БҰрҒылау колоннасыныҢ конструкциясын жобалау: бҰрҒылау колоннасын беріктікке есептеу



Басқанбаева Д.Ж. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ)

Бұрғылау колоннасы — ұңғы түбінде орналасқан қашау мен жоғарғы бетте орналасқан бұрғылау жабдығы арасындағы байланыстырушы звено.

Бұрғылау колоннасы құрамына кіретін негізгі элементтер болып жетектеуші құбырлар, бұрғылау құбырлары, бұрғылау құлыптары, переводниктер, центраторлар, ауырлатылған бұрғылау құбырлары (АБҚ) табылады.

Жетектеуші құбырлар ротордан бұрғылау құбырларына айналу берілісін беруге арналған.

Бұрғылау құбырлары колоннаның негізгі бөлігі болып табылады. Роторлық бұрғылау кезінде бұрғылау колоннасы қашауға айналу берілісін беру және ұңғы түбіне жуу сұйықтығын жеткізу қызметін атқарады. Турбобурмен бұрғылау кезінде бұрғылау колоннасы, негізінен, түптік қозғалтқышқа (турбобур) жуу сұйықтығын жеткізу қызметін атқарады.

Қандай әдіспен бұрғылау жүрсе де бұрғылау колоннасы қашауға жүктеулер беруге, түпті талқандаушы аспаптарды көтеру және түсіру үшін және қосымша жұмыстар атқару үшін қолданылады.

Бұрғылау құлыптары жекелеген бұрғылау құбырларын бір-бірімен байланыстырады.

Переводниктер өлшемдері әртүрлі немесе резьбалары әртүрлі типті бұрғылау колоннасының элементтерін байланыстырады, сонымен қатар бұрғылау құбырларына ұстағыш

және қосымша аспаптарды жалғастыру үшін қолданылады.

Центраторлар түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде ұңғы оқпанының ауытқуын ескерту үшін қолданылады.

Ауырлатылған бұрғылау құбырлары (АБҚ), қашау немесе түптік қозғалтқыш үстінде орналасады, бұрғылау колоннасының төменгі бөлігінде қажетті қаттылықты тудырады және берілген шектерде қашауға жүктеу беруді қамтамасыз етеді.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!