СӨЖ №1. Теодолиттік және тахеометриялық түсіріс нәтижелері бойынша топографиялық жоспарларды салу және безендіру.



 

Далалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін ғылыми өңдеуге және теодолиттік түсірістің планын жасауға кіріседі. Теодолиттік жүрістерді ғылыми өңдеудің түпкі мақсаты нүктенің тікбұрышты координаталарының х және у мәнін және олардыц биіктігін шығару болып табылады.

Теодолиттік жүрістерді жүргізгендегі алынған өлшеулерді ғылыми өңдеу мынадай жолмен жасалынады: далалық журналдағы жартылай тәсілдерден алынып есептелген бұрыштардың дұрыстығы тексеріледі; жүрістің өлшенген қабырғаларының ұзындығына (сызықтық горизонтқа көлбеулік бұрыштары 1,5°-тан артық болса) көлбеулігі үшін түзетулер енгізіледі.

Енді тұйықталған теодолиттік жүрістегі нүктелердің координаталарын есептеп шығару жолын қарастыралық, Есептеп шығарулар арнайы ведомост қолданылып төмендегі ретпен жасалынады:

1. Бұрыштарды өлшеу журналынан 2-графаға горизонталь бұрыштардың орташа мәнін жазып алады.

2. Ведомостың 4-графасына 1—2 қабырғасының бастапқы дирекциондық бұрышын және 6-графаға теодолиттік жүрістің қабырғаларының горизонталь ұзындықтарын енгізеді.

3. Өлшенілген бұрыштардың қосындысын есептейді және полигонның бұрыштарындағы бұрыштық қиыспаушылықты мына өрнектен анықтайды:

мұндағы: — өлшенілген бұрыштардың практикалық қосындысы; — полигонның ішкі бұрыштарының теориялық қосындысы.

Тұйықталған теодолиттік жүрістің бұрыштарының теориялық қосындысы мына формуламен есептеледі:

,

мұндағы п — көпбұрыштың ішкі бұрыштарынын саны.

1 – кесте

 

4. Бұрыштық қиыспаушылықтың табылған шамасы болуы ықтимал бұрыштық киыспаушылықпен салыстырылады. Бұрыштық қиыспаушылықтың шамасы бұрышты өлшеудің дәлдігін сипаттайды; ал оның мәні мына формула бойынша анықталатын ықтимал шекті шамадан аспауы керек:

5. Егер іс жүзіндегі бұрыштық қиыспаушылықтың болуы ықтимал бұрыштық қиыспаушылықтан аспаса онда оны барлық бұрыштарға таңбасын теріс етіп тепе-тең улестіреді, яғни барлық өлшенген бұрыштарға таңбасын қиыспаушылыктың таңбасына кері етіп тузетулер еигізіледі

Тузетулерді минуттың ондық бөлігіне дейін дөңгелектеп енгізеді. Егер 0,1-ге дейін дөңгелектеген соң тузетулер тепе-тең бөлінбесе, онда қабырғалары қысқа бұрыштарға көбірек тузету енгізеді. Қішкене полигондар мен қысқаша жүрістер үшін бұрыштарды толық минутқа дейін дөңгелектеу мақсатында әр түрлітаңбалы тузетулер енгізілуі мүмкін.

6. Өлшенген бұрыштарды есептелінген түзетулермен алгебралық қосып, түзетілген бұрыштарды табады

7. Бұрыштар үйлесуінің дұрыстығын тексереді, ол үшін түзетілген бүрыштардың қосындысын есептсйді, сонда бұрыштық өлшеулерді өңдеудің дұрыстығын мына теңдік бойынша тексереді

8. Бастапқы белгілі қабырғасының алғашқы дирекциондық бұрыщы және полигонның түзетілген ішкі бұрыштарының мәні бойынша жүйелілікпен ішкі полигонның барлық қалған қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын мына формуламен есептеп шығарады:

немесе

мұндағы , — жүрістегі оң және сол түзетілген сәйкес бұрыштар; —келесі қабырғаның дирекциондық бұрышы; —бастапкы қабырғаның дирекциондық бұрышы.

9. Дирекциондық бұрыштарды есептеп шығаруды тексереді. Тұйықталған теодолиттік жүрісте бастапқы қабырғаның дирекқиондық бұрышын табу есептеулерді тексеру болып табылады.

10. Румбалардың мәндері мына формулалармен есептеп шығарылады

I ширек ;'

II ширск ;

III ширек ;

IV ширек .

11. Теодолиттік жүрістің қабырғаларының горизонталь проекциялары есептелініп шығарылады. Егер қабырғалардың ұзындығын өлшеу кезінде көлбеулік ұзындық D жәнс көлбеулік бұрыш аныкталса, онда горизонталь ұзындықтарды мына өриектің көмегімен анықтауға болады:

12. Геодезиялық тура есептің формулаларын пайдаланып координаталар өсімшелерін есептеп шығарады

Координаталар өсімшелерінің танбалары берілген бағыттың қай ширекте жатқанына байланысты болады, яғни қабырғаның дирекциондық бұрышының мәнімен анықталады (5-кесте),

Қоординаталар өсімшелерінің есептеліп шығарылған мәндерін координаталар ведомостысының 7-және 8-графаларына жазады.

13. X жоне У осьтеріндегі координаталар өсімшелеріндегі қиыспаушылықты ( және ) мына формулаларды қолданып табады:

Осы максатпен 7-және 8-графалардағы оң және теріс өсім-шелерді жеке-жеке қосады, содан соң алгебралық қосындысын есептеп, оның нәтижесін қорытынды сызықтың астына жазады.

14. Теодолиттік жүрістің периметріндегі абсолют ұзындық қиыспаушылықты () мына формула бойынша анықтайды:

15. Теодолиттік жүрістегі бұрыштық жәие ұзындық өлшеулердің дәлдігі салыстырмалы ұзындық қиыспаушылықтың шамасымен бағаланады, ол абсолют ұзындық қиыспаушылығына тура пропорционал, ал полигонпың периметріне Р кері пропорционал болады, оның мәні периметрдің бөлігінен аспауы тиіс.

16. Егер салыстырмалы ұзындық қиыспаушылық шегінен аспаса, яғни (98) шарт орындалатын болса, онда координаталар өсімшелеріне теодолиттік жүрістің қабырғаларының ұзындығына пропорционал етіп кері таңбамен түзетулер енгізіледі.

;

мұндағы , X және У осьтеріндегі координаталар өсімшелерінің тиісті түзетулері.

Табылған түзетулерді метрдің жүз бөлігіне дейін дөқгелектеп, оларды ведомостың 7-және 8-графаларына тиісті өсімшелердің мәндерінің үстіне жазады.

17. Тексеру мақсатымен түзетулердің және қосындыларын табады: олар тиісті қиыспаушылықтарға кері таңбамен тең болуы тиіс, яғни

,

18. Есептеліп шығарылған координаталар өсімшелері мен түзетулері бойьшша координаталардың түзетілген есімшелерін анықтайды

Әрбір осьтегі түзетілген координаталар өсімшелерініқ ал-гебралық қосындысы нөлге тең болуы тиіс

;

І9. Түзетілген өсімшелер және бастапқы нүктенің координаталары бойынша жүйелі түрде полигоннық барлық ұштарының координаталарын есептеп шығарады:

;

мүндағы , - Х және У осьтеріндегі келесі нүктелердің тиісті координаталары; , - X және У осьтеріндегі алдынғы нүктелердің тиісті координаталары; , өздерінің таңбаларымен алынған коордипаталардың түзетілген өсімшелері.

Есептеп шығарылған координаталарды 7-кестенің 11-және 12-графаларына жазады. Қоординаталарды есептеп шығарудың дұрыстығын тексеру бастапқы берілген нүктенің коордииаталарыи табу болып саналады.

 

 

Теодолиттік түсірістің планың құру.

Теодолиттік түсірістің мәліметтері бойынша планды жасау планшетте қабырғалары 10 см квадрат координаталар торын салудан басталады.

Координаталар торын салғаннан кейін олардың сызықтарының координаталарын: абсциссаларды координаталар торының оң және сол жағынан, ал ординаталарды жоғарғы және төменгі жағынан жазады. Координаталардың толық мәндерін координаталар торының бұрышына және координаталары бүтін мың метрге тең нүктелерде жазады, ал тордың басқа нүктелерінде жүз метрге тең координаталарын көрсетеді.

Жергілікті жердің контурларын планға салу абрис негізінде жасалынады. Планға контурларды салу әдісі оларды жергілікті жердегі түсіру тәсіліне сәйкес болады. Нүктені өзінің тікбұрышты коордииаталарымен планға түсіргенде ең алдымен нүкте орналасқан квадратты анықтайды. Содан кейін нүктенің координаталарынан квадраттың оңтүстік батыс бұрышының координаталарын алады. План масштабында көрсетілген абсцисса айырымын квадраттың оңтүстік қабырғасынан вертикаль

қабырғаларына салады. Осы кесінділердің шеттері арқылы сызықты жүргізіп, оның бойына квадраттың батыс қабырғясынан шығысқа қарай планның масштабында көрсетілген ордината айырымын салады. Осы кесіндінің шеті нүктенің орнын анықтайды.

Негізгі полигонның басқа нүктелерін салу осыған ұқсас етіп жасалады. Әрбір нүктені шаншып, диаметрі 1,5 мм дөңгелекпен айналдыра сызады. Нүктелерді салудың дұрыстығын тексеру олардың арасындағы кашықтықты салыстыру арқылы жүргізіледі. План масштабында циркуль-өлшеуішнен масштаб сызғышын қолдана отырып анықталған ара қашықтықтың оған сәйкес горизонталь ұзындықтың арасындағы болатын алшақтық 0,2 мм-ден аспауы тиіс. Түсіріс торының барлық нүктелерін салғаннан кейін егжей-тегжейлі толықтыруға кіріседі.

Жергілікті жердің контурларын салудың дұрыстығын тексергеннен кейін, план безендіріледі. Планға көлемдері мен кескіндерін сақтай отырып шартты белгілерді қарындашпен түсіреді, содан кейін карындашпеп толық безендірілген планды «Шартты белгілердің» талаптарын сақтай отырып тушьпен айналдыра жиектейді.

 

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!