Химия өнеркәсібінің салалары



 

Өткен XX ғасыр химия өнеркәсібінің қауырт дамыған ғасыры болды. Бұл машина жасау саласымен қатар серпінді дамыған саласы саласы болып табылады. Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінің дамуы қай елдің болсын экономикалық дамуының жаңғырғанын, оның ғылыми техникалық жетістіктерді пайдалануды қай деңгейде екенін анықтайтын индикатор болып саналады. Дүниежүзінің экономикасы дамыған мемлекеттердің барлығы бұл саласы, әсіресе, оның органикалық синтез химиясын үдете дамытып отыр.

Химия өнеркәсібінің шығаратын өнімдері: қышқылдар, тыңайтқыштар, бояулар, лактар, сырлар, улы химикаттар, жасанды талшықтар, жасанды каучук, пластмасса, және көптеген т.б. заттар. Олардың барлығы шаруашылықтың көптеген салаларында қолданылады. Мысалы, машина жасау саласында пластмассалар, резеңке, кей бөлшектерді өңдеуге қышқылдар көп қолданылса тау-кен өнеркәсібінде химиялық өнімдкр қопарғыш зат ретінде қолданылады. Тоқыма өнеркәсібінде бояулар мен химиялық талшықтар, ауылшаруашылығында минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар көптеп қолданылады.

Дүниежүзінің әр бөлігінде орналасқан мемлекеттерде химия өнеркәсібі салаларының дамуы, орналасуы әрқалай. Себебі, ол осы елдердің бабиғи, экономикалық, тарихи, ғылыми техникалық даму жағдайы мен басқа да көптеген факторлармен байланысты. Сонымен қатар, химия өнеркәсібі салаларының өздеріне тән мынадай ерекшеліктері бар. Мысалы, химия өнеркәсібінің біраз салалары аумақтық тұрғыдан келгенде онша шоғырланбай тұтынушыларға бейімделіп орналасады. Бұлар әдетте лак, сыр, тұрмыстық химикаттар, фармацевтикалық дәрі-дәрмек бұйымдарын шығару, тыйтқыштардың кейбір түрлерін шығаратын шағын кәсіпорындар басып келеді. Мұндай кәсіпорындар көбіне технологиялық тұрғыдан дербес мекемелер болып келеді де, оларды іс жүзінде дамыған елдердің қай жерінде болсын ұйымдастырылып, орналастырып алуға болады.Химия өнеркәсібінің барлық салаларын тұтас алып қарайтын болсақ, оның өнеркәсіптік құрамында өзара тығыз байланысты кәсіпорындардың бар екенін көруге болады. Мысалы, ішкі және салааралық байланыстарға негізделген ірі мұнай-химия кендері осындай. Олардың орналасуы шикізат және эпергетика базаларына байланысты ұйымдастырылады. Орналастырудың мұндай түрі іс жүзінде әлемнің химия өнеркәсібінің ірі аудандары мен орталықтардың барлығына тән. Олардың ішінде АҚШ-тағы Техас пен Питсбург, Ресейде Еділ бойы, Украинадағы Донбасты, ГФР-де Рур мен Лейпциг және Галлені, Румынияда Карпат өңірін, т.б. химия өндіріс орталықтарын айтуға болады.

Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда химия өнеркәсібінің тағы өзгешелігі, әрі оның потенциялы ол – қазіргі кездегі ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйене отырып іс жүзінде әртүрлі табиғи және өндіріс қалдықтарын шикізат ретінде айналдыруға шексіз мүмкіндік береді. Мысалы, біріншіден химия өнеркәсібі шикізаттың бір түрінен әртүрлі химикатар, өнімдер алуға мүмкіндік береді. Екіншіден, біртүрлі бұйымды, өнімді әртүрлі шикізаттан алуға мүмкіндік туғызады. Мысалы, синтетикалық каучукты ғылыми- техникалық жетістіктерге байланысты әр кезеңдерде алдымен азық-түліктік шикізаттан алса(мысалы, картоптан), кейінірек оны ағаштан, көмірден, табиғи газдан, серіктес мұнай-газдарынан, мұнай өңдеу қалдықтарынан және т.с.с. әртүрлі заттардан алуға мүмкіндік туғызды. Осы аталған фактілерге байланысты тағы бір мысал келтіруге болады. Химия өнеркәсібінің шикізат базасы аса кең. Мысалы, химия өнеркәсібі суды шикізат ретінде де, қосалқы құрал ретінде де пайдаланылады. Дегенмен, қазіргі кезде химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты ретінде мұнай мен әртүрлі газ, көмірді кокстеу өнімдері пайдаланылып жүр.

Жалпы химия өнеркәсібі өзінің өте күрделі құрамымен ерекшелінеді. Шығаратын өнімнің, бұйымның заттарын технологиялық ерекшеліктеріне қарап, оның құрамында 200-ден астам сала мен салааралық өндірісті бөлуге болады.Олардың өндіретін өнімдерінің жеке-жеке түрі 1,0млн астамға жетеді. Топтастыра келе химия өнеркәсібін құрылымдық жағынан мынадай салаларға бөлуге болады.

1. Тау-кен химиясы өнеркәсібі Бұған фосфориттер, тұздар, күкірт, бораттар және т.б. минералды шикізаттарды өндірумен байланысты химия өнеркәсібінің түрлерін жатқызады.

2. Негізгі химия өнеркәсібі. Оған: тұздар, қышқылдар, минерал тыңайтқыштарын алумен байланысты химия өнеркәсібінің түрі.

3. Органикалық синтез химия өеркәсібі. Бұл топқа жататындары көмірсутек шикізатын және жартылай фабрикаттарды өндіру салалары жатады. Алдыңғы 1,2 топтар химия өнеркәсібінің «төменгі қабатын» құрайды, әсірелеп айтсақ «фундаменттік» құралуын 3-ші тобы химия өперкәсібінің «жоғары қабатын» құрайды. Мысалы, осы органикалық синтез химияның «жоғарғы қабатында» шығарылатын өнімдер адамға күнделікті қажетті бұйымдар кіреді. Олардың ішінде дәрі-дәрмек жасау фармацевтикасы, неше түрлі жуғыш заттар, сурет жасайтын химикаттар, сонымен қатар парфюмерия, косметика тауарлары.

1. Тау-кен химия өнеркәсібі өз дамуында негізінен географиялық тұрғыдан барланып іске қосылған әралуан тау-кен өнеркәсібінің шикізат қорына сүйене отырып өркендейді. Химия өнеркәсібінің бұл саласы негізінен көп стадиялы өндіріс комбинаттарынан тұрады. Қазіргі кезде бұл өндіріс орындары негізінен дамушы елдерде орналасқан. Мысалы,тҚазақстанды алсақ, ол – ең алдымен Қаратау алабындағы фосфоритті өңдейтін; Тараздағы, Шымкенттегі фосфор зауыттары; сонымен қатар, Павлодар мен Қызылорда облыстарындағы кварциттерін, калий тұздарын өңдейтін комбинаттар. Әлемдік масштабта тау-кен химия өнеркәсібі Азия, Африка, Латын Америкасында орналасқанмен, басым көбі дамыған елдердің транс ұлттық компанияларының сан елдердегі мекемелері болып саналады. Олардың ірілері «Дюпон», «Долхемикл»(АҚШ), «Байер», «БАСФ», Хехст»(ГФР), «Империал Хеминг Индастриас»(Ұлыбритания), «Монг Эдисон»(Италия), т.б.

Негізгі химия өндірісінің басты салалары болып күкірт қышқылын, минералды тыңайтқыштарды өндіру болып табылады. Дүниежүзі бойынша 2000жыл қарсаңында H2SO4 өңдіру деңгейі 120 млн тоннаға дейін жетті. Әлемнің әр түкпірінде орналасқан мемлекеттерінде (Канада, АҚШ, Мексика, Польша, Ирак, Түркменстанда) H2SO4 табиғи күкірттен, пирит тастарынан бөліп алады. Соңғы кездерде негізінен мұнай мен табиғи газды өңдеу барысында бөліп алатын болды. Осы әдіс технологиялық жағынан арзан, әрі тиімді экономикалық жағынан қауіпсіздеу болып тұр. H2SO4- н өндіруден әлемдегі 10 елдің қатарына кіретіндер: АҚШ, Жапония, Канада, Франция, ГФР, Испания, Ресей, Украина, Қытай, Бразилия. H2SO4 – тыңайтқыш өндіруде көп қолданылады. Жалпы күкірт қышқылы өндірісінің көп саласында қолданылатын әмбебап химикат - H2SO4- ті тасымалдау қиын. Сондықтан табиғи күкіртті немесе күкірт колчиганын әкеп, оны тұтынатын жерде өндіреді.

Ал минералды тыңатқыштарды шығару XX ғасырдың 50-70 жылдары тез қарқынмен дамыған болса, 80 жылдары қарқыны аздап бәсеңдеді. 90 жылдары ТМД елдерінде оны өндіру күрт төмендеуіне байланысты қазіргі кезде оны өндіру мөлшері 145-150 млн. тонна деңгейінде. Бірақ минералды тыңайтқыштарөндіретін елдер көбейіп және олардың үлесі де артуда. 1950 жылы Батыс Европада минералды тыңайтқыштардың 40% (ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия, Бельгия, Нидерланды), Солтүстік Америкада 30%, КСРО-да 20% өндірілсе, 2000 жыл қарсаңында 1-ші орынға Азия мемлекеттері шықты. Олар әлемдік өнімнің 40% беретін болса, Солтүстік Американың үлесі 25% құрады. 3-ші орында ТМД – 15%өндірілді.

Әлем елдері бойынша, минералды тыңайтқыштар ішіндегі ең көп өндірілетін азот тыңайтқыштары, 85 млн.т. Оны алғашында табиғи тыңайтқыштан алған болатын, ол натрий селитрасы немесе чили селитрасы деп аталады. 20 ғасырдың ортасында натрий тыңайтқыштары химиялық жолмен аммоний сульфатынан алатын болса, сол ғасыр соңына қарай оны табиғи газдан өңдеу арқылы, оның 90 пайызына алып жүрді. Азот тыңайтқыштарын мұнай мен көмірден де алуға болады. Қазіргі кезде азот тыңайтқыштарын ең көп өндіретін елдер Қытай мен Үндістан.

Минералды тыңайтқыштарды өндіруден 2-ші орынды фосфор тыңайтқыштарды өндіру тұр. Жылына 35 млн.тоннадан астам. 20ғасырдың 50 жылдары АҚШ, ТМД, Батыс Европа елдері болатын. 20 ғасырдың 90 жылдарында АҚШ бұрынғысынша бірінші орында тұрса, Ресей мен Франция тек бірінші ондық ішінде болды. Жалпы 10 мемлекеттің ішінде қалғандар қатарында Польша, Испания, Қытай, Үндістан, Марокко, Тунис, Бразилия бар. Осы алғаш ондыққа кіретін мемлекеттердің барлығының Тунистен басқасының жер аумағы айтарлықтай үлкен. Фосфор тыңайтқыштарын қолдануда Азия мемлекеттері көп алда келеді.

Үшінші орында калий тыңайтқыштарын өндіру тұр. Оның жылдық өндіру мөлшері 25 млн,тоннадан аса. Калий тыңайтқыштарын ең көп өндіретін елдер: Канада, АҚШ, Ресей, Беларусь республикасы, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Испания. Азия елдерінен көзге түсетіндері: Израиль, Иордания Корольдігі.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!