Дүниежүзінің теміржол, автомобил және құбыр көліктері



Дүниежүзінің теміржол көлігі. Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1,2 млн км. Теміржолы ең ұзын елдердің қатарына АҚШ, Канада, Ресей, Үндістан, Қытай, ГФР жатады. теміржол желілері ең жиі аймақтың бірі Батыс Европа елдері болып табылады. Мысалы, Белгияда теміржол желісінің жиілігі 100 км2 100 км келеді.Ресейдің Европалық бөлігінде жиі болғанымен Сібірде біршама сирек. Дамушы елдерде теміржолдың жиілігі дамыған елдермен салыстырғанда анағұрлым сирек. Аталған елдер тодының көпшілігінде теміржолдар бір – бірімен мүлдем байланыспағандықтан аудан ішілік және мемілекет аралық байланыстьарды қиынатады. Теміржол көлігінің қызыметіне экономикалық-географиялық жағдайы әсеретеді. Қазіргі кезде жүк айналымы,жылдамдығы менқарқыны жылдан – жылға артып келеді. Жапонияда, Францияда, Италияда, ГФР мен АҚШ-та жылдамдығы 200 км/сағаттан асатын жоғары жылдамдықты теміржол желілері іске қосылған. Ондай бағыттарға Париж-Лион, Рим-Флоренция, Жапон аралдарының барлық бөлігін жалғайтын Тоайдо теміржолы жатады. Электрленген теміржолдың ұзындығынан Ресей дүниежүзінде бірінші орын алады. АҚШ-та жолды электрлендіру кең таралмаған тарту құралы қызыметін теплавоздар атқарады. Жапония мен Батыс Европа елдерінде тарту құралдарының 50 % (Швейцарияда 100%, Францияда 30%) электравоздар атқарады. Автомобилдердің бәсекелесуіне байланысты Баты Европада соңғы жылдары теміржол желілерінің біртіндеп кему үрдісі байқалуда.

Дүниежүзінің автомобил көлігі. Автомобилқазіргі кезде қарқынды дамып кележатқан көлік болып табылады.автомобилмен жолаушылардың 80%, сонымен қатар жақын және орта қашықтыққа жүк тасмалдауда жетекші орын алады. Көліктің бұл түрінің дамуына соңғы он жылда дүниежүзілік автомобил бақтарын тұрақты түрде толықтырып отыруға мүмкіндік беретін машинажасау өнеркәсібінің дамуы әсеретуде. Қазіргі кезде дүниежүзілік автомобил бағындағы көліктің саны 0,8 млрд. дана шамасында.Автомобилдердің 80% экономикасы дамыған елдерде шоғырланған. Олар қатты жабынды жетілдірілген тармақталған жолдар желісімен қамтамасыз етілген. АҚШ,Канада сыяқты елдер автомобилдендірудің символына айналды. Дүниежүзінің аввтомобил жолының ұзындығы 24 млн км, оның үштен бір бөлігі Солтүстік Америкада, төрттен бір бөлігі Батыс Европада шоғырланған.Жүк пен жолаушы тасмалында трансқұрылықтық магистраальды автомобил жолдары маңызды орын алады.Солардың ең маңыздылары Сахараны кесіпөтіп, Африканың солтүстігі мен оңтүстігін жалғастыратын автомобил жолы; АҚШ-тың атлант және Тынық мұхиттарының және Канаданы, Мексиканы одан ары Латин Америкасын жалғайтын жалғайтын, Солтүстік және Оңтүстік Американы жалғайтын Панамерикан, Трансамозонка шосселері жатады. Экономикасы жоғары дамыған елдердің жүк тасмалында автомобил жетекші орын алады. Атап айтсақ, АҚШ пен ГФР-да ел ішіндегі жүк тасмалындағы автомобил көлігінің үлесі 25%, Ұлыбританияда 80%.

Дамушы елдерде ішкі жүк айналымының 1/3 бөлігі автомобил көлігінің үлесіне тиеді. Латин Америкасында жүк тасмалындағы үлесі оданда жоғары.

Дүниежүзінің құбыр көлігі. Көліктің жаңа түрлеріне жатады.Мұнаймен газ құбырлары дүниежүзінің энергетикасының дамуын ынталандырады. Темір кені мен көмір тасмалдайтын құрғақ өнім тасмалдайтын құбырларда бар.Дүниежүзіндегі мұнай құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 400 мың км, магистральды газ құбырының ұзындығы 1000 мың км. Құбыр арқылы тасмалдаудың өзіндік құны теміржолмен тасмалдауға қарағанда төмен, экологиялық қауіпсіздігі жоғары, қоршаған ортаны ластау деңгейі біршама төмен.Құбыр көлігі жалпы жүк айналымында дамушы елдер теңіз көлігінен кейін 2 орыен, экономикасы дамыған елдер 4 орын алады. Солтүстік Америкада құбырлар кен орындаорынан материктің шығысындағы индустриялы орталықтарға тартылған. Европада мұнай мен газ құбырлары теңіз порттарынан құрылықтың орталық бөлігіндегі өнеркәсіп орталықтарына тартылған. Ресейде мұнай мен газ құбырлары Батыс Сібірден елдің европалық бөлігіне одан ары Шығыс және Батыс 7Европаға дейін созылады. Ресейді Шығыс және Батыс Европамен жалғастыратын «Достық» мұнай құбырының ұзындығы 5,5 мың км, ал Уренгой –Батыс Европа газ құбырының ұзындығы 4,5 мың км. Дүниежүзіндегі ең ірі мұнай құбырларына Канаданың Редуотер –Порт – Кредит(4,8 мың км), Эдмонтон – Монрреаль(3,2 мың км) т.б. Құрғақ өнім тасмалдайтын АҚШ-тың Хюстон - Нью-Юорк құбырының ұзындығы 2,5 мың км.Қазіргі кезде Жерорта теңізінің табаны арқылы Алжир мен Италияны байланыстыратын трансжерортатеңіз газ құбыры жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Мексика шығанағында, Солтүстік теңізді батыс Европаны жалғаитын мұнай, газ құбырлары салынып жатыр.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!