науқаспен жеке әңгімелескенде алады. Бұл келісім саналы түрде болуы тиіс, науқас емдеу әдістері, оларды қолданудың зардаптары, атап айтқанда, асқынулар болу мүмкіндігі, басқа да баламалы емдеу әдістері туралы шұғыл хабарланған болуы тиіс. Емделушінің өмірі мен денсаулығына қатер төнген және ол жағдайды жан-жақты бағалауға қабілетсіз жағдайларда ғана емдеу-диагностикалық шараларын емделушінің келісімінсіз жүргізуге рұқсат етіледі. Ондай жағдайларда шешімді алқалы мәжілісте көп болып қабылдаған дұрыс. Психикалық аурулардан зардап шегетін тұлғаларды емдегенде дәрігер психикалық көмек және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктерге қатысты заңнаманы басшылыққа алуы тиіс. Баланы емдегенде дәрігер оның ата-анасы мен қамқоршыларына толық ақпарат беруге, емдеу әдісінің немесе дәрілік заттың қандай да бір түрлерін қолдану үшін олардың келісімін алуға міндетті.

5. Дәрігер емделушінің жеке басын және ар-ожданын құрметтеп, оған ізгілікті қарым-қатынас жасауы, оның жеке құпия сақтау құқығын сыйлауы, туған-туыстары мен жақын-жарандарының науқастың хал-ахуалына алаңдаушылық білдіруін, уайым шегуін түсіністікпен қабылдауы тиіс, бірақ сонымен қатар, ол емделушінің жеке басының және оның отбасы мүшелерінің істеріне жеткілікті кәсіби себептерсіз араласпауы тиіс.

6. Егер емделуші өз келісімін саналы түрде білдіруге қабілетсіз болса, оны өзінің заңды өкілі немесе науқасты тұрақты қамқорлайтын тұлға білдіруі тиіс.

7. Емделуші өз денсаулық ахуалына қатысты ақпаратты түгел білуге құқылы, бірақ ол одан бас тарта алады, әрі өзінің денсаулық жағдайы жөнінде хабарлауға болатын тұлғаны атап көрсетуіне болады. Егер ауруына қатысты мәселелер науқасқа жайсыз әсер етіп, тіпті зиянын тигізуі мүмкін деп жорамалдауға бұлтартпас негіздер бар болған жағдайларда ақпаратты емделушіден жасыруға болады. Алайда, науқастың нақты да тура талап етуі бойынша дәрігер оған толық ақпарат беріп отыруға міндетті. Науқас үшін қолайсыз болжам жасалатын жағдайда бұл жайында өте абайлап және баппен, байыппен хабарландырып, оның өмірін ұзартуға және емді жақсы нәтижемен аяқтауға мүмкіндік барына деген үмітін өшірмеу қажет.

8. Емделушінің қалауы бойынша, дәрігер оның өзінен басқа да дәрігерден кеңес алу құқығын жүзеге асыруына кедергі болмауы тиіс.

9. Дәрігер науқаспен сұхбаттасқанда өзін-өзі жарнамалауға жол беруге болмайды.

10. Емдеу үдерісінде қателік жіберілген немесе алдын ала көзделмеген асқынулар дамыған жағдайда дәрігер бұл жөнінде науқасты, қажет болған жағдайларда денсаулық сақтау органын, аға әріптесін, емдеу мекемесінің басшылығын хабарландырып, зиянды зардаптарды түзету мен жоюға бағытталған әрекеттерге ешкімнен нұсқау күтпестен шұғыл кірісуге міндетті.

11. Күрделі профилактикалық, диагностикалық, әсіресе, емдеу (мысалы, органдарды трансплантациялау және т.б.) шараларын жүргізуді талап ететін науқастарды іріктегенде жәрдем көрсету кезектілігін мәжбүрлікпен белгілейтін дәрігерлер қатаң медициналық көрсетілімдерге бағынбай, өз бетінше, ең дұрысы, этика комитеті (комиссиясы) мүшелерінің қатысуымен алқалы ақылдасып, шешім қабылдауы тиіс.

12. Дәрігерлік тәжірибесін дәрігер бүркеншік есімді пайдаланбай және берілмеген ресми титул, дәреже, атақтарды тізіп көрсетпей, тек өзінің аты-жөнімен ғана жүзеге асыра алады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!