Ағаш өнеркәсібіне сипаттама



Орман шаруашылығының маңыздылығы ағаштың және ағаштан жасалған бұйымдардың шаруашылықта және адамның күнделікті өмірінде атқаратын рольімен анықталады. Сонымен қатар, орман шаруашылығының дамуы орман ресурстарының байлығына да тікелей байланысты.

Орман ресурстары жер ғаламшарында біркелкі таралмағанымен ерекшеленеді, ал оларды шаруашылыққа есепсіз, тиімсіз пайдалану табиғатқа үлкен кері әсерін тигізеді.

Орман шаруашылығының салалық құрамына келетін болсақ, олар біріншіден, өте күрделі, бірақ, бір-бірімен тығыз байланысты екенін көреміз.

Сондықтан, көп жағдайда орман өнеркәсібін орман шаруашылығының кешені деп те атайды. Олай деп аталуының да өзінше жөні бар, себебі, орман шаруашылығының кешенінің барлық салаларында оның негізгі, бастапқы шикізаты ретінде тек ағаш пайдаланылады. Орман кешені салаларының бір-бірінен айырмашылығы тек ағашты өңдеу ерекшеліктерінің технологиясымен және шығаратын өнімдердің атқаратын қызметтерінің өзгешелігімен сипатталады. Орман шаруашылығында қолданылатын технологиялардың ерекшелігіне байланысты:

1/ ағашты өңдеуге дайындау өнеркәсібін бөліп қарастырады. Ерекшелігі: технологиялық тұрғыдан оған орманда ағашты өңдеуге жеткізу статьялары жатады.

2/ ағашты механикалық жолмен өңдеу сатысын бөліп қарастырады. Технологиялық тұрғыдан ол ағашты өңдеудің, мына сатыларын қамтиды: ағашты тілу, одан тақтайлар алу және фанера жасау, ал ағашты тілу барысында қалған қалдықтардан ағаш қиындыларын желімдеп, тақтай жасау және ағаш талшықтарынан тақтай жасау құрылыс бөлшектерін дайындау, сонан соң олардан стандартты үйлер тұрғызу, жиһаз құрастыру тағы басқа.

Орман шаруашылығы ағаш өңдеу өнеркәсібінің үшінші бір саласы ол – ағашты химиялық және химиялық – механикалық жолмен өңдеу жатады. Бұл салаға целлюлоза, қағаз өнеркәсібі де жатады. Осы орман кешенінің салалары дүниежүзілік шаруашылықтың дамуында белгілі роль атқарады, бірақ оның әртүрлі салаларының ролі уақыттың озуына байланысты әрқилы болып өзгеріп отырады. Осы өзгерістерге байланысты олардың географиялық орналасуларында да бірқатар өзгерістер болып тұрады:

- ағашты өңдеуге дайындау өндірістің басты функциясы – орманда ағашты кесіп, оларды көлікпен тасымалдап өңдеу өнеркәсібі орындарына жеткізу. Дүниежүзі бойынша ормандарда ағашты кесіп, өндіріске дайындау 1965 жылы 2 млрд. текше м. болса, 1985 жылы ол көрсеткіш 3.1 млрд. болды, 1990 жылыдың басында 3.4 млрд. текше метр құрды. Осы 1990 жылы көп уақыт бойы ағаш дайындау осы деңгейде сақталынып тұрды. Бірақ, осындай бірқалыпты жағдайдың астарында барлық орман өндірісінің ішіне байланысты болған географиялық өзгерістер жүріп жатты. Олар мыналар: орман ағаштарын әсіресе көп мөлшерде кесу, оңтүстік белдеулерде орналасқан дамушы елдерге қарай көшті. Керісінше солтүстік белдеулерде орналасқан дамыған елдерде ағаш кесу көп кеми бастады. Оны мынадай фактілермен дәлелдеуге болады: орманда ағаш кесуден алғашқы он мемлекетке келетін болсақ, бұдан бар жоғы 15-20 жыл бұрын алдыңғы қатарда АҚШ, Ресей, Канада, Финляндия, Швеция тұратын болса, қазіргі кезде осы топқа Қытай (ол қазір 2-ші орынға шықты), Үндістан, Индонезия, Нигерия қосылды, олардың артынша келе жатқан елдердің ішінде Малайзия, Эфиопия. Осы орманда кесілген, бірақ өңделмеген домалақ діңгектерде экспортқа шығарудан да оңтүстік белдеудің елдері алға шықты. Олар: Индонезия, Бразилия, Малайзия. Осы мәліметтерге сүйене отырып мынадай қорытынды жасауға болады. Қазіргі кезде экономиксы дамыған және дамушы елдер ағаш өңдеу өнеркәсібінең дамуына қолайлы жағдай болып отырды.

Ал шындығына келетін болсақ, бұл шаруашылықтың іс - жүзіндегі жағдайы олай емес, себебі орманда кесілген ағаштың көбі экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіпте, құрылыста іс-жүзінде пайдаланылады. Ал дамушы елдерде кесілген ағаштар көп жағдайда отын ретінде пайдаланылады. Сондықтан орманда кесілген ағаштың бәрін екі топқа бөліп қарастырады.

1) Өндірістік немесе өнеркәсіптік

2) Отынға жағатын

Экономикасы дамыған елдердегі отын ретінде пайдаланылатын шикізаттар құрамында отқа жағылатын ағаштың үлесі көп болмайды. Мысалы, Канадада ол 3%, Швецияда 6%, Финляндияда 8%, АҚШ 12%, тек Ресейде ғана бұл көрсеткіш айтарлықтай 26%. Ал енді дамушы елдердің отын балансында отқа жағылатын ағаштың үлесі өте жоғары. Африкада – 78%, оның жеке елдерінде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мысалы Эфиопияда – 96%, Нигерияда – 95%, Азия елдерінде де бұл көрсеткіш өте жоғары деңгейде. Мысалы, Үндістанда -90%, Индонезияда – 80%, Қытайда- 68%.

Латын Америкасында ағаш көбіне отын ретінде жағылады, мұнда отын балансында ағаштың үлесі 57% құрайда, ал жеке елдерінде, мысалы Бразилияда ол одан да жоғары 70%-ке жетеді. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің 2-ші технологиялық стадиясы ағашты механикалық жолмен табылады. Механикалық өңдеу дегеніміз – ағашты тіліп, одан тақтай алып, сонымен қатар фанера жасау, тағы басқа құрылыс детальдарын дайындау жасалды. Дүниежүзі бойынша 1990 жылы ағашты механикалық жолмен өңдеп, одан тілініп алынған ағаш материалдардың мөлшері жылына 430-440 млн. текше метрді құрды. Осы тілініп алынған ағаш материалдарын шығаруда АҚШ – 110 млн. тонна, ағаш өнімдерін шығарды және Канадада – 65 млн. тонна. Осы мемлекеттерден кейінгі орында Қытай, Жапония, Ресей, Бразилия, Үндістан, фанера жасаудан да алдыңғы ондыққа кіретін осы елдер. Ал ағаш қиындылары (опилька) мен ағаш қиындыларын қосып желімдеп, тақтай жасайды, оны ДСП дейді. Осы ДСП жасаудан Батыс Еуропа елдері алдыңғы қатарда. Олар: ГФР. Франция, Швеция, Финляндия. Ал тілінген ағаш материалдарын эспортқа шығарудан алдыңғы қатардағы мемлекеттер, АҚШ, Канада, Швеция, Финляндия, Ресей соңғы жылдары осылардың қатарына қосылғандар Бразилия, Нигерия, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің 3-ші технологиялық стадиясы ағашты химиялық және химиялық-механикалық жолдармен өңдеуді қамтиды. Бұл стадияда шығарылатын жасалатын бұйымдарға целлюлоза, қағаз және картон жатады. Целлюлоза өндіретін өнеркәсіп орындары негізінен солтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар зоналарының белдеулерінде орналасқан мемлекеттерде дамыған. Сондықтан да, целлюлозадан әлемдік өнімнің жартысын АҚШ –пен Канадада орналасқан өнеркәсіп орындары береді. Дегенмен, алғашқы ондықтың ішіне кіретін мемлекеттер қатарында Қытай, Бразилия да бар.Дәл осыған ұқсас географиялық жағдай қағаз өндіру өнеркәсібінің тән. Барлық өндірілетін қағаз, өнімдерінің ішінде күнделікті жазуға пайдаланылады және баспаханаларда қолданылатын қағаздың үлесі 30% құрайды. Газет басуға арналған үлесі 13%, қалған 57 %-ы тең қағаз өнімдері буып-тыю, орау және картон жасайтын, сонымен қатар, технологиялық және санитарлық мақсаттарда пайдаланылатын қағаздарды шығаруға жұмсалады.

Дүниежүзі бойынша 1970 жылы 130 млн. т. 1990 жылы- 300 млн.т.

Ал қағазды экспортқа шығарудан тағы да экономикасы дамыған елдер тұрады. Ол жөніндегі нақты мәліметтерден төмендегі кестеден байқауға болады.

 

 

Кесте1 Қағаз және картон өндіруден әлем елдерінің ішіндегі


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!