Кәсіби этика – бұл адамның кәсіби қызметінің үдерісінде көрінетін мінез-құлық қағидалары.



Дәріс

Оғамдық денсаулық сақтаудағы этика және деонтология

Этика (грек тілінде ethikа, ethоs деген сөзден шыққан, әдет, дағды, мінез дегенді білдіреді) – мораль, адамгершілік тақырыптарын зерттейтін философиялық сала, арнаулы пән.

Медициналық этиканы жалпы этиканың арнаулы саладағы көрінісі деп қарастыру керек.

Медициналық этика – медицина қызметкерлерінің қызметіндегі адамгершілік, ізгілік бастауларының рөлі және олардың сәтті емдеудің қажетті шарты болып табылатын адамға деген жоғары гумандық қарым-қатынасы туралы ілім. Медициналық этиканың зерттеу саласы дәрігер, медбике, зертханашы, кіші медициналық қызметкерлер құрамы қызметінің психоэмоциялық жағы болып табылады. Бұдан басқа, медициналық этика мәселелерінің аясында қазіргі өмір сүріп жатқан буынның ғана емес, болашақ ұрпақтың да өмірі мен денсаулығы сәтті шешімінің табылуына тәуелденетін мәселелер де қамтылады.

Медициналық этиканың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Ол:

- денсаулық ахуалы бұзылған адамға деген қарым-қатынасты қарастырады;

- медицина қызметкерінің моральдық мінез-құлқының даму және қалыптасу ерекшеліктерін, оның тәжірибелік қызмет шарттарына тәуелділік сипаттарын зерттейді;

- медицина қызметкерінің тұрмыс-тіршіліктегі мінез-құлқының, оның мәдениетін, дене-болмыс және ақыл-ой, моральдық тазалығының нормаларын белгілейді.

Кәсіби этика – бұл адамның кәсіби қызметінің үдерісінде көрінетін мінез-құлық қағидалары.

Деонтология – (гректің deon-тиісті және logos-ілім деген сөзінен алынған, сөзбе-сөз аудармасы – тиісті нәрселер туралы ілім) – бұл этиканың адамның басқа бір адамның және бүкіл қоғамның алдындағы парызы туралы ілімді зерттейтін саласы.

Медициналық деонтология – бұл медицина қызметкері жетекшілікке алатын этикалық нормалар, қағидалар кешені; «медицина қызметкерінің парызы» деген ұғымды білдіретін сәйкесті кәсіби, моральдық-этикалық және құқықтық қағидалар мен ережелердің тұтас жиынтығы (яғни, науқастың сауығуы үшін ең жайлы жағдайдың қалыптасуына ықпал ететін медицина қызметкерлерінің тиісті мінез-құлқы туралы ілім).

Медициналық деонтологияның негізгі міндеттері:

- емдеу тиімділігін барынша арттыруға бағытталған медициналық қызметкердің мінез-құлық қағидаларын зерттеу;

- медиициналық қызмет барысында қолайсыз факторларға, жайсыз жағдайларға жол бермеу;

- медицина қызметкері мен науқастың арасында болатын өзара қарым-қатынас жүйесін зерттеу;

- толыққанды орындалмаған медициналық жұмыстың зиянды зардаптарын жою.

Медициналық деонтологияның зерттеу аспектілері:

- медицина қызметкерлерінің науқастармен өзара қарым-қатынасы;

- медицина қызметкерлерінің науқастың тума-туыстарымен өзара қарым-қатынасы;

- медицина қызметкерлерінің өз арасындағы қарым-қатынас.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінің басты мақсаттары: емделушілерге күтім жасау, олардың қиналыстарын жеңілдету, одардың денсаулығын қалыпқа келтіру және нығайту; аурулардың алдын алу. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін өз функционалдық міндеттемелерін орындау барысында медбике гумандық және ізгі жүректілік, қайырымдылық сияқты негізгі этикалық қағидаларды білуі және меңгеруі, қалтқысыз қадағалауы тиіс.

Медициналық этика аспектілері:

- емделушіні өз құқықтары туралы хабардар ету;

- емделушіні өз денсаулық ахуалынан хабарландыру;

- емделушіге деген гумандық ізгі көзқарас, қатынас;

- емделушінің адами ерекшелігін құрметтеу;

- емделушінің моральдық және физикалық зардап шегуіне жол бермеу;

- емделушінің медициналық араласу жасату немесе одан бас тарту құқығын құрметтеу;

- емделушінің автономиясын, яғни дербестігін сыйлап, құрметтеу;

- көз жұму алдындағы науқасқа аяушылық, мейірімділік таныту (дистрибуциялық әділеттілік);

- кәсіби құпияны сақтау;

- өз кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде ұстау;

- емделушіні біліктіліксіз медициналық араласу жасалуынан қорғау;

- өз кәсібіне аса құрмет таныту;

- өз әріптестеріне құрметпен қарау;

- тұрғын халықты медициналық-санитарлық ағарту жұмысына атсалысу.

 

Дәріс


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!