Дүниежүзінің қара металлургиясы



Қара металлургия дүние жүзілік шаруашылықтың ең ескі саларының бірі. Оның құрамына темір кенін өндіріп байыту, агломерат алу, шойын болат прокат, ферроқорытпалар балқыту және оларды одан әрі өңдеу өнімдері жатады. Бұл сала машина жасау өнеркәсібі мен құрылыстың негізі бола отырып, шаруашылықтың барлық салаларының техникалық қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың басында қара металлургия аз ғана елдерде дамыды. Ол кезде дүние жүзінде болаттың 80 % АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Люксенбург пен Ресейде балқытылды.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап барлық дамыған және дамушы елдердің көбінде дамып, шойын болат прокаттары мен ферроқорытпалар балқыту бірнеше есе артты.Соңғы жылдары конструкциялық материалдардың шығуына байланысты қара металлургияның өсу қарқыны баяулай бастады. Қара металлургияда оның шикізат базасы (темір кені, отқа төзімді саз, әктас) тау кен өнеркәсібімен, отын-энергетика, түсті металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібімен тығыз байланысты.

1989 – 1995 жылдар аралығында шойын меғн болат балқыту шамамен 10% келеді. 1989 жылы 560 млн. тонна щойын, 800 млн. тонна болат балқытылды. Қазіргі кезеңде ҒТР-дің жетістіктерін қолану металданған жаймасалар (окатыш) алып, оттекті конвентрлі және электрлі пештерде бірден болат балқытуға көшуге мүмкіндік береді. Кокстелетін көмір Австралия, ГФР, АҚШ, Ресей, Қытай, Украина, Қазақстанда өндіріледі. Дүние жүзінде Бразилия, Австралия, Ресей, Украина, Қазақстан, Қытай, Венесуэла, Үндістан, АҚШ, Канада, ОАР темір кеніне бай. Жер шарындағы темір кенінің геологиялық қоры 800 млрд. тонна, 1980 жылдардан бастап жылына 1 млрд. тонна темір кені өндіріліп келеді. Темір кенін негізгі өндірушілердің қатарына Бразилия, Қытай, Австралия, Ресей, АҚШ, Үндістан, Украина жатады. Байытылған темір кенінің концентраттарын импорттаушы негізгі елдер Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония (жылына 150 млн. тонна), Корея Республикасы, АҚШ.

Дүние жүзілік шаркашылықта қара металлургия әлі де дамыған елдерде шоғырланған. Қазіргі кезеңде болат балқытудан бірінші орында Қытай (126 млн.т), одан кейін Жапония, АҚШ, Ресей алады. Батыс Европадағы қара металл ГФР, Италия, Франция, Ұлыбританияда өндіріледі. Дүние жүзінде жылына 828 млн. тонна болат балқытылады (2000 жыл). Деректерге сәйкес қазіргі кезде қара металлургияда дамушы елдердің үлесі арту үрдісі байқалуда. 1950 жылы дамушы елдердің үлесі 2% құраса, қазір 15% құрайды.

Дүние жүзі қара металл прокаттарын экспорттайтын елдер Жапония, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Украина, Ресей т.б. Олар қара металл жаймаларын (прокаттарын) труба құбырларын экспорттайды.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!