Органикалық синтез материалдарын немесе полимер материалдарын өндіру географиясы.



Полимер материлдарын өндіру 2 сатыдан тұрады.:

1. ол органикалық синтез жолымен алғашқы полимерлерді алу.

2. сол алғашқы полимерлерден іске қажетті тұтынуға пайдалануға болатын соңғы полимерлерді алу. Бірінші полимерлерге мыналар жатады: органикалық синтез жолымен алынатын этилен, бензол, пропилен және т.б. Бұлардың ішінде этиленнің маңызы өте зор. 20 ғасырдың 50 жылдарында барлық этилен тек АҚШ- та ғана шығаратын қуатты өндіріс орындары Батыс Европада, КСРО-да, Жапонияда іске қосылды. Ал 80-90 жылдарында этиленді шығаратын өндіріс орындары дамып келе жатқан елдерге қарай ауысты. Негізінен мұнай өндіретін елдерге қарай ауысты: мысалы, Парсы шығанағы елдеріне: Индонезия, Қытайға, Венесуэллаға, Мексикаға, Үндістанға, Корея Республикасына, Малайзияға, Таиландқа, және Тайвань аралдарында қоныс тапты. Екінші немесе соңғы полимер қатарына кіретіндер құрамы: пластмасса, синтетикалық смолалар, химиялық тыңайтқыштар, жіптер, синтетикалық каучуктер. Осылардың ішінде өте тез дамығаны ол пластмасса шығару. Мысалы, 1950 жылы-әлемде 1,6 млн.тонна пластмасса өндірілсе, 2000 жылға қарай оның деңгейі 130 миллион тоннаға жетті. Пластмассаны алюминий сияқты ең көп қажет ететін өндіріс саласы – автомобиль жасау өнеркәсібі. Химиялық талшықтар мен жіптер шығаруда үлкен қарқынмен дамуда. Мысалы, 1950 жылы – 1,7 млн,тонна өнім өндірілсе, 2000 жылға қарай оның мөлшері 36 млн,тоннаға жеткен. Химиялық талшықтарды екі топқа бөледі.

1. табиғи полимерлерден (немесе целлюлозадан) алатындар. Оларды қолдан жасаған немесе жасанды талшықтар деп атайды.

2. синтетатикалық талшықтар деп аталытандар. Оларды көмірсутектерден болмаса мұнай газ қалдықтарынан алады. Жасанды және синтетикалық талшықтар өндірудің мөлшері 1950 жылы-90:10 болса, 2000 жылға қарай ол 15:85 болды. Экономикасы дамыған елдерде, Қытайда, Азиядағы жаңа индустриалды елдерде синтетикалық талшық шығарылмаса, дүние жүзінде бар талшықтардың 4/5-9/10, ТМД елдерінде негізінен жасанды талшықтарды көбірек өндіріледі. Біздегі мұнай мен газ қалдықтары негізінен мазут түрінде отынға пайдаланады.

Синтетикалық каучукты әлемде бірінші болып бұрынғы КСРО-да 1930 жылдары шығарған болатын. Ол кезде ол өсімдіктер құрамынан алынған спирттен жасалатын болатын. Казіргі кезде синтетикалық каучук көмірсүтектерден алынады. әлем елдері бойынша 1950 жылы бар-жоғы 0,6 млн. тонна синтетиалық каучук алынған болса, оның мөлшерін 2000 жылға қарай 10 млн,тоннаға дейін өскен және синтетикалық жолмен алынған каучук мөлшері табиғи жолмен алынған каучук мөлшерінен 2 есе асып түседі.

Екінші немесе соңғы полимер материалдарын өндіруден 20 ғасырда болған географиялық өзгерістерге келетін болса, мына бағыттарды атап көрсетуге болады. Осы өнімдерді өндіруде Батыс Европа елдері Солтүстік Американың және ТМД елдерінің үлесі бірте-бірте азайып, керісінше шетелдік Азия мемлекеттерінің үлесі асып келеді. мысалы, химиялық талшықтар шығарудан олардың үлесі қазіргі кезде 60 пайызға дейін жетсе, пластамасса және синтетикалық каучук өндіруден олардың үлесі қазір 30 пайызға жетіп кетті. Осындай өзгерістерге байланысты соңғы полимер материалдарын өндіруде алғашқы орынды алатын 10 мемлекеттің қатарында бірқатар өзгерістер болды. Мысалы, 1950, 1960,1970 жылдары осы ондық ішінде бірде-бір дамушы мемлекет жоқ болатын. Ал 1980,1990 жылдарда дамушы елдер алғашқы ондыққа кіре бастады. 2000 жылға қарай олар осы алғаш ондық ішінде тіпті көбейе бастады.

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін дүниежүзінің химия өнеркәсібінің салалық құрамы мен орналасу ерекшеліктерімен танысып, ірі орталықтарына сипаттама беру керек.

 

Әдебиеттер:


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!