Дүниежүзінің түсті металлургиясы



Түсті металлургияда болат, шойын балқыту сияқты ескі салалардың бірі. Технологиялық үрдістерінің кезеңдеріне қарай шикізатты өндіру, байыту, түсті металлды балқыту, олардың қорытпаларын өндіруді қамтыды.

Қара металлдардан айырмашылығы кен құрамында бірнеше металл кездесетіндіктен және оның мөлшері өте аз болатындықтан кешенді байыту қажет етеді. Байытылған кеннен алдымен тазартылған металл, одан кейін тазартылған жайма, әр түрлі жайма (прокат) түріндегі рафинадталған металл алынады.

Түсті металлургия кәсіпорындарын орналастыруға бірқатар табиғи және экономикалық факторлар әсер етеді. Кен құрамында пайдалы элементтердің аз болуына байланысты түсті металлургия комбинаттары шикізат өндіретін ауданда немесе арзан энергия көздерінде орналастырылады. Өйткені 1 тонна таза мыс алу үшін 100 тонна кен, 1 тонна қалайы балқыту үшін 300 тонна кен қажет. Алюминий, титан, магний сияқты жеңіл металлдардың кендегі пайдалы элементтерінің мөлшері ауыр металдарға қарағанда біршама жоғары. Алюминий өндірудің қарқынымен шикізатпен оны тұтынатын аудандардың арасында алшақтақ байқалады. Дүние жүзіндегі боксит қорының 60 % Австралия, Гвинея, Ямайканың ауданында шоғырланған. Дүние жүзінде балқытылатын алюминийдің 40% АҚШ, Ресей, Канада тазартылған алюминийдің 70%АҚШ, Жапония, ГФР, орналасқан. Бір жылда өндірілген алюминийдің 50% АҚШ, Жапония, ГФР тұтынады.2000 жылы дүние жүзінде 49 млн. тонна AlO2 өндірілді. Австралияда (15 млн. тонна), АҚШ (5,5 млн. тонна), Ресей (2,6 млн. тонна), Ямайка (5,1 млн. тонна), Қытай (4,1 млн. тонна). Мыстың мол қоры дамушы елдердің ішінде Чилиде, Зимбаведе, Зайрде, Замбияда, Қазақстанда, дамыған елдердің ішінде АҚШ-та, Канадада, Ресейде шоғырланған.Тазартылған мыс өндіретін негі елдер АҚШ, Жапония, Ресей, Қазақстан болып табылады.

Полимталл металлургиясының ірі кенорындары С. Америкада, Батыс және Шығыс Европада және ТМД елдерінде шоғырланған. 1995 жылы дүниежүзінде өндірілген полиметаллдың 30 % С.Америкада, 23 % Азияда өндіріледі. Тазартылған мырыштың

32 % Азияда, 29 % Б.Европада өндіріледі. Тазартылған қорғасын өндіруден С.Америка (29 %), Азия (20 %) жетекші орын алады. Дүниежүзінде өндірілетін 70 металлды тек үш ел ғана толық балқытады. Олар АҚШ, Жапония, Германия.

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшіндүниежүзінің металлургия және химия өнеркәсібінің географиясының ерекшеліктерімен танысып, ірі аудандары мен орталықтарына сипаттама беру, қоршаған орта мәселелеріне тоқталу қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 

 

Дәріс № 9

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!