Дүниежүзінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарын өсіетін негізгі елдер



Р/с Бидай Күріш Жүгері Соя Күнбағыс
  Қытай Қытай АҚШ АҚШ Ресей
  Үндістан Үндістан Қытай Бразилия Украина
  АҚШ Индонезия Бразилия Қытай АҚШ
  Франция Бангладеш Канада Аргентина Аргентина
  Ресей Вьетнам ГФР Үндістан Қытай
  Мақта Шай Темекі Қант құрағы Қаныт қызылшасы
  Қытай Үндістан Қытай Бразилия Франция
  АҚШ Қытай Үндістан Үндістан АҚШ
  Пәкістан Шри-Ланка Бразилия Қытай ГФР
  Үндістан Кения Түркия Мексика Қытай
  Бразилия Индонезия Индонезия Куба Ресей

 

Бидай мен жүгеріні АҚШ, Канада, Франция, Австралия, Аргентина, Қазақстан экспорттайды. Аталған дақылдардың ½ бөлігін дү ниежүзілік нарыққа АҚШ шығарады.Күрішті экспорттаушы басты елдер Тайланд, Қытай, Вьетнам, АҚШ, Үндістан, Астық дақылдарының тең жартысы дамушы елдерде өсіріледі.

Астықтық бұршақдақылдары (соя, фасоль, бұршақ, чешевица) азық-түлік ретінде алун түрлі мақсатта қолданады. Ол Үндістан, Индонезия, Қытай, Корея, Вьетнам, Пәкістан сыяқты елдерде басты азықтүлік ретінде маңызды орын алады.

Техникалық дақылдар талшықты, (мақта, зығыр, джут (кендір), сизаль), майлы дақылдар (күнбағыс, арахис, оливтер, рапс, соя), қанытты дақылдар (қаныт құрағы, қант қызылшасы, қант пальмасы), крахмалды дақылдар (картоп, маниок, ямс, күріш, жүгері, батат), сергітетін (шәй, кофе, какао),каучуктыдақылдар, дәрілік өсімдіктер болып бөлінеді.Экономикасы дамыған елдерден ауылшаруашылық дақылдарының барлық түрлерін экспорттаудан тек АҚШ қана еркшеленеді. Техникалық дақылдардың басым бөлігі дамушы елдерде өсіріледі.Шәйдың отаны Қытай, кофенікі эфиопия, какаоныкі мексика таулықыраты. Дүниежүзінде жылына 6 млн.т. кофе, 2,5 млн. т. шәй жиналады.Кофе плантацияларының басым бөлігі Бразилия, Колумбия, Индонезиямен қатар Бурндиде, Эфиопияда, Камерунда, Анголада, Заирде, Кот-д/ Иварда және Үндістанда шоғырланған Какао бұршағының 70% Африкада өндіріледі.

С. Африкамен Б. Азиядағы құрма пальмасы, Оңтүстік, оңтүстік-Шығыс Азияда, Африка мен Латин Америкасында өсетін какос пальмасы Субтропиктік, тропиктік аймақтардағы маңызды азық-түліктік дақыл болып табылады. Дүниежүзілік саудада банан маңызды орын алады Оның плантациялары Латин Америкасы,Азия мен Африканың ылғалды тропиктегі елдерінде шоғырланған.

Көкөніс, жүзім және жеміс – жидекте дүниежүзінің ауылшаруашылығында маңызды орын алады. Әлемге танымал жеміс бақтары Жерорта теңізі жағалауында, Калифорния мен Флоридада, орналасқан. Жүзімдіктердің басым бөлігі Италия, Испания Франция, Алжирде шоғырланған.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!