Дүниежүзінің жеңіл өнеркәсібінің салалық құрамы



Жеңіл өнеркәсіп халықты тұтынатын мата, тігін, киім, аяқкиім былғары, зерігерлік және жиһазжасау өнімдерін өндіретін сала тармақтарын біріктіреді. Дүниежүзілік статистикада жеңіл өнеркәсіптің кейбір салалары химия, ағаш өнеркәсіптерінің құрамына кіреді. Жеңіл өнеркәсіп ауылшаруашылығы мен химия өнеркәсібімен тығыз байланысты. Өндірісті орналастыруға тұтынушы мен шикізат факторы әсеретеді. Химияөнеркәсібі жеңіл өнеркәсіпке қажетті синтетикалық тматериалдар (жасанды жібек, жасанды былғары, синтетикалық талшық, синтетикалық каучук т.б.) Экономикасы дамыған елдерде жеңіл өнеркәсіп ірі және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде орналастырылады. Дамушы елдер үшін экспорттық мәні бар маңызды сала болып табылады. Аталған елдерде бұл сала тұтас алғанда 40-45% артты. Соңғыс жылдары бұқараттық сипаттағы өнім шығаратын салаларын орналастыруға өндірістің техникалық жарақтандыру деңгейімен қатар арзан жұмыс күші, әсеретеді.Оған жаңа индустриалы елдерде жеңіл өнеркәсіптің қарқынды дамуы дәлелдейді. Тоқыма, тігін және аяқкиім жеңіл өнеркәсіптің көшбасшысы болып қалуда..Олардың үлесіне дүниежүзілік өндірістің 1/3 бөлігі тиеді. Өнім өндіру көлемі жағынан ең ірісі тоқыма өнеркәсібі. Оның құрамына мақта-мата, зығыр, жібек, шұға (жүн матасы), кілемтоқу, химиялық талшықтардан мата тоқу өндірісі кіреді. 1990 жылдардың соңында тоқыма өнеркәсібі жылына 45 млн. тонна негізгі шикізатты пайдаланды. Оның 45% мақта, 50% жуығын синтетикалық және жасанды талшықтар, 4-5% жүн мен басқа талшықтар құрады. Бірінші орынды синтетикалық және жасанды талшықтар мақтам мен жүнді ығыстырып, бірінші орынға шықты. Табиғи және жасанды таллшықтар аралас тоқылған маталар жібек пен жүн маталарын ығыстырып, мақта матасымен бәсекелесуде. Аралас талшықтан тоқылған маталарды өндіруші ірі елдерге АҚШ, Үндістан, Жапония, Корея Республикасы, Таивань аралы, Қытай, ГФР жатады. Химиялық талшықтардан тоқылатын маталардан айырмашылығы мақта маталарын өндіру дамушы елдерде дамыған. Мақта маталарын тоқитын ірі өндірушілерінің қатарына Қытай,ғ Үндістан, Жапония, Италия ГФР жатады. Мақта маталарын экспорттайтын ірі елдерге Пәкстан, Үндістан, Египет,Қытай жатады. Жүн, зығыр, жібек маталарының мөлшері біршама аз. Жүн маталарын тоқып экспорттайтын ірі елдердің қатарына Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Уругвай, ОАР жатады.

Тігін өнеркәсібі. Көптеген дамушы елдерде тігін өнеркәсібі арзан жұмысшы күшіне пайдаланатындықтан экспортқа бағытталады. Тігін өнеркәсібінің өнімдерін экспорттайтын ірі елдерге Корея Республикасы, ГФР, Таивань аралы, Түркия, Үндістан, Португалия жатады. Қазіргі кезеңде жеңіл өнеркәсіптің дамыған елдердегі үлесінің біртіндеп кему үрдісі баиқалуда. 1990 жылдардан бастап күрделі әлеуметтік – экономикалық өзгерістердің болуына байланысты постсоциалистік елдердің жеңіл өнеркәсібі дағдарысқа ұшырап, түбегейлі бетбұрыстар болып жатыр.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!