Арым-қатынастың үлгісі



Қазіргі уақытта дәрігер мен емделушінің өзара қарым-қатынас үлгілерінің мынадай типтері бар:

- ақпараттық (ғылыми, инженерлік, тұтынушылық). Дәрігер емделушінің сырқаты туралы ақпарат жинап және оның өзін бұл жөнінде хабарландыра отырып, білікті кәсіби сарапшы ретінде әрекет етеді. Бұл орайда, емделуші бүкіл ақпаратпен танысу және медициналық көмек түрін өз қалауынша таңдау құқығына иелік ете отырып, толық автономиялы болады. Емделуші ауруына және өзіне қатыстының бәрін жан-жақты ұғына алмауы мүмкін, сондықтан дәрігердің міндеті – науқасқа жағдайды жақсылап түсіндіріп, оны дұрыс шешім таңдауға және қабылдауға әкелу.

- интерпретациялық, яғни түсіндірмелік. Дәрігер кеңесші және ақылшы рөлін атқарады. Ол емделушінің талап-тілегін айқындап алып, емдеу түрін таңдауына көмек көрсетуі тиіс. Бұл үшін дәрігер науқас бірден-бір дұрыс шешім қабылдауы үшін оның денсаулық ахуалы, тексерулерден өтуі және емделуі туралы ақпаратты түсіндіруі, яғни ұқтыруы тиіс. Дәрігер емделушінің талап-тілектерін қандай жағдайда да сөгіп, сынамауы тиіс. Дәрігердің мақсаты – науқастың талап-тілектерін айқындау және дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Бұл үлгі ақпараттық үлгіге ұқсас, бірақ мұнда емделушіні ақпаратпен қамтып қана қоймай, дәрігер мен емделушінің арасында етене тығыз байланыс орнатылады. Емделушінің автономиялығы, дербестігінің бұл жерде зор маңызы бар.

- кеңестік, яғни келісу, мәмілелесу.Дәрігер науқасты жақсы біледі. Бәрі өзара сенім мен келісімнің негізінде шешімін табады. Бұл үлгіде дәрігер дос және ұстаз рөлін атқарады. Емделушінің дербестігі осы орайда сақталады, бірақ ол тура осы емдеу түрінің қажеттілігіне негізделеді.

- патерналистік (латынның раter – әке сөзінен),яғни қамқоршылдық. Дәрігер қамқоршы рөлін атқарады, бірақ бұл орайда науқастың мүддесін өзінің төл мүддесінен жоғары қояды. Дәрігер науқасқа өзі таңдаған ем түрін қабылдауға табанды түрде кеңес береді. Егер науқас келісімін бермесе, соңғы сөз, кесімді пікір айту дәрігер еншісінде қалады. Емделуші автономиясының, дербестігінің осы тұста атқаратын жүгі тым аз (отандық денсаулық сақтау жүйесінде көбінесе осы үлгі пайдаланылады).


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!