Дүниежүзінің аэроғарыштық машинажасау өнеркәсібі. Машинажасау өнеркәсібі дамыған жетекші елдер



Аэроғарыштық машинажасаудан АҚШ жетекші орын алады. Ол дүниежүзінің азаматтық ұшақжасау де жасалатын азаматтық ұшақтардың 3/2 бақылап отыр.1997 жылы «Боинг» 388 әуе лайнерлерін жасады (Соның ішінде 55 «Дуглас» бөлімшесінде жасалды). Құрамына Францияның «Аэроспасьяль», ГФР-дің «Даймер-Бенц-Аэоспейс», Ұлыбританияның «Бритиш Аэроспэйс», Испанияның «Каса» әуе компаниялары кіретін «Эрбас индастри» консоциумы 1997 жылы «Эирбас» маркалы 182 ұшақ жасап шығарды. Қазіргі кезеңде «Эрбас индастри» консоциумы дүниежүзінің азаматтық ұшақ нарқының 1/3 бөлігін бақылап отырғанына қарамастан оның мөлшерін арттыруға ұмтылады.

Машинажасау өнеркәсібінің барлық көрсеткіштері жағынан дамыған елдер арасында АҚШ, Жапония, ГФР жетекші орын алады. Дамушы елдер арасында машиналар мен құрал-жабдықтар өндіруден Бразилия, Корея Республикасы, Таивань, Сингапур, Үндістан, Қытай көшбасшы болып табылады.

Ресей менТМД елдерінде өндірістің құлдырауына және технологияның ескіруі мен сұраныстың төмендеуіне байланысты машинажасау өнеркәсібі күрт дағдарысқа ұшырауда. Тұтастай алғанда машинажасау өнеркәсібі әліде экономикасы дамыған елдерде шоғырланған. Соған қарамастан соңғы жылдары арзан жұмыскүші бар елдерге қарай ығысуда. Машинажасау өнеркәсібіндегі Солтүстік Америка мен Батыс Европаның үлесі кеміп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің соның ішінде Жапония мен Қытайдың үлесінің арту үрдісі байқалуда.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін дүниежүзінің машина жасау өнеркәсібінің салалық құрамы мен орналасу ерекшеліктерімен танысып, ірі аудандары мен орталықтарына сипаттама беру керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!