Дүниежүзінің агроөнеркәсіп кешенді орналастыру заңдылықтары



20 ғасырда дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы ғылыми техникалық прогреске байланысты қалыптасқан үрдістің бірі аграрлық өнеркәсіптік интеграция болып табылады. АӨИ –дің қалыптасуына әсер ететін басты факторға ауыл шаруашылық шикізатын дайындайтын стандарттармен тамақ және көп пайдаланылатын киім өнімдеріне деген сұраныстың артуы, өңдеуші өнеркәсіптік салаларында қаржы капиталының жинақталуы, көлік жүиесінің дамуы, ауыл шаруашылықтың мамандануы мен индустриялануы, шоғырлануы жатады. Көптеген елдерде орталықтанған мемлекеттік жоспарлы экономикадан басқа агроөнеркәсіптік құрамдасудың (интеграцияланудың) жүзеге асуына өнеркәсіптік және сауда манаполиялары әсер етуде.Агро өнеркәсіптік кешен 20 ғасырда қалыптасты. Оның құрамына әртүрлі даму деңгейдегі қарым-қатынастың формалары әртүрлі, саяси-әлеуметтік ерекшелігі бар аграрлық маманданған жеке ұлттық ауыл шаруашылық кешендері кіреді. Агроөнеркәсіптік кешенге үш ссладан тұрады.

1. Өндірістік құрал – жабдығын шығаратын және ғылыммен қамтамасыз ететін өнеркәсіп салалары.

2. Ауылшаруашылығы.

3. Ауылшаруашылық өнімдерін өндеп таратып тасымалдау (тамақ, көлік өнеркәсібі.)

Агроөнеркәсіптік интеграция 1950 ж АҚШ-та көкөніс және жеміс-жидек шаруашылығында пайда болғаннан кейін батыс және шығыс Еуропа, Аустралия, ТМД елдеріне тарады. Қазіргі кезде агроөнеркәсіптік кешен жеке аймақтық елдік және ғаламдық деңгейде дамыған. Экономикасы дамыған елдер ұлттық агроөнеркәсіптік дамыған кешен құрамына маманданған кешен тармағын қамтып ірі аумақта әрекет етуіне байланысты диформацияланған. Дамушы елдер Азия мен Африканың Латын Америкасының дамушы елдерінде агроөнеркәсіптік кешен қалыптасу үстінде. Агроөнеркәсіптік кешеннің жеке анклобалары ауыл шаруашылығына маманданған Дж рынокка өнім өткізетін агроөнеркәсіптік бірлестіктер қалыптасуда. Оларға көбіне шетелдік манаполиялар мен транс ұлттық корпорациялар үстем етеді. Экономикасы күшті дамыған елдерде агроөнеркәсіптік кешеннің үлесі 3/1-нен артпайды.Агроөнеркәсіптік кешеннің даму деңгейі айқындалады. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін халықтың үлес салмағы кеміген сайын ауылшаруашылық өнеркәсіптік интеграцияның жалпы деңгейі жоғары болды. АӨИ –дің артуы Дж ауыл шаруашылығының дамуында 74жеделдетіп оның дамуын орналасуын алдыға жылжытты.

Өндірістің ең ежелгі салаларының бірі ауыл шаруашылығында ең басты азық түлікпен қамтамасыз етуші салаларының бірі. Онда Дж-гі халықтың экономикалық қарқын ды бөлігінің тең жартысы жұмыс жасайды. Оны экономикалық қарқынды бөлігі деп атайды. Ауыл шаруашылығында 250 млн халық қызмет етеді. Дж халқының артуына байланысты жыртылған жердің жан басына шаққанда мөлшері кемуде. Егер 1980 ж 0.3 га болса, 1996 ж 0.26 га кеміді. Қазақстанда

1.5 га Қытайда 0.1 Жапонияда 0.03га-ға тең. 70% жайылым 28% егістік 2% көп жылдық егілген орман алқаптары. Халықаралық еңбек бөлінісінің жүиесіндегі елдердің орны мен мамандануы азықтық мал азықтық техникалық дақылдардың егіс көлеміндегі құрамына әсер етеді. М: мал шаруашылығы егіншілік бірдей деңгейде дамыған.АҚШ –та егістіктің тең жартысын мал азықтық және техникалық дақылдар алып жатыр.

Егіншішілік (өсімдік шаруашылығының) географиясы. Егіншілік Егіншішілік (өсімдік шаруашылығының) құрамына азық-түліктік және жеңіл өнеркәсіпте қолданылатын басқада дақылдар кіреді. Олар-астық, астықтықбұршақ, көкөніс, бақша, малазықтық және техникалық дақылдар. Астықтық дақылдар өсімдік шаруашылығының негізі болып табылады. Ол дүниежүзіндегі өңделетіе жерлердің тең жартысын алып жатыр. Астық дақылдарының таралу ареалы адамзаттың қоныстану ареалымен сәйкес келеді. Көптеген елдерде егіс көлемі жағынан астық дақылдары жетекші орын алады.Ұлыбританияда, Францияда мен италияда егіс көлемінің 60%, Ресейде, Польшада, Жапонияда, ГФР-да 60-70%, Ветнам мен Монғолияда 80% жуығын алып жатыр.

Қоңыржай және субтропиктік ендіктердің негізгі астық дақылы бидай. Ол Евразия мен С. Амеиканың басым бөлігінде мыңдаған км созылған тұтас белдеу түзеді. Бидай 70 елде егілгенімен жиналатын өнімнің негізгі бөлігі бірнеше елде шоғырланған.Дүниежүзінде 2000 жылы 570 млн. т. бидай жиналды. Жүгерінің егілетін аудандары бидаймен сәйкес келгенімен сәл оңтүстікте негізінен С.Америкада шоғырланған. Экваторлық және тропиктік белдеулердің маңызды астық дақылы күріш. Оның егіс көлемінің біршама аз болуына қарамастанбір жылда жиналатын өнімі бидайдан кем емес..Дүниежүзінде 2000 жылы 560 млн. т. астам күріш жиналды. Экономикасы дамыған елдергеагротехника мен еңбек өнімділігі жоғары, мол өнім беретін көп салалы қарқынды астық шаруашылығы тән. Дамушы елдердің басым өлігіне механикаландыру мен химияландыру деңгейі төмен, аз өнім алатын экстенсивті астық шаруашылығы тән.

Дүниежүзілік нарыққа жылына 200 млн. т. астық дақылдары шығарылады. Оның 90-100 млн.т. бидай, 60-70 млн.т жүгері, 25 млн.т. күріш өндірілді.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!