Аламдық проблемалардың негізгі топтары



Топтар Мысалдар
Интерәлеуметтік (экономикалық және мемлекеттердің өзара саяси қарым-қатынасы) Жер бетінде бейбітшілікті сақтау Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық артта қалуын жою мәселесі  
Экологиялық-әлеуметтік (қоғам мен табиғаттың өзара-қарым-қатынасы мәселесі) Энергетиалық және шикізат Экологиялық Дүниежүзілік мұхит мәсмелесі Ғарышты игеру мәселесі
Әлеуметтік-мәдени (адамдар мен қоғамның қарым-қатынасы) Демографиялық Азық-түлік Адамдардың денсаулығын сақтау мәселесі

 

Бірінші топқа саяси, экономикалық және басқа да мүдделері ұқсас мемлекеттер тобының арасындағы өзара қарым-қатынастан туындайтын ғаламдық мәселелер жатады. Әлемде бейбітшілікті сақтау, ядролық соғысты болдырмау, бірінші кезектегі ең маңызды проблема.

Жер шарында қоғамдық-экономикалық дамуы, халқының әл-ауқаты жағынан бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайтын елдер тобы бар. Артта қалған және орташа дамыған елдер ғаламшар халқының басым бөлігін құрайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, нашар дамыған елдердің артта қалушылықты жеңуі мәселелерін қамтиды.

Екінші топты, негізінен табиғи-экономикалық сипаттағы проблемалар құрайды. Олардың әрқайсысы ─ экология, энергетика, шикізат, азық-түлік, дүниежүзілік мұхит ─ Жердегі өмірдің табиғи тамырымен тығыз байланыста. Энергетикалық проблема минералдық шикізатқа сұраныстың ұдайы өсуі және оның көптеген түрлерінің таусылып бара жатқандығы себепті туындаған ғаламдық шикізат проблемасымен іргелес тұр. Ғаламдық азық-түлік проблемасын шешуін таппай тұр. Бүгінгі күнде нашар дамыған елдерде шамамен 0,8 ─ 1,2 млрд адам ашығуда, немесе тоя тамақ ішпейді. Дүниежүзілік мұхиттың Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері үшін маңыздылығы соншалық, оны өзінше бөлек проблема ретінде қарастырады.

Үшінші топқа әлеуметтік сипаты бар проблемалар біріктірілген: демография, мәдениет, білім беру, денсаулықты сақтау, халықтың санын бақылау мәселелері және т.б. Адамзаттың басым көпшілігі тұратын нашар дамушы елдерде адам санының көз ілестірмей өсіп жататынын ескеріп ғалымдар демография проблемасын бірауыздан ең басты деп санап отыр.

Қазіргі кезеңнің барлық ғаламдық мәселелер бір-бірімен тығыз байланысы бар. Сондықтан іс-жүзінде олардың әр қайысын оқшаулап жеке шешу мүмкін емес. Мысалы, экономиканы дамыту үшін көп мөлшерде табиғат байлықтарын пайдалану қоршаған ортаның ластануын арттырады. Ол болашақта ғаламдық ауқымдағы экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін.

Көптеген дамушы елдерде ауыл шаруашылығының өсуіне қарағанда халық санының өсуінің біршама артық болуы азық-түлік мәселесінің шиеленісуіне әкеп соқтыруда. Азық-түлік мәселесін шешу үшін өнеркәсібі дамыған елдердің ресурстық әлеуетін немесе арнайы көмек көрсету бағдарлама жасап, оны жүзеге асыратын халықаралық ұйымдарды пайдалану қажет.

Ғаламдық мәселелерді шешу үшін біршама материалдар мен қаржы қажет. Қандайда бір мәселені ғаламдыққа жатқызу үшін негізгі өлшем ретінде олардың ауқымдылығы мен бірлесе отырып жоюды қажет ету алынады. Тарихи дамудың барлық кезеңінде адамдар бірлікке ұмтылды. Бірақ бұл үрдіс әр түрлі кезеңінде әр түрлі нышанға ие болды. Қазіргі кезеңде адамзат өзінің бірлігін, мақсаты мен қарым-қатыстарының ортақ болуын талап етеді.

Ғаламдық проблемалар антропогендік сипатта, себебі бұл адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі. Сонымен қатар ғаламдық проблемалар техногенді сипатта да болады, оған ғылыми техникалық прогрестің дамуы әсер етеді. Ғаламдық проблемалар планетамыздың барлық аудандарындағы адамзатқа әсерін тигізеді, сондықтан бұл проблемаларды шешуде барлық адамзат бірігіп шешім қабылдауы қажет. Сондықтан бұл проблемалар ғаламдық сипатта.

Ғаламдық проблемалардың өзара байланысы. Ғаламдық проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты және бағыныңқы, сондықтан бір проблеманы шешкенде келесі проблеманың оған әсерін ескеру қажет. Бір проблеманы жеке жалғыз шешу мүмкін емес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!