Дүниежүзілік газ өнеркәсібінің географиясы



 

Газ өнеркәсібінің маңыздылығы әлемдік отын мен энергияны тұтыну құрамында мұнай мен көмірмен қоса табиғи газдар отын энергетиканың негізгі көзі болып табылады. Осы аталған 3 энергияның түрі де ішінде табиғи газ экологиялық жағынан ең таза отын энергия көзі болып табылады. Геологиялық барлау жұмыстарының үнемі жүргізілуіне байланысты табиғи газдың қоры үнемі жылдан жылға өсіп келеді. Барланған қоры жағынан әлем бөліктері ішінде ерекше көзге түсетіндері Оңтүстік Батыс Азия мемлекеттері және ТМД – ға кіретін елдер. Ал жеке мемлекеттердің ішінде ең байлары Ресей және Иран. Ирандағы табиғи газдың қоры шамамен шетелдік Еуропа мен Солтүстік Американың қорларын қосқандарымен тең. Табиғи газды өндіру дүниежүзі бойынша үнемі өсіп келе жатқанын мына мәліметтерден байқауға болады. 1950ж.небәрі 200млрд м3 табиғи газ өндірілсе,1960ж. ол екі есе өсіп 400млрд м3 жеткен. 1970ж. екі еседен асып 1трлн. 050 млрд. м3, 1990ж. табиғи газды өндіру тағы екі есе көбейіп 2трлн.100 млрд.м3 жеткен.Жеке аймақтардың ішінде табиғи газды өндіруден бірінші орынды ТМД елдері иеленіп отыр, ал жеке мемлекеттердің ішінде бірінші орынды Ресей Федерациясы,ал жеке аймақтардан әлемдегі бірінші орынды Батыс Сібір (600млрд.м3) алып отыр. Осы табиғи газ өндірісін жақсы білетін мамандардың айтуынша осы қалыптасқан жағдай жақын арада өзгермейді деді. Себебі, өндірістің бұл саласының дамуы да ТМД елдеріндегі табиғи газ қорының молдылығы және осы елдер арасындағы бірлестірілген газ үйлестіруші жүйе өзінің ең жоғарғы дәрежедегі деңгейіне жеткен ТМД елдері табиғи газды өндіруде және оныменен шетелдік Европаның мемлекеттерін қамтамасыз етуде негізгі аймақ болып саналады. Дүниежүзінде табиғи газды ең көп өндіретін алғашқы 10 мемлекеттердің қатарына кіретін елдер мыналар:

1.Ресей Федерациясы

2.АҚШ

3.Канада

4.Түркіменстан

5.Нидерланды

6.Ұлыбритания

7.Өзбекстан

8.Индонезия

9.Алжир

10.Сауд Арабиясы

 

Ресейдің отын энергетика кешені әрі қарай өркендетуге арналған жаңа негізгі бағдарламада газ өнеркәсібін әрмен қарай дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген. Есептеулер бойынша газ өндіру Ресейде

1995ж.-690-695 млрд.м3

2010ж.-900-980 млрд.м3 жеткізу көзделіп отыр.

Халықаралық саудаға немесе экспортқа әлемдегі табиғи газдың барлық өнімдерінің 15% саудаға түседі. Экспортқа шығарушы негізгі елдер: ТМД елдері, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Әзербайжан.

Ал алыстағы шетелдердің ішінде ірі экспортерлар: Канада, Нидерланды, Норвегия, Алжир және Индонезия.

Экспорттық саудаға шығарылатын табиғи газды географиялық тұрғыдан көліктің екі түрімен тасымалдайды: 1.газ құбырларын қолдану. Бұл әдіс ТМД елдерінде жақсы қолданылады. 2. газды сұйытылған күйінде тасымалдаушы метановоз танкерлерді пайдаланады. Халықаралық саудаға табиғи газды жеткізілуі ТМД елдерінің тәжірибесін мысал ретінде келтіруге болады.Мысалы, бұрынғы КСРО-да 1970 жылы - 3,0 млрд. м3, 1990 – 110 млрд. м3 .

Сол жылдары Ресейдегі газ экспорт көлемі 90 млрд.м3 құрап, ол 80 млрд. долларға жуық табыс түсірген. Ресейдегі басқа газ құбырлары арқылы Канаданың табиғи газы АҚШ-қа Нидерланды мен Норвегияның табиғи газы көптеген Европа елдеріне тасымалданады. Ал сұйытылған күйінде табиғи газды метановоз танкерлер. Аляскадан Жапонияға тасымалдау көліктің осы түрімен 1988 жылы Австаралиядан Жапонияға экспорттаудан басталды. Жалпы дамушы елдердің табиғи газының ¾ бөлігі сұйытылған табиғи газдан тұрады.Сұйытылған табиғи газ метановоз танкерлері арқылы тасу әдісі 1964 жылы Алжирдың табиғи газын сұйытып Батыс Европа мемлекеттеріне тасудан басталды. Қазіргі кезде Алжир мен Индонезия сұйытылған табиғи гады экспорттап сатудан алдыңғы орында. Жалпы сұйытылған табиғи газды экспорттап сататын елдердің ішінде Сауд Арабиясы, Малайзия Федерациясы, БАӘ және Бруней Сұлтанаттығы бар. Сұйытылған табиғи газды экспорттаудың қатарына 90 жылдардың екінші жартысында кіргендері Нигерия, Катар, Венесуэла және Тобага мемлекеттері бар. Ал енді осы сұйытылған табиғи газды сатып алушылардың ішінде негізгі мемлекет Жапония. Ол жалпы экспортқа түсетін табиғи газдың ½ бөлігін пайдаланады.

 

Дүниежүзілік көмір өнеркәсібінің географиясы

 

Отын энергетика саласында көмірдің үлесі төмендегеніне қарамастан көмір өндірісі дүниежүзі энергетикасында жетекші саланың бірі болып табылады. Оның дамуындағы тұрақтылық электр энергетикасымен қара металлургияға және мұнай өндірісіне қарағанда табиғи ресурстарға бай екендігіне байланысты. Дүниежүзінде барланған көмір қоры 1,2 трлн.т. асады. Оның ішінде шамамен 66% экономикасы дамыған елдердің үлесіне тиеді. Олардың ішінде АҚШ, ТМД елдері, Қытай, Үндістан, Австралия, т.б. Статистикалық мәліметтер дүниежүзінде көмір өндірудің 1950-1990 ж.ж. аралығындағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді.

Осы статистикалық мәліметтерден көмір өндірудің үнемі өсіп келе жатқаны байқауға болады. Мұнай өндірісімен салыстырғанда энергетикалық дағдарыс жылдары 1973-1980 ж.ж. көмір өндірудің деңгейі төмендеген жоқ, керісінше дәл осы жылдары көмір өндіруге қолайлы жағдайлар ашылды. Егер ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Батыс Европа рыногында АҚШ-тан әкелінген көмірдің бір тоннасы 10 долларға бағаланса, 1980 жылы бір тонна көмірдің бағасы 60-70 долларға сатылды. Осының арқасында көмірден түсетін табыс мұнайдан түсетін табыспен бәсекеге түсті. Көмір өндіру әлемде одан кейінгі жылдарында дами түсті. 2000 жылдың соңына қарай көмір өндіру 5 млрд.т. жетті. 2010 жылы көмір өндіру 6 млрд.т. жетеді деп бағаланады. Эксперттердің болжауы бойынша көмір пайдалануда келешекте де тас көмір мен қоңыр көмірдің ара қатынасындағы теңдестік 2:1.

Статистикалық мәліметтер дүниежүзі көмір өндірудегі әлем бөліктерімен елдердің орнын анықтауға да мүмкіндік береді. Әлем бөліктері арасында Азия мен Европа алдыңғы орында. Олардан соң Солтүстік Америка мен ТМД елдері. Жеке елдер арасында көмір өндірудін динамикасын мына мәліметтерден байқауға болады. 1923 жылы әлем елдері бойынша көмір өндіруден алдыңғы орындағы мемлекеттер:

1. АҚШ

2. КСРО

3. Ұлыбритания

1960 жылғы мәліметтер бойынша:

1. КСРО

2. Қытай

3. АҚШ

1970 жылғы мәліметтер бойынша:

1. КСРО

2. АҚШ

3. Қытай

1980 жылғы мәліметтер бойынша:

1. АҚШ

2. КСРО

3. Қытай

1990 жылғы мәліметтер бойынша:

1. Қытай

2. АҚШ

3. КСРО

1990 жылдардағы мәліметтер бойынша осы «Үлкен үштіктегі» елдердің көмір өндірісінің дамуы әртүрлі болды. Мысалы, Қытайда ол тез дамып, әлем елдері бойынша Қытай бірінші дамып 1 млрд.т. өндіруге 1993 жылы жетті.

Ал Америкада бұл саланың дамуы энергетикалық дағдарыстан кейін бұл елде көмір өндіру қолға алынып 1 млрд. т. өндіру басталды. Ал бұрынғы КСРО елдерінде басқаша жағдай қалыптасты. Бұл елдерде мұнай мен газдың жаңа кен орындары ашылуына байланысты көмір өндіру төмендеп кетті. Мысалы, Ресейде 1988 жылдан бастап көмір өндіру төмендеп кетті.

1991 жылы – 42 млн.т., ал 1992 жылы- 17 млн.т. қысқарды. Статистикалық мәліметтер бойынша көмір өндіруден ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында алғашқы ондықты құрайтын елдердің қатарында мына мемлекеттер болды:

1. Қытай

2. АҚШ

3. Ресей

4. Польша

5. Үндістан

6. Австралия

7. ГФР

8. ОАР

9. Украина

10. Қазақстан

Ал 2000 жылға қарай:

1. Қытай

2. АҚШ

3. Үндістан

4. Австралия

5. Ресей

6. ОАР

7. ГФР

8. Польша

9. Канада

10. Украина

11. Қазақстан

 

Көмірді экспортқа халықаралық саудаға шығарылуы ХХ ғасырдың 90-шы жылдары басында 400 млн.т. жетсе, 2000 жылдарға қарай 550 млн.т. жетті. Бұл көрсеткіштер дүниежүзі өндірісінде көмірдің 10% ғана құрайды. Осы 90-шы жылдары көмірмен сауда жасаудың құрылымында және географиялық көріністерде үлкен өзгерістер болды. 90-шы жылдарға дейін кокстелетін көмірге сұраныс жоғары болатын болса 90-шы жылдарда қоңыр көмірге сұраныс жоғарылай бастады. Оның негізгі бір себебі қара металлургия өндірісінде шойынды электр пештерінде балқытуда кокстелетін көмірге сұраныс азайды. Қазіргі кезде қоңыр көмірге немесе энергетикалық көмірге сұраныс көп.

ІІ Дүниежүзілік соғыста кейінгі жылдары көмірді экспортқа шығарушы басты ел АҚШ болса, 80-ші жылдары Австралия озып шықты. Бұл ел 1960 жылы әлемдік саудаға 2 млн.т. көмір шығарса, 1990 жылы 110 млн.т. көмір шығарған. Осы жылдар арлығында ГФР мен Ұлыбритания көмірді экспорттаушы елдер оны сатып алушыларға айналды. 1990 жылдары көмірді экспортқа шығару АҚШ-та, Польшада және ТМД елдерінде азая бастаған. Көмірді экспортқа шығару Үндістанда, Қытайда, Индонезияда, Венесуэлада, Колумбияда өскені байқалады. Көмірді сатып алушы елдер ішінде:

1. Жапония 110 млн.т. асады

2. Корея

3. Тайвань

4. ГФР

5. Франция

6. Италия

7. Ұлыбритания

8. Испания

9. Белгия

10. Нидерланды

11. Дания

Көмірді экспортқа шығарып тасымалдауда теңіз көлігінің рөлі зор, 90% сонымен тасымалданады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!