Электр энергетикасының дамуы



 

Электр энергиясының дамуы өндірістің қызмет пен тұрмыс қажетін өтеу саласын электірлендірумен тығыз байланысты.

20-ғасырдың 80-жылдары аяғында дүниежүзінің отын-энергетика ресурстарын тұтынуда, 1/3 бөлігін электр энергиясы құраған болса, 20-ғасырдың аяғында (1999) электр энергиясының үлесі барлық тұтынған энергияның 2/5 бөлігін құрады. Сондықтан электр энергиясын өндіру мен тұтыну жалпы алғанда энергия ресурстарын (көмір, мұнай, газ) өндіру мен тұтынуға қарағанда тез өсуде. Мысалы, 20-ғасырдың 50-70 жылдары әр он жыл сайын электр энергиясын өндіру ме тұтыну 2 есе өсті. Энергетикалық дағдарыстан кейін және энергияны үнемдеп пайдалану экоомикасына көшкен жылдардан соң әлемдегі энергетика шаруашылығының бұл секторында біршама баяу даму байқалды. Оны мына статистика арқылы көруге болады:

1950 жылдары электр энергиясы – 950 млн квт/сағ

1960 жылдары – 2 трлн 300 млрд квт/сағ

1970 жылдары – 5 трлн квт/сағ

1980 жылдары – 8 трлн 250 млрд квт/сағ

1985 жылдары – 9 трлн 850 млрд квт/сағ

1990 жылдары – 11 трлн 800 млрд квт/сағ

1995 жылдары – 13 трлн 200 млрд квт/сағ

2000 жылдары – 14 трлн 500 млрд квт/сағ

Ал 2010 жылғы болжам бойынша электр энергиясының өндірісі ме тұтыну 18-19 трлн квт/сағ жетеді деп болжанады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 26-27 трлн квт/сағ жетуі мүмкін дейді. Әрине бұл көрсеткіштерге жету үшін жаңадан көптеген злектр станциялары салу қажет және бұрынғыларынан қуатын арттыру керек.

Дүниежүзі электр энергиясы жайлы негізгі статистикалық мәлеметтерінен көп жағдайды анықтауға болады. Мысалы әлем бөліктерінде өндірген электр энергиясының көрсеткіші бойынша олардың реттік орналасуы мынадай:

АҚШ, Шетелдік Европа, Шетелдік Азия, ТМД, Латын Америкасы, Африка, Австралия.

Осы статистикалық мәлеметтер бойынша экономикасы дамыған елдерде дүниежүзінің электр энергиясының – 80%, дамушы елдерде – 20% өндіріледі. Мысалға, 20-ғасырдың 90-жылдары басында әлемнің алғашқы 10 мемлекеті құрамы мынадай болатын:

АҚШ,Ресей, Жапония, Қытай, ГФР, Канада, Франция, Ұлыбритания, Украина, Үндістан.

20-ғасырдың 90-жылдар аяғында осы алғашқы он мемлекеттердің орналасу ретінде төмендегідей өзгерістер болды: АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей, Канада, ГФР, Үндістан, Франция, Ұлыбритания, Бразилия.

Статистикалық мәлеметтер бойынша электр энергиясын әрбір адам басына немесе жан басына шаққандағы көрсеткіштері

1930 жылы – 2140 квт/сағ

1999 жылы – 2500 квт/сағ өскен.

Ал жеке мемлекеттер арасыдағы осы өрсеткіш айырмашылығы айтарлықтай. Мысалы, Норвегияда – 2600 квт/сағ, Бангладеште, Суданда, Танзанияда, Эфиопияда бұл көрсеткіштер – 100 вт/сағ жетпейді. Ал халық көп мемлекеттер Өытай мен Үндістанда бұл көрсеткіштер – 350-500 квт/сағ.

Электр энергиясын әр түрлі электр станциялары (АЭС, ЖЭС, СЭС) өндіру жөніндегі мәлеметтерді % үлес көрсеткіштерімен елтіретін болсақ, олар мынадай ара қатынаста екенін байқаймыз: 63,5:18:18:0,5 (1990 жылдардағы көрсеткіш)

Бұл қатынастарда көретініміз ЖЭС-дағы өндіретін электр энергиясын отын көздерінен (энергия көздерінен) бөліп қарайтын болсақ көмір жағатын ЖЭС – да энергия 30% өндірілсе, табиғи газда – 15%, 9,5% мазут жағатын станциялар өндіреді.

ЖЭС – 30:15:9,5

Келешекте 2010 жылға қарай табиғи газ жағатын ЖЭС-терде электр энергиясының үлесі 6-7% төмедейді дейді. Ерекше атап өтетін жағдай ол Латын Америкасында ғана электр энергиясының ¾ бөлігі СЭС- терде өндірілетінін атап көрсету қажет. Оның себебі әлемнің осы бөлігінде су ресурстарының ерекше мол болуымен, көмір ресурстарының аздғымен, сонымен қатар көптеген елдерде мұнай тапшылығымен байланысты.

Әлем бөліктерінің жеке елдері бойыша АЭС-да өндірілетін электр энергиясының үлесі дүиежүзілік орташа көрсеткішке жақын. Тек Шетелдік Евроап мен Солтүстік Америкада ғана ол жоғары. Ал әлемнің басқа елдерінде орташа көрсеткіштен төмен.

Электр-энергия өдірісінің құрлымы жеке елдер арасыда айтарлықтай түрде әртүрлі болып келеді. Бұл көрсеткіштер бойынша әлем елдерін үлкен үш топқа біріктіруге болады.

1- топтағы елдерге электр энергиясын көмір, мазут, табиғи газда жұмыс істейтін ЖЭС-мен қатар СЭС және АЭС көп өндіретін елдер түрлері құрайды. Оларға кіретіндер: АҚШ, Батыс Европа көп елдері, Ресей, Жапония, Қытай, Үндістан, Австралия. Осы топқа кіретін, бірақ өндіретін электр энергиясының 95-100% тек көмір жағып өндіретін елдер қатарына жататындар Польша мен ОАР немесе тек мазут пен табиғи газ жағып өндіретін елдер Сауд Аравиясы, БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Оман, Ирак, Ливия, Алжир және Тринидад және Тобаго, Түркменстан. Осы топтың ішіндегі электр энергиясын тек басқа жақтан сатып алатын мемлекеттер кіреді. Бұл елдерге жататындар: Дания, Ирландия, Белоруссия, Молдова, Израиль, Кипр, Сингапур, Сомали, Куба.

2- топтағы мемлекеттерге СЭС-н электр энергиясын басым көп өндретін мемлекеттер. Оларға: Норвегия – 99,5%, сонан соң Албания, Хорватия, Босния және Герцоговина, Щвейцария, Латвия, Шетелдік Азиядағы: Бута, Вьетнам, Лаос, Шри-Ланка, Ауғастан. Ал Африкада 20- дан астам мемлекеттер: Зимбабаве, Конго Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Уганда, Руанда, Малаве, т.б. бұл мемлекеттерде барлық электр энергиялар СЭС-терде өндіріледі. Ал Латын Америкасында тек Куба, Мексика, Аргентинадан басқа барлық елдерінде СЭС пайдаланылады.

Ал Солтүстік Америкада Канадада электр энергиясының басым түрі СЭС-де өндіріледі.

ТМД елдерінің ішінде бұл топқа Тәжікстан, Қырғызтан, Грузия.

Дүниежүзінің ірі СЭС-тары.

СЭС аты Орналасқан мемлекеті Жобаланған қуаты Іске қосылған жылы
Итайпу Гранд-Кули Гули Тукурук Саян-Шушенск Корпус-Посалос Красноярск Ла-Гранд-2 Черчилл-Фолз Ксинда Тарбела Братск Усть-Илимск Кабора-Басса Рогун Оак-Крик Пауло-Афонсо Илья-Солтайро Нурек     Бразилия-Парагвай АҚШ Венесуэлла Бразилия Ресей Аргентина-Парагвай Ресей Канада Канада Бразилия Тәжікстан Ресей Ресей Мозамбик Тәжікстан АҚШ Бразилия Бразилия Тәжікстан 12,6 10,8 10,3 8,0 6,4 6,0 6,0 5,3 5,2 5,0 4,7 4,5 4,3 4,2 3,6 3,6 3,4 3,2 3,0  

 

Электр энергиясын соңғы уақытта СЭС салу жұмыстарында экономикасы дамыған елдерде емес, дамушы елдерде жаңадан салынып,қола алынды. Жалпы дамышы елдерде соңғы жылдары салынған электр-станцияларының қуаты (жалпы) СМолтүстік Америкадағы немесе Шетелдік Европадағы СЭС-ң жалпы қуатынан анағұрлым асады. Соңғы салынып жатқан су электр станциялары ішіндегі ең іріс Қытайда салынып жатқан Санься-Үш шатқал СЭС-і. Оның жобаланған қуаты 18,2 млн квт.

Соңғы үшінші топты негізінен электр энергиясын АЭС-тарда өндіретін елдер құрайды. Олардың қатарында ең ірлері Франция, Белгия, Корея Республикасы, Щвеция, Щвейцария, Испания, Финляндия жне ГФР бар. Экономикасы дамыған ірі елдерде АЭС салынға(АҚШ, Ресей, т.б)

Лемдегі АЭС дамуы

Атом энергетикасының қысқаша даму тарихында оның тез шарықтауы мен құлдырау кезеңдерінің алма-кезек ауысып келуде. Атом энергетикасының тез өсу бағдарламасы алғаш 20-шы ғасырдың 50-60 жылдары АҚШ-та, Ұлыбитанияда, КСРО-да, біраздан кейін ГФР-да және Жапонияда жасалған болатын. Алғашқы жылдары көп елдерде бұл бағдарлама орындалмай қалған. Оның себебі атом электр станцияларында өндірілетін электр энергиясының құны қымбат болып, көмірді, табиғи газды, мазутты жағып жұмыс істейтін, сөйтіп арзан электр энергиясын өндіретін ЖЭС-термен бәсекеге түсе алмағандығымен түсіндіріледі. Дүние жүзілік энергетикалық дағдарыс кезінде (1973-75ж.ж) мұнайдың тез қымбаттауына байланысты өндірісті, халықты арзан энергиямен жабдықтаудың жаңа жолдарын табуға зерттеулер жүргізіліп, атом энергиясы акцияларының тез өсуіне әкелді. Бұл мәселе ең алдымен мұнай мен газдың ресурстарына кедей Франция, ГФР, Белгия, Щвейцария, Финляндия, Жапония, Корея Республикалары қатысты болды. Дегенмен, атом энергетикасын дамытудың ірі бағдарламалары минеральдық отынға бай (табиғи газ, мұнай, көмір) АҚШ мен КСРО –да алғаш рет қабылданған болатын. АЭС-тарда электр энергиясын өндіру 20-ғасыр 80-жылдарына дейін негізінен мына мемлекеттерде өндірілген болатын: АҚШ, Франция, Жапония, ГФР, Ресей, Канада, Ұлыбритания, Щвеция, Испания, Корея Республикасы. 80-жылдар ортасына дейін де атом энергетикасын дамыту қызу жүріп жатты. Бірақ 20 ғасырдың 80-жылдар ортасында атом энергетикасының дамуы жедел тежеліп қалды. Оның себебі 1986 ж 26 сәуірде Чернобыль АЭС-дағы жарылыстан кейін көптеген елдерінде АЭС-ті салу жоспарлары қайта қарала бастады. Чернобыль АЭС жарылысынан кейінгі радиацияның күші Чернобыльдан 2000 км қашықтыққа дейін орнады. 20 елде радиация деңгейінің көтерілуі байқалды. Радиоактивтік ластану Солтүстік Норвегияның теңіз жағалауларында, Батыс Рейн өзеніне деінгі аралықта, оңтүстігінде Парсы шығанағы елдеріне дейін жеткен болтын. Екінші бір себебі Америкада “ Три Майл Айленд” АЭС-терінде де радиоактивтік ластану орын алған болтын. Дәл осы оқиғалардан кейін көптеген елдер өзінің атом энергетикасын дамытуда біржола немесе біртіндеп бас тарту туралы шешім қабылданды. Мысалы: Щвецияда өткізілген референдумның қорытындысы мен 2010жылға дейін барлық жұмыс істеп тұрған 12 атом реакторларын жабу уралы шешім қабылданды. Кейбір елдер өздерінің АЭС жауып, оның құрылысын салудан бас тартпасада, атом энергетикасы бағдарламысын қысқарту жағынан қарады. Мысалы, АҚШ-та жаңа АЭС салу үшін арнайы түрде мемлекеттік рұқсат алу керек болды. КСРО-да Армениядағы АЭС жабу туралы шешім қабылданды. Бірақ 90-жылдар басында болған терең энергетикалық дағдарыс атом энергетикасы мүмкіндіктерін қайта бағалап, жаңа көзқараспен талдау керектігін айқындады. Ресей үкіметі 1993 жылы басында Ресей Федерациясы аумағында АЭС құрлысын салу туралы қаулы қабылдап, бұл саланың 2010 жылға дейінгі даму бағдарламасын көрсететін шешім қабылданды. Украина Жоғарғы Радасы 1990 жылы жаңадан АЭС-тарды салуға мараторий жариялаған болатын. 1993 жылы энергетиканың атпшылығына байланысты ол мараторий күшін жою туралы шешім қабылдады. Сол жылы Украинада 15 АЭС жұмыс істеп тұрды. Қуаты 13,8 млн квт-ға жететін. Келешекте тағыда 6 млн квт-ға жететін қуаты бар 5 атом реаторын салуға қаулы қабылданған болатын. Жалпы, 1993жылға қарай әлемнің 33 мемлекетінде 350 млн квт қуаты бар атом реакторлары жұмыс істеп тұрса, келешекте 70 млн квт қуаты бар реакторлар құрылысын салу көзделді.

 

 

 

Методикалық нұсқау: Дәріс мазмұнын игеру үшін дүниежүзінің отын энергетика кешеніне жан жақты сипаттама беріп, отын-энергетика өнеркәсібінің шаруашылықтық маңызын, даму болашағы мен түйінді мәселелерін анықтау қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!