Белоктардың жіктелуі, сипаттамасы.



Белоктар аминкышқылдарынан қүралған өте күрделі жоғары молекулалы органикалық заттар. Табиғатта шамамен 1010-1012 әртүрлі белоктар кездеседі. Оның бес миллионға жуықтауы адам денесінде кездеседі. Белоктар адам денесі кұрғақ салмағының 45% пайызын (12-14

кұрайды. Ал кейбір мүшелерде (көкбауыр, өкпе, бүлшық етте, бүйректе

белоктың мөлшері 70-80% пайыз (29-кесте).

Барлық белоктар негізінен көміртегі (50-55% пайыз), оттегі (21-23% пайыз), сутегі (6,5-7,3% пайыз), азот (15-18% пайыз), күкірт (0,3-2,5% пайыз) элементтерінен түрады, сонымен қатар олардың күрамында фосфор, темір, йод, мыс, марганец т.б. болады.

Биологиялық маңызы жағынан белоктарды құнды және құнсыз деп екі топқа бөледі. Құнды белоктар дегеніміз қүрамында ауыстыруға болмайтын аминқышқылдары бар белоктар. Ағзада түзілмейтін аминқышқылдарын ауыстыруға болмайды деп санайды. Оған: валин, лейцин, изолейцин, метионин, треонин, триптофан, фениаланин, аргинин (балалар үшін) аминқышқьшдары жатады.

Ауыстыруға болатын аминқышқьшдары ағзаның өзінде кетоқышқылдардан, май қышқылдарынан түзіледі. Оған аланин, аспарагин, глицин, глутамин, пролин, серин, тирозин, цистеин қышқылдары жатады.

Биологиялық кұнды белоктардың қүрамында белок молекуласын кұруга қажетті барлық амин қышқылдары болады. Оған жануарлардан алынған белоктар жатады (жұмыртқа, ет, сүт, балық белоктары), құнсыз белоктардың құрамында ауыстыруға болмайтын аминқышқылдары кездеспейді. Мысалы, жүгерінің, бидайдың белоктары, желатин - құнсыз белоктар. Барлык белоктар екі топқа бөлінеді. Тек қана аминқышқылдарының қалдығынан түратын қарапайым белок - протеин деп аталады. Қарапайым белокқа бөтен зат байланысқан болса, ол күрделі белок протеид деп аталады.

Протеидтер: Хромопротеидтер Нуклеопротеидтер Фосфопротеидтер Липопротеидтер Гликопротеидтер Металлопротеидтер

Протеиндер: Проламин Глютелин Гистон Альбумин Глобулин Протамин

Протеидтер белоксыз топтардың табиғатына карай

ажыратылады. Олардың ішіндегі маңыздылары:

Хромопротеидтер - боялған белоктар. Қызыл қан түйіршіктерініңқұрамына кіретін гемоглобин (Нв), бүлшық еттегі миоглобин, қүрамында темірі бар тотығу процесіне қатысатын ферменттер (цитохромдар, каталаза т.(і.) хромпротеидтердің өкілдері болып табылады.

Нуклепротеидтер жасушалар ядросы мен цитоплазма қүрамына кіріп, жасушадағы белоктарды түзуде маңызды қызмет атқарады. I Нуклепротеидтер протаминдер мен гистондар сиякты қарапайым белоктар мсн нуклеин қышқылдарынан қүралған. Липопротеидтер белоктар мен липидтер қүралып жасуша мембранасының негізін қалайды.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!