Дүниежүзінің машинажасау өнеркәсібінің салалық құрамы. Электронды өнеркәсіп



Дүниежүзінің машинажасау өнеркәсібінің жетекші салалары экономикасы жоғары дамыған елдердің өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 35-38% құрайды. Машинажасау өнеркәсібі өндірген өнімнің құны жағынан бірінші орынды АҚШ, екінші орынды Жапония, одан кйінгі орындарды ГФР, Қытай,Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада, Бразилия және Испания алады. АҚШ, ГФР, Жапония барлық машинажасау өнімдерін өндіреді. Батыс Европа елдері сыртқа ғылымды көп қажетететін машинажасау өнімдерін шығарады. Дүниежүзінің машинажасау өнеркәсібі Электротехникалық, электронды, станокжасау, ауылшаруашылық машинажасау, көліктікмашинажасау, аэроғарыштық машинажасау салаларынан тұрады. Бразилия, Үндістан және Қытайдың машинажасау өнеркәсіптері ішкі нарықтың қажетін өтеуге жұмысістейді.

Электронды өнеркәсіп. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған ғылымды көп қажетететін жас салалардың қатарына жатады. Ол қысқа уақыт ішінде дүниежүзілік индустрияның жетекші саласына айналды. 1955-1995 жылдар аралығында ақша бірлігіне шаққанда 9млрд. доллардан 1,5 трлн. долларға дейін жетіп, 167 есе артты. Электронды өнеркәсіп АҚШ-тың, Жапонияның, Сингапурдың, Кореян республикасының мемлекеттік маманданған саласына айналды. Компютердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін электронды өнеркәсіптің салалық тобы ақпаратты электронды өңдеу құралы деп атайды. Оған техникалық қызымет көрсету құралдары, бағдарламамен қамтамасызететін бағдарламалар пакеті кіреді. АҚШ-тың «Крей», «Контрал Дейта», Жапонияның «НЭК», «Хитачи», «Фудзицу», супер компютер шығаруға маманданса, АҚШ-тың «ИВМ», «Эппл», жеке компютерлер шығаруға маманданған. Жоғарыда аталған фирмалардың ең қуаттысы «ИВМ». Ол дүниежүзінде өндірілетін компютердің тең жартысын шығарады. Батыс Европада микроэлектроникада нарық үшін бәсекелестікте Нидерландының «Филипс», ГФР-дің «Сименс» фирмалар жетекші орын алады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!