аламдық проблемаларды шешудің негізгі жолдары мен мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының қажеттілігі



Барлық ғаламдық проблемалар бір-бірімен тығыз байланыста, проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастық қажет. Халықаралық мекемелер ғаламдық проблемаларды шешуде төмендегідей мақсаттар қояды:

• әлемдік ядролық қауіптің алдын алу, оны сынақтан өткізуді, жаппай қарулануды тоқтату;

• экономикалық, саяси, экологиялық, рухани мәдени және басқа салада халықаралық ынтымақтастықтарды қамтамасыз ету;

• экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттердің даму денгейінің арасындағы алшақтықты кеміту;

• энергетикалық, азық-түліктік, демографиялық дағдарыстарды жою немесе азайту экологиялық талаптарды сақтау, ғарыш кеңістігін бірлесе игеру;

• денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін жетілдіру, жеке тұлғаның әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

• нашақорлық бизнесімен, ланкестікпен күресуде халықаралық ынтымақтастық;

• қоршаған ортаның, сонымен қатар, атмосфераның, дүниежүзілік мұхиттың апатты ластануын болдырмай алдын алу;

• жер шарындағы сауатсыздықты, жоқшылық пен аштықты, артта қалушылықты жою арқылы дамыған және дамушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен жанбасына шаққандағы табыстың арасындағы алшақтықты қысқарту;

• адамзаттың одан ары экономикалық дамуы үшін қажетті қалпына келетін және келмейтін табиғат ресурстарымен, сонымен қатар азық-түлікпен, өнеркәсіп шикізаттарымен, энергия көздерімен қамтамасыз ету;

• дамушы елдердегі халықтың өсуін тежеу және дамыған елдердегі демографиялық дағдарыстың алдын алу;

• ғылыми-техникалық революцияның кері әсерлерінің салдарын жою;

• арақкештік, нашақорлық, қатерлі ісік ауруларымен, СПИД ауруымен күресу;

Мемлекет мүддесінің тепе-теңдігін іздеу мақсатында экономика, ақпараттану, экология саласындағы халықаралық қатынастарды жетілдіру. Халықаралық саясат жалпы адами ар-ождандық, этикалық қағидалары мен нормаларға сай мемлекетті, қоғамды жеке тұлғаны дамытуға бағытталған тұрақты және әділетті әлем құруға негізделуі тиіс.

Ғаламдық проблемаларды шешудегі жетекші рөлді халықарлық ұйымдар атқарады. Олардың аса ірілерінің бірі бейбітшілікті сақтау, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарусыздандыру, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, азық-түліктің жетіспеуі және тағы басқа мәселелелерді шешу міндетін көздейтін Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ).

Халықаралық ұйымдардың басты назарында қоршаған ортаны қорғау проблемалары тұр. Бұл бағытта Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылы құрылған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы ЮНЕП, Табиғат және табиғат ресурстарының Халықаралық Одағы және қоршаған орта бойынша халықаралық ғылыми комитетімен бірлесе отырып орасан зор жұмыстарды атқарды. Жердің экологиялық жағдайын сақтаумен «Гринпис» ұйымы айналысады.

Экологиялық проблемаларды шешумен Халықаралық табиғат қорғау және табиғат ресурстары одағы ұйымы (МСОП), Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау қоры (ВФОП), Халықаралық жастар федерациясы (ММФ), халықаралық ғылыми кеңес одағы (МСНС), айналысады.

Дамушы елдердегі экономикалық артта қалуды жою міндетімен қатар Халықаралық ұйымдар азық түлік проблемаларын шешуді қарастырады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіне енетін ұйымдардың ішінде азық-түлік мәселесімен халықаралық ауыл шаруашылықты ұйымы (ФАО), Халықаралық азық-түлік кеңесі (ВПС), Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭЭК), Халықаралық реконструкциялау банкі (ХРБ) т.б. ұйымдар айналысады.

Энергетикалық проблемаларды шешуде Атом Энергиясы бойынша Халықаралық Агентіктің (МАГАТЭ) рөлі орасан зор.

Қоршаған орта және денсаулық сақтау проблемасын шешуде Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ерекше орын алады.

Әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда БҰҰ-ның негізгі саяси органы Қауіпсіздік кеңес жетекші рөл атқарады.

Ғаламдық проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасы өз үлесін қосуда. Оған Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы дәлел.

Қазақстанның Ядролық қаруды сынаудан бас тартудан кейін әлемдік қауымдастықта ядролық қарусыздану мақсатындағы іс-шаралар жүзеге аса бастады.

Дүние жүзінде соның нәтижесінде төрт ірі сынақ алаңдары ядролық жарылыстан бас тартып − Жаңа Жер (Ресей), Невада (АҚШ), Мороруа (Франция) және Лобнор (Қытай) мораторий жариялады.

Ғаламдық проблемалар ішінде алдымен Орталық Азия республикаларына қаттысты Арал мәселесін атап өткен жөн.

Ғаламдық проблемаларды шешу орасан зор қаржыны, барлық мүдделі жақтардың жұмыстарын үйлестіруді, ұзақ мерзімді саясат жүргізуді талап етеді.

Ғаламдық проблемаларды дүние жүзі елдері бірлесе отырып қана шеше алады.

 

Методикалық нұсқау: Дәрісті игеру үшін адамзаттың ғаламдық проблемаларының туу себептеріне, түрлеріне, аларды шешу жолдарына назар аудару қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!