Дүниежүзінің су және әуе көліктері



Өзен және теңіз көліктері. Дүниежүзіндегі көліктердің ішіндегі ең арзаны су көлігі болып табылады. Дүниежүзі экономикасының құрамдасуы күшейген қазіргі кезеңде халықаралық географиялық еңбек бөлінісін жүзегеасыратын су көлігімен жылына 3,6 млрд тонна жүк тасмалданадып, еларалық тасмалдың 75% қамтамасызетеді. Дүниежүзінің сауда флотының 1/3 өнеркәсібі дамыған елдерде тіркелген. Батыс Европаның кеме компанияларының кемелерінің 1/3 арзан «қолайлы» тумен жүзеді, 1/5 бөлігі дамушы елдерінің, қалған бөлігі потсоциалистік елдердің үлесіне тиеді.

Кемелердің жүк сыйымдылығы жағынан дүниежүзінде Либерия, Панама, Жапония, Греция, АҚШ, Греция, Кипр, Қытай жетекші орын алады. Кеме иелеріне салықтық басқада жеңілдіктер жасалатын Либерияның, Панаманың, Сингапурдың, Кипрдің т.б. елдердің «арзан» тумен жүзетін кемелердің жүк тасмалының өзіндік құны басқа елдерге қарағанда 3 есе арзанға итүседі.Маңызды бар теңіз жолдары Атлант, Тынық, Үнді мұхиттары арқылы өтеді. Соңғы жылдары Тынық миұхиты арқылы Жапония мен «Жаңа индустриялы елдерден» тасмалданатын жүктің мөлшері артқанына қарамастан дүниежүзіндегі теңіз арқылы тасмалатын жүктің 50% Атлант мұхитының үлесіне тиеді. Теңз арқылы тасмалданатын жүктің ішіндемұнай және мұнай өнімдері бірінші орын алады (1 млрд т шамасында). Еңм үлкен жүк ағыны Парсы шығанағында қалыптасып, Батыс Европаға, АҚШ-қа, Жапонияға бағытталады. Жылдан – жылға теңіз арқылы тасмалданатын құрғақ жүктің ішінде бірінші орын алатын таскөмірдің мөлшеріде артып келеді (жылына шамамен 400 млн т). Таскөмірді Австралия, АҚШ пен ОАР экспорттайды.Дүниежүзіндегі ең ірі көмір экспорттайтын порт Ричарде-Бей (ОАР) арқылы жылына 30 млн т жүк тасмалданады. Теңіз кемелерімен жылына 340 млн т байытылған темір кені тасмалданады. Темір кенін экспорттайтын негізгі елдер Бразилия мен Австралия. Дүниежүзіндегі ең ірі кен порты Турбанның (Бразилия) жылдық жүк айналымының қуаты 70 млн т. Дүниежүзінің теңіз көлігі арқылы жылына 250 млн т астық дақылдары тасмалданады. Ең ірі Астық экспорттайтын елдер АҚШ, Канада, Австралия, Аргентина. Теңізкөлігі арқылы экспортталатын астықтың басм бөлігі АҚШ-тың үлесіне тиеді. Жүк айналымы жағынан дүниежүзіндегі ең ірі порттарға Ротердам, Сингапур, Шанхай, Нагоя, Иокогама, Тиба, Кобе, Жаңа Арлеан, Филодельфия, Антверпен (Бельгия), Гавр, Марсель (Франция), Лондон, т.б. жатады Олардың әрқайыссының жылдық жүк айналымы 50-100 млн т асады.

Дүниежүзіндегі ең ірі канал Суец (Египет) оның ұзындығы 160 км, ені 120-365 м, тереңдігі 20 м. Жылдық жүк айналымы 350 млн т, тәулігіне 50, 30жылына 18 мың кеме өткізе алады. Тынық және Атлант мұхиттарын байланыстыратын екінші маңызды канал Панама. Оның ұзындығы 82 км, ені 150 – 300 м, тереңдігі 13 -26 м. Жылына 14 мың кеме өткізеді. жылына 150 млн т жүк тасмалданады. Көптеген елдерде теңізбен қатар кеме жүзе алатын өзендер, көлдер мен каналдар кеңінен қолданылады. Дүниежүзінің маңызды ішкі су жолдарына АқШ-тағы жағалық каналдар, Қытайдағы Ұлы канал, Ресейдегі Еділ-Балтық Рейн-Майн –Дунай сужолдары жатады. Ең үлкен өзен, көл флоты бар ел АҚШ.Ішкі су көліктер інің жүк айналымының көлемі ірі елдердің қатарына Қытайды, Ресейді, ГФР-ді, Канаданы жатқызуға болады.

Әуе көлігі. Жылдамдығы жоғары, ұшқыр, байланысу қиынға соғатын аудандарға жеткізуге қолайлы әрі қымбатқа түсетін әуе көлігі халықаралық жолаушы тасмалында маңызды орын алады. болып табылады. Экономикас жоғары дамыған АҚШ-та, ГФР-де, Францияда, Канадада, Ұлыбритания мен Австралияда біршама жиі әуежайлар желісі қалыптасқан. Халықаралық әуе тасмалына 1000 әуежайлар қатысады. Оның 400 жуығы Европада орналасқан. Нью-Иорк, Лондон, Париж, Москва, Токио сыяқты ең ірі аломерациясында бірнеше әуежайбар. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайларға Чикагодағы (О/ Хара), Далластағы, Лос-Анджелестегі, Атлантедегі, Нью-Иорктегі (Кеннеди), Сан-Франциско Лондондағы (хитроу), Токиодағы (Ханеда), Майнадағы Франкфурт, Париждегі, Амстердамдағы әуежайлар жатады.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшінд дүниежүзінің көлік кешенінің құрылымымен танысып, көлік түрлері, маңызы, орналасу ерекшеліктеріне тоқталу қажет

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 

Дәріс №15


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!