Дүниежүзінің мал шаруашылығының географиясы



Дүниежүзінің мал шаруашылығы егіншілікпен, тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты дамиды. Малшаруашылығы мүйізді ірі-қара, шошқа, қой, жылқы, түйе, бұғы, құс шаруашылықтарына бөлінеді. Дүниежүзіндегі ірі-қараның саны 1,3 млрд. бас. Ол аймақтарда салыстырмалы түрде біркелкі таралғанымен өнімділігінің деңгейі әркелкі. Қоңыржай белдеудің орманды, орманды дала зоналарында жайылымды және бір оынында тұрғзып бордақылауға негізделген етті-сүтті және сүтті бағыттағы ірі-қара өсіріледі. Батыс Европа елдерінде дүниежүзінде өндірілетін сүттің 30% шоғырланған.

2000 жылы малбасының саны жөнінен дүниежүзінде жетекші орын алған он ел. млн бас есебімен.

 

Елдер Мүйізді ірі-қараның саны Елдер Шошқаның саны Елдер Қойдың саны
Үндістан 214,9 Қытай 429,1 Қытай 127,2
Бразилия 163,5 АҚШ 62,2 Австралия 119,6
Қытай 107,6 Бразилия 27,4 Үндістан 57,6
АҚШ 98,5 ГФР 26,3 Иран 53,9
Аргентина 55,0 Польша 18,5 Жаңа Зеландия 46,1
Эфиопия 35,1 Ресей 17,3 Ұлыбритания 44,7
Судан 35,0 Испания 17,0 Судан 42,5
Мексика 30,3 Франция 16,2 Пәкістан 31,3
Ресей 28,6 Үндістан 16,0 Түркия 30,2
Австралия 26,7 Мексика 13,9 ОАР 29,2

 

Етті бағыттағыірі-қара біршама құрғақ аймақтарда өсіріледі. Еттібағыттағы ірі-қара Азия, Африка, Латин Америкасы елдерінде басым. Сүтті және етті бағыттағы ірі-қара АҚШ-та, Канадада, Ресейде, ГФР-да, Австралия мен Жаңа Зеландияда дамыған.

Шошқа шаруашылығы Европада, Шығыс Азияда, Америкада дамыған. Шошқа кез-келген климат жағдайындав өсе беруімен ерекшеленеді. Шошқа шаруашылығы дамыған маңызды ареалдар халық жиі қоныстанған аудандармен өнеркәсіті аудандарда, тамақ өнеркәсі кәсәіпорындарының, картоп, астық, өңдеу орталықтарының маңында таралады. Дүниежүзіндегі шошқаның жартысынан астамы Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Корея, Үндіқытай түбегі елдерінде), 1/ 3 Европа елдерінде, (ГФР-де, Францияда, Италияда, Ұлыбританияда, Ресейде, Украйнада, Польшада) 10% жуығы АҚШ-та өсіріледі. Діннің тиім салуына байланысты мұсыман елдерінде шошқа шаруашылығы дамымаған.

Қой шаруашылығы жер шарының барлық бөлігінде таралған. Дүниежүзіндегі қой саны 1,1 млрд. бас. Ет пен жүн өнімдерін өндіретін қой шаруашылығы көптеген мемлекеттердің экономикасының маңызды саласының біріне айналды. Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Аргентина, Үндістан дүниежүзіндегі ет пен жүн өндіретін өдіретін ірі елдер болып табылады. Қой шаруашылығы Ұлыбританияда, Испанияда, Түркияда, Қытайда, Орталық Азия елдерінде, Қазақстанда дамыған. Қазіргі кезде малшаруашылығының қарқынды дамып кележатқан саласы құс шаруашылығы болып табылады. Дүниежүзінің мал шаруашылығының барлық салаларының өнімі жөнінен экономикасы дамыған елдер жетекші орын алады. Дамушы елдерде мал шаруашылығы өнімділігі төмен болуымен ерекшеленеді.. Олардың үлесіне дүниежүзінде өндірілетін сиыр етінің 25% мен сүттің 14% тиеді. Дүниежүзіндегі мал шаруашылығы өнімдерінің саудасында жетекші орынды экономикасы дамыған елдер алады. Австралия, АҚШ, Канада, Бразилия, Франция сиыр етін экспорттаудан; Жаңа Зеландия, Австралия, Ұлыбритания қой етін экспорттаудан; АҚШ, Франция, Бразилия, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды құс етін экспорттаудан; Австралия, Жаңа Зеландия, Австралия, Қытай, Ұлыбритания, Уругвай, ОАР Жүн экспорттаудан жетекші орын алады. Ет товарларын экспорттаушы ірі елдердің көбі ет импорттаушысы болып табылады. Атап айтсақ, Франция мен АҚШ ет товарларын экспорттаудың құнының жиынтығы жөнінен 2-3 орын алғанымен импоттау жағынан 4-5 орын алады. Қазіргі кезде дамушы елдерде ет өндіру қарқыны артып келеді. 1961 -1994 жылдар аралығында экономикасы дамыған елдерде ет өндіру екі есе,(50 млн. тоннадан 94 млн.т дейін) артса, дамушы елдер тобында 5 есе (16 млн. тоннадан 87 млн. тоннаға дейін) арты. Ет товардларының саудасына санитарлық-гигиеналық талаптардың артуына байланысты дамушы елдерді дүниежүзілік нарықтан ығыстыру үрдісі байқалуда

Дүниежүзілік өнеркәсіп сыяқты ауылшаруашылығы мен көліктің дамуына Ғылыми-техникалық прогресс әсеретеді. Өнеркәсіптің, көлік салаларын индустрияландыру мен өндірістік қуатын арттырып жаңа технологияларды енгізу, қоғам өмірінің барлық салаларын жетілдіру ауылшаруашылығын дамытуға тікелей немесе жанама түрде әсеретеді. Ауылшаруашылығы өндірісіндегі прогреске 20-30 жылдардағы «тракторландыру» 40-50 жылдардағы «селекция мен химияландыру», 60 жылдары жүргізілген «жасыл революцияны» жатқызуға болады.

Ауылшаруашылық өнідірісінің өнімділігін арттырып интенсивтендіруді көздейтін агротехникалық шараларды «жасыл рволюция» дейміз. Оның құрамына ауылшаруашылық дақылдары мен малдың өнімділігіән арттыруды көздейтін селекция, химияландыру, мелорация кіреді. «Жасыл революцияның» екінші кезеңінде ауыл шаруашылық өндірісне жаңа аграрлық технологияла мен әдістерді енгізу экономикасы жоғары дамыған елдердің ірі ауылшаруашылық құрылымдарнда ғана жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық азық-түлік ұйымының (ФАО) мамандарының есептеуі бойынша жердің беткі ауданының 70% егіншілікті дамытуға қолайсыз, 13% салыстырмалы түрде өнімділігі аз, 6% өнімділігі орташа, тек 3% өнімділігі жоғары. Қазіргі кезде жердің беткі ауданының 11% жыртылған. Шамамен жер бетінің 26% жайылым ретінде пайдаланылады.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін дүниежүзі агроөнеркәсібінің орналасу заңдылықтарымен, құрылымымен және формаларымен танысып, өсімдік және мал шаруашылығының таралуының ірі аудандарына сипаттама беру керек.

 

1 Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

Дәріс №14


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!