Дамушы елдердің проблемалары. Дүние жүзінің азық-түлік проблемасы



Дамушы елдердің артта қалушылылығын жою проблемасы. Дамушы елдердің негiзгі бөлігін бұрынғы отар және тәуелдi елдер, саяси тәуелсiздiгiн алғанымен, бұрынғы метрополияға экономикалық тәуелдi елдер құрайды. Бұл топқа жататын елдердің сипаты: табиғи өсу жоғары; элеуметтік-экономикалық жағдайы төмен; сыртқы қарыздары көп; ауыл шаруашылығы дағдарысты жағдайда; азық-түлік проблемасы орын алған; сауатсыздық пен кедейшілік орын алған.

Артта қалудың ғаламдық проблемасын дүние жүзінде үшінші дүние аталатын ─ Африка, Азия, Латын Америкасы және Мұхиттық аралдардың артта қалған елдері тудырып отыр. Өте ауыр жағдайда күнелтетін елдерде аштық, жартылай аштық (тойып тамақтанбау), балалар өлiмiнiң, жұқпалы аурулардың жайылуы тән. Жақын болашақта бұл елдердің жағдайлары түзелетіні байқалмайды.

Дүние жүзінде әлеуметтiк жағдайы өте төмен елдер күрделi проблема тудыруда. Олардың жалпы саны 30-дан асады және халқы дүниежүзi халқының 13%-ын құрайды.

Көбіне мешеуліктің (артта қалушылықтың) ғаламдық проблемасын ─ бай Солтүстік пен кедей Оңтүстіктің арасындағы өзара қатынас арқылы анықтайды. Кедей адамдар дамыған елдерде де кездеседі, бірақ олардың өмірін мынандай жоқшылықпен салыстыруға болмайды. «Артта қалу» (мешеулік) ұғымы көптеген дамушы елдерге, ал кедейлiк жоғары дамыған елдердегi халықтың жеке топтарына тән. Мысалы, АҚШ-тағы кедей дегеніміз ─ табысы ресми танылған кедейлік деңгейінен (3150 АҚШ долларынан) кем адам. Бұл сомаға азық-түлік купондары-«фудстэмпс», пәтерақы жеңілдігі, медициналық қызмет көрсетуге дотация және табысы төмен отбасыларына төленетін басқа да төлемдер кірмейді.

Мешеу елдер өздерінің отандық ғылым, мәдени-идеялық, дүниетанымдық, әлеуметтік-психологиялық, материалдық факторларын зерттеумен айналыспады, бұлар қоғамның жаңаруын, дамуын тежейді. Мешеу елдердің даму жолындағы ішкі және сыртқы кедергілер өзара тығыз байланысты.

Мешеуліктің ішкі себептері:

• өзіндік эволюция заңдылығы бар дәстүрлі шығыс қоғамдарының «өсу сатысында» кешігуі;

• дәстүрлі шығыс қоғамдарының нарықтық экономикамен сиыспайтындығы;

• халықтың жыл сайынғы өсімінің (20 – 25 жылда екі есеге дейін) азық-түлік өндіру қарқынынан әлде қайда асып түсуі;

• жергілікті экономиканың көптүрлілігінің сақталып келе жатқандығы;

• дамушы елдер басшыларының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын таңдаудағы және жүзеге асырудағы қателіктері (ауыр өнеркәсіпті бірінші кезекте дамыту, ауыл шаруашылығына көңіл бермей, индустриаландырумен айналысу).

Мешеуліктің сыртқы факторлары:

1) отаршылдық және оның салдарлары;

2) қосымша өнімнің едәуір бөлігін нарықтың экономикасы дамыған елдердің экономикалық орталықтарына тасу;

3) баға пропорциясы дамушы елдердің «ашық экономикасы» жағдайында қалыптасқан, нақты құндық ара қатынастарға сай келмейтін әлемдік рыноктағы, нашар дамыған елдерді ойсырататын, бәсекелестік.

4) дамушы және дамыған елдердің біріне бірінің теңдей тәуелді еместігі, соның нәтижесінде дамушы елдердегі экономикалық күйзелістің нәтижесінде болады.

Дамушы елдердiң жалпы сыртқы қарызы 1 трлн доллардан асты бұл ғаламдық қаржы дағдарысына айналу қаупiн туғызуда.

Барлық қарызы бар елдерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа халықаралық қаржы жүйесінің ірі сомаға қарызданған елдерге: Бразилияда сыртқы қарызы 115 млрд, Мексикада 105 млрд, Аргентинада 49 млрд АҚШ долларына жетті.

Қарыздар елдің екінші тобына табыс дәрежесі өте төмен елдер жатады, олар, негізінен, Сахараның оңтүстік өңірлеріндегі мемлекеттер. Олардың проблемалары өте күрделі және шешілуі де қиын. Қарыздары бірінші топтағы елдердікіндей аса көп болмаса да, олардың алған несиенің процентін төлеуге де мұршасы келмейді, жақын болашақта бұларда дағдарыстан шығатындай жағдайы жоқ.

Үшінші топқа төлеу ауыртпалығына төзген, еңсесін көтере бастаған елдер кіреді. Мысалы − Үндістан, оның қарызды қайда, қанша жұмсау керектігін, қандай экономикалық саясат жүргізу керектігін игерген тәжрибесі көпке үлгі боларлықтай.

Сыртқы қарыздардың өсіп бара жатқандығы халықаралық экономикалық қатынастардағы басты проблемалардың біріне айналды.

 

Дүниежүзілік мұхит проблемасы − мұхит пен оның байлықтарын игерудегі маңызды ғаламдық проблема. Мұхит акваториясының игерілуі мен экологиясы ерекше, оның Жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне тигізер әсері өте зор: 1) акваторийінің ластануы ары қарай жалғасуда, нәтижесінде биологиялық ресурстар азайып, курорттық - демалыс зоналары бүлінуде, кеме жүрісіне кедергі жасалуда; 2) ихтиофаунаның кейбір түрлерін ұстауға берілген рұқсат қауіп төндіретіндей деңгейге жеткен; 3) шаруашылық айналымына Мұхиттың минералдық және энергетикалық ресурстарын (бәрінен бұрын, континенттік қайраң) жан-жақты қамту қажеттілігі туындады; 4) Әлемдік мұхиттың заттардың (энергияның) ғаламдық биогоехимиялық айналымындағы және жалпы биосфера дамуындағы рөлін тереңірек анықтау керек; 5) «акваторияны межелеуден және континенттік қайраң байлығын бөлісуден» туындаған қайшылықтар халықаралық қақтығыстарды жиілетіп жіберді.

Планетамызда алғаш пайда болған органикалық тіршіліктің бастапқы «құрылыс материалы» − қоймалжың коллоидтық көп молекулалы заттар тек алғашқы Мұхиттың суларында ғана пайда болуы мүмкін екен.

Міне сол алғашқы қарапайым тіршілік миллиардтаған жыл өсіп дами келе Мұхит суларынан құрлыққа тарады, өзінің қазіргі деңгейіне дейін дамып жетілді.

Әлемдік мұхит Жер бетіндегі температураны реттеу, оттегін шығару және басқадай функциялар арқылы планетадағы өмірдің ары қарай жалғасуын қамтамасыз етіп отыр.

Әлемдік мұхитты игеруінің таза практикалық проблемалары бой көтерді, олар: 1) минералдық-ресурсық; 2) биоресурстық; 3) энергетикалық; 4) көлік; 5) рекреациялық; 6) экологиялық; 7) ғылыми-танымдық проблемалар.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!