Дүниежүзінде бейбітшілікті сақтау проблемасы



 

Бейбітшілікті сақтау және қарусыздандыру − ең бірінші кезектегі проблема. Жаппай қырып жоятын қару түрлерінің (ядролық, химиялық, биологиялық) санын қысқарту және жою, аймақтық жанжалдардың өршуiн, халықаралық лаңкестiктi (терроризм) тежемейінше, басқа проблемаларды шешу мүмкін емес.

Бейбiтшiлiк пен қарусыздану, дүниежүзiлiк жаңа соғысты болдырмау, адамзаттың жойылып кетпеуi − қазiргi заманның ең басты проблемасына айналып отыр.

Қоғам мен адамзат өркениетiнiң дамуының барлық тарихи кезеңдерінде соғыс өртi керi әсерiн тигiзiп отырды. Адамзат тарихында шамамен 14500-дей астам соғыс болып, онда 3,5 млрд-тай адам қаза тапқан. Дүние жүзі мемлекеттерінің әскерлер қатарында 26 млн адам сапта жүр. Жаппай қырып-жоятын қарулардың жаңа түрлері түрлерінің таралуы адамзатқа ерекше қауіп-қатер туғызады. Дүние жүзi бойынша әскери қару-жарақтарды экспорттауда АҚШ, Ресей, Ұлыбритания және Франция, Қытай елдері жетекшi орын алады.

Тек ХХ ғасырдың өзіндегі екi дүниежүзiлiк соғыс және жекелеген елдердегі азамат соғыстары мен аймақтық жанжалдарда 100 млн адам қаза болып, зор адам шығынына алып келді.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейінгі жеңiсiне байланысты Кеңес Одағының Ұлы держава аталып, ядролық қаруды иеленген мемлекетке айналды. Бүкiл мемлекеттер мен құрлықты, адамзат пен тіршілікті жойып жiберетiн жойқын күшті ядролық қару жасалынып, АҚШ пен КСРО өзара тең ядролық державалар ретінде бәсекелестік тудырды. Ұзақ жылдар бойы жүрген келiссөздер арқасында 40 жылға созылған «қырғи қабақ соғыс» 80 жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында бәсеңдеді. 1988 жылы АҚШ пен КСРО арасында әрекет радиусы орташа және кіші ракеталарды жою туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы АҚШ пен Ресей стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімге қол қойылды.

ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысуында әскери шығындар көлемі азайып, қарулы күштер саны қысқарды. Дегенмен де қолдарында ядролық қаруы бар Израиль, Үндістан және Пәкстан елдерінің жарты ғасырдан бері бір-бірімен және көрші елдермен жанжалды қарым-қатынастары, Солтүстік Корея мен Иранның ядролық қарулары әлемдік қауымдастықта үрей тудырып, адамзат баласын алаңдатуда.

БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б. халықаралық ұйымдар бейбітшілік саясатын жүргізіп, аймақтық жанжалдарды бітістіріп, халықаралық қатынастарды реттеп, қару-жараққа түсетін қаржы мөлшерін төмендетуде.

И.Кант кезінде: «бейбітшілік өзіне қалай да жол ашады, себебі соғыстың қажетсіз екендігін ұғынатын кез келіп жетті» - деген.

Мемлекет басшылары да бүкiл әлемдiк шиленiстi бәсеңдетуге бағытталған ядролық қаруларды таратпау туралы келiсiмге шақыруда бастама көтеруде. АҚШ президентiнiң ядролық қарусыздану және ядролық қаруларды қысқарту мәселесi бойынша Ресеймен ынтымақтасу ықыласы маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен Қазақстан − дүние жүзiндегi ядролық қарудан бас тартқан бiрiншi ел. Қазақстан − ұлтаралық қатынас, саяси тұрақтылық жөнiнен, әлемде бейбітшілікті сақтау проблемасын шешуде өз үлесін қосып, басқа мемлекеттер үшін үлгi болып танылды.

Адамзат тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5,5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақытта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтті. Екінші жүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі − бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойы БҰҰ халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету, тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шаралар өткізеді. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД). Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.

Әлемдегі бейбітшілікті сақтау проблемасына Қазақстанның қосқан үлесі. «Ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі бастамаларымыз Әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғаш болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан − АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және Жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Біз әлемдік қауымдастықтың ядоллық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш жігеріне қолау жасаймыз. Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады. Осының барлығы − жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану».

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!