Тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық проблемалары.



Жоспары:

1. Ғаламдық проблемалар және олардың пайда болу себептері.

2. Олардың түрлері мен өзара байланысы

3. Ғаламдық проблемаларды шешудің негізгі жолдары мен мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының қажеттілігі

Мақсаты: Адамзаттың ғаламдық проблемаларының туу себептерімен, түрлерімен, аларды шешу жолдарымен танысу.

Ғаламдық проблемалар − бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін, кезек күттірмейтін проблемалар. Ол әлемдік қоғамдастықтағы елдер арасындағы қарым-қатынасты, қоғам мен табиғат арасындағы байланысты ғаламдық, халықаралық дәрежеде бірігіп шешуді қажет ететін түйінді мәселелер. Ғаламдық проблемалар − бүкіл әлемді, барлық адамзатты қамтитын оның бүгіні мен болашағына қауіп төндіретін және оны шешу үшін барлық мемлекеттер мен халықтардың бірлескен іс-қимылын қажет етеді.

Ғаламдық проблемаларға: біріншіден, бүкіл адамзаттың, әлеуметтік топтардың мүдделері мен тағдырларына қатысты; екіншіден, экономикалық және әлеуметтік шығын әкелетін, шиеленіскен жағдайда адамзат өркениетінің өмір сүруіне қауіп төндіретін; үшіншіден, жалпы ғаламшарлық ауқымда барлық елдердің бірлескен іс-әрекеттерін қажет ететін түйінді мәселелер жатады.

Ғаламдық проблемалардың пайда болу уақыты индустриялық өркениетттің жетістіктерімен сәйкес келеді. Олардың барлығы дерлік толығымен ХХ ғасырдың соңғы жиырма бес жылында, екі мыңжылдықтың шегінде пайда болды. Ғаламдық мәселелер ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына біршама әсер етеді. Дүниежүзілік шаруашылық біртұтас жүйе ретінде ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Бұл кезеңде дүние жүзін аумақтық бөлісу аяқталып дүниежүзілік шаруашылықта екі полюс қалыптасты. Бір жақ полюсінде өнеркәсібі жақсы дамыған елдер, екіншісінде олардың отарлары болды. Соңғыларында ұлттық нарық қалыптаспай жатып, халықаралық еңбек бөлінісіне тартылды.

Қалыптасқан дүниежүзілік шаруашылық бұрынғы отар елдер тәуелсіздік алғаннан кейін де орталық пен шеткі аймақтардың қарым-қатынасы ұзақ жылдар бойы жалғасты. Жоғарыда аталған себептер қазіргі ғаламдық мәселелер мен қарама-қайшылықтардың тууына негіз болды.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде адамзаттың ғаламдық проблемеларын төмендегі топтарға бөлуге болады: бейбітшілік пен қарусыздану, яғни жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау проблемасы, экологиялық және энергетикалық пен шикізат проблемалары, демографиялық және азық-түлік проблемалары, ғарышты бейбіт мақсатта игеру мәселесі және Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемалары. Барлық ғаламдық проблемалар үш топқа бөлінеді.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!