Дүниежүзінің көліктік машинажасау өнеркәсібі



Қазіргі кезеңде дүниежүзінің көліктік машинажасау өнеркәсібініңде құрылымы өзгеруде. Кемежасау мен автомобилжасау индустриясы қарқынды дамуда. Соңғы жылдары кемежасау мен жылжымалы теміржол құрамаларын өндіру дамыған елдерден дамушы елдерге ауыса бастады. Локамативтерді Үндістанда, Бразилияда, Түркияда өндіреді. Вагон жасаудан бірінші орынды Мексика, одан кейінгі орындарды Египет, Иран, Тайланд, Чили, Колумбия алады. Дүниежүзінің кемежасау өнеркәсібі 20 жетекші елде дамыған. Олардың үштен бірге жуығы дамушы елдер. Бірінші орынды Жапония, одан кейінгі орындарды Корея Республикасы, Қытай, Италия, Польша, Испания, Норвегия, Нидерланды, Бразилия, Таивань, Үндістан, Аргентина, Мексика алады.

Автомобилжасауда да бірқатар ілгерілеулер болды. 2000 жылы дүниежүзінде 51 млн. жеңіл автомобил жасалды. Автомобилжасаудан АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Испания, Ұлыбритания жетекші орын алады. Жүүк автомобилдерін жасау АҚШ-та, Жапонияда, ТМД елдері мен Канадада шоғырланған. Автомобил құрастыру Корея Республикасы мен Бразилиядан бастап дүниежүзінің барлық елдерінде дамыған. «Еркін экономикалық аймақтар» Қытайда автомобилжасауды ынталандырып, қарқынын арттырды.

Автомобиль өнеркәсібі XX ғасырдың аяғында пайда болды. Сондықтан оны өнеркәсіптің жаңа саласына жатқызады. Бірақ өнекәсіп салаларының ішінде автомобиль жасау өнеркәсібі ерекше маңыздылығымен көзге түседі. Дүние жүзілік шаруашылықтың дамынуына тигізетін әсері жағынан автомобиль өнекәсібі бүкіл XX ғасыр бойынша тек мұнай өнеркәсібінің маңыздылығынан кейінгі орында болды. Сол себепті де бұл саланы сипаттау үшін оған мынаадай теңдеулер қолданылады. Шаруашылықты «Жон арқасы», «Локомотиві», «Экономикалық барометрі».

Автомобиль өнеркәсібі көліктік машина жасау өнеркәсібінің негізгі саласы.Сонымен қатар бұл сала көптеген дамыған елдердегі шығарылатын жалпы ұлттық өнімнің 5-10% береді. Бірақ оның маңыздылығы көлік шаруашылығының ішінен көп асып түседі. Оны былай түсіндіруге болады. Біріншіден, автомобиль жасау өнеркәсібі басқа салалардағы көптеген түрлі өнімдердің негізгі пайдаланушысы, тұтынушысы болып табылады. Мысалға темірді, алюминийді, пластмассаларды,қорғасынды, каучукты, электрондық бұйымдарды автомобиль жасау өнеркәсібінде көп қолданады. Екіншіден, бұл саламен автомобиль бизнесі де тығыз байланысты. Автомобильді жөндеу және тағы басқа қызмет көрсету (техникалық қызмет көрсету,СТО). Автомобиль жолдарын салу және оларды жөндеу, т.б. Үшіншіден, XX ғасырда автомобиль өндірісіне қатысты Ғылыми Техникалық жетістіктердің дамуықарқынды жүрді. Сонымен қатар осы салада еңбек ұйымдастырудың және басқарудың «фордизм» және «ростфордизмдегі» түрлерінде іска асырылды. Оның негізгі мәні Ғылыми Техникалық жетістіктерді өндірісте барынша мол пайдаланып, еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Осы себептерге байланысты бүкіл XX ғасыр бойынша дүниежүзінде автомобильді шығарудың үнемі өсіп отырғаны таңқаларлық жағдай емес. Егер II дүниежүзілік соғыстың алдында

1940 жылы – 4,0 млн,

1950 жылы – 10,0 млн,

1960 жылы – 20,0 млн,

1970 жылы - 30,0 млн,

1980 жылы - 40,0 млн,

1990 жылдың ортасында – 50,0 млн-ға жетті. 2000 жылғы мәліметтер бойынша 51-нан астам. Осы шығарылған автомобильдің үлесінің 4/5 бөлігі жеңіл автомобиль үлесіне тиеді, ал қалғаны көп жағдайда апаттық тіркеулер тек жеңіл автомобильдер санын ғана есепке алады,ал оларды шығару - жылдан жылға қандай өзгеріске ұшырап отырғанын мына мәліметтерден көруге болады:

1960 жылы – 12,8 млн жеңіл автомобиль,

1970 жылы – 22,7 млн-ға жетеді,

1980 жылы – 29,1 млн,

1990 жылы – 35,7 млн,

2000 жылы - 40,0 млн.

Дүниежүзілік автомобиль өнеркәсібінің әлем бөліктерімен жеке елдеріне қарай географиялық қоныс аударуды XX ғасырдың II жартысында бірқалыпты жүрді деуге болады. Мысалы, 1950 жылы автомобиль өнеркәсібі тек АҚШ-та орналасқан болатын. Өйткені АҚШ әлемдік өнімнің 83%-ын беретін болған, қалған 19%-ы Батыс Еуропа елдерінде орналасқан болатын. Одан кейінгі жылдары автомобиль жасау өнеркәсібі бір орталықтан(моноцентрліктен) көп орталыққа(полицентрлік) қарай ауыса бастады. Мысалы, 1970 жылы Батыс Еуропаның үлесі әлемдік өнімнің 46% беретін болды. Ал Солтүстік Американаң үлесі тек 32% ғана құрды. Осымен қатар аталған жылдары үшінші автомобиль жасау орталығының қалыптасуына алып келді. Ол Азиядағы Жапония болатын. Сол 1970 жылы Жапония әлемдік өнімнің 13%-ын беруге қол жеткізген болатын, ал 1980 жылы Жапонияда автомобиль жасау өнеркәсіп орталықтарының тыңғылықты қалыптасуы одан әрі қарай жалғасын тапты. Ал 1990 жылдығ басында Батыс Еуропа елдерінде әлемдік автомобильдің 40%-ы шығарылса, тек жалғыз Жапонияда ғана осы әлемдік өнімнің 30%-ға жуығы шығарылды. Ал Солтүстік Американаң үлесі тек 20%-ын ғана құрады. Әлемнің қалған бөліктері мен елдерінде (ТМД, Шығыс Еуропа, Корея Республикасы, Бразилия және т.б.) әлемдік өнімнің тек 10%-ын ғана берді.

Автомобиль жасау өнеркәсібі XX ғасырдың 90 жылдардың ішінде әлемнің көптеген елдеріне қарай жңа қоныс аудару бастады, әсіресе ол Латын Америка мен Азия елдерінде тез дамыды. Мысалы, сол 90 жылдардың аяғына қарай автомобиль зауыттары мен автомобильді жинау, құрастыру өндіріс орындары Латын Американаң тоғыз елінде жаңадан қоныс тапты. Олар Бразилия, Аргентина, Мексика, Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Чили, Уругвай және Перу мемлекеттері. Ао Азия елдерінің ішінде Жапониядан басқа автомобиль зауыттары Корея Республикасында және ҚХР-да тез қарқынмен дами бастады. Бұл мемлекеттерден басқа автомобиль өнеркәсібінің дамуы Түркияда, Үндістанда, Малайзияда орын ала бастады. Сонымен XX ғасырдың 90 жылдардың соңында автомобильді шығаруда әлемдік 3 өндіріс орталықтарының үлесі мынандай мөлшерде болады:

Батыс Еуропа - 28% құрса,

АҚШ - 22% құрды, ал

Жапония - 20%-құрап,

Латын Америкасы - 8%

Осындай өзгерістерге байланысты автомобиль шығарудан «алғашқы ондықты» құрайтын мемлекеттердің құрамында да бірқатар өзгерістер болады. Егер 1970 жылы алғашқы 10 мемлекеттердің қатарында АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері, Канада, Аустралия және КСРО болатын болса, 1990 жылдың басында осы топқа Корея Республикасыда қосылды, сонымен қатар Бразилия.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!