Лемдік мұнай өнеркәсібінің географиясы



 

Мұнай өнеркәсібі дүниежүзілік шаруашылыққа үлкен әсер ететін отын энергетика өнеркәсібінің жетекші саласы.Бұл саланың әр жылдағы дамуы және оның әлем елдері бойынша географиялық таралуы бойынша мынадай мәлімет:бірінші рет мұнайды жер астынан бұрғылау скважинасы арқылы өндіру АҚШ-тың Пенсильвания штатында 1859 ж. іске асқаны ресми түрде тіркелген.Сол кезден бастап мұнай өндіру тез қарқынмен дамыды.Мұнай өндіру ХХ ғ. басында 1900 ж. дүниежүзінің тек 20 –ға жуық мемлекеттерінде ғана өндірілетін,олардың ішінде ең ірі табысқа жеткендері АҚШ, Венесуэла, Ресей. Ал 1940 Ж. қарай олардың саны 40-қа жеткен:ішіндегі ірілері АҚШ, КСРО, Венесуэла, Таяу Шығыста орналасқан негізгі мұнай өндіруші Араб елдері.1970 ж. мұнай өндіруші мемлекеттердің саны 60-қа жетсе,1990 ж. олардың саны 80 – ге дейін өскен.2000 – шы жылдарға қарай 95 – ке дейін жеткен.

Өткен ХХ ғ. 50 ж.ж. мұнай шығаратын мемлекеттердің қатарына Қытай, Үндістан, Алжир, 60 ж.ж. БАӘ, Нигерия, Ливия, Египет,Аустралия, 70 ж. Ұлыбритания, Норвегия мемлекеттерін айтуға болады.Дамушы елдердің әлемдік мұнай қорындағы үлесі 85 %- ға дейін жетеді.Соның ішінде мұнайды экспорттайтын елдерде (ОПЕК) 77 % -ға жуық екендігін атап көрсету керек. Ал Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерінің үлесі 66 % -ды құрайды.Ерекше көңіл аударатын жағдайлардың бірі ол – 10 млрд.т. астам қоры бар мемлекеттердің қатарына Парсы Шығанағында орналасқан Сауд Арабиясы (46 млрд.т. астам), Иран (13 млрд.т. астам),БАӘ (13 млрд.т. жуық), Ирак (13 млрд.т. астам),Кувейт (14 млрд.т. жуық).Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің мұнай қорын 8 – 10 млрд.т. деп бағаланып жүрген болатын.Қазіргі кездегі Ресейдің мамандарының айтуы бойынша тек Ресейдің өзінің ғана мұнай қорын 10 млрд.т. астам деп бағаланып жүр.Статистикалық мәліметтер бойынша мұнай өндіру 1950 ж. – 1990 ж. аралығында үнемі өсумен сипатталады. Мұнай өндірудің ірі аймақтары және мұнай өндіруден бірінші ондыққа кіретін мемлекеттерді анықтауға болады.Статистикалық мәліметтер бойынша әлем бөліктерінің рент көрсеткіштері былай орналасқан:

1. Оңтүстік Батыс Азия (Парсы Шығанағының жағалауындағы мемлекеттер).

2. ТМД мемлекеттері

3. Солтүстік Америка

4. Латын Америкасы

5. Африка

6. Шетелдік Еуропа

7. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азия елдері

8. Аустралия

 

1990 ж. мәліметтер бойынша алғашқы 10 мемлекеттің қатарына кіретін мемлекеттер мыналар:

1. ТМД елдері (Ресей)

2. АҚШ

3. Сауд Арабиясы

4. Иран

5. Қытай

6. Мексика

7. БАӘ

8. Венесуэла

9. Ирак

10. Ұлыбритания

 

Сол 1990 ж. әлемде өндірілетін мұнайдың 2/3 бөлігі осы 10 мемлекетте өндірілетін болады.Әлемдік мұнай өндіру 1991 – 1993 ж.ж. аралығында 3,0 – 3,1 млрд.т. жеткен болатын.Алайда, әлем бөліктерінде және жеке мемлекеттерде бұл көрсеткіштер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған.1992 ж. ТМД елдерінде мұнай өндіру 450 млн.т. құраса, 1993 ж. ТМД елдерінде 400 млн.т. дейін төмендеп кеткен. Оның себебін ТМД елдерінің ыдырауымен, сонымен қатар, материалдық техникалық базаның төмендеуімен түсіндіріледі.Осы жылдары мұнай өндірудің төмендеуі АҚШ – та да орын алды.

1993 ж. АҚШ 340 млн.т. мұнай өндірді. Ал Оңтүстік Батыс Азия және Норвегия мемлекеттерінде мұнай өндіру керісінше тез өскен, сондықтан алғашқы ондықтың құрамы 1993 ж. өзгеріске ұшырады.

1. Сауд Арабиясы (420 млн.т.)

2. АҚШ (185 млн.т.)

3. Ресей (185 млн.т.)

4. Иран (185 млн.т.)

5. Мексика (155 млн.т.)

6. Қытай (145 млн.т.)

7. Венесуэла (115 млн.т.)

8. Норвегия (110 млн.т.)

9. БАӘ (110 млн.т.)

10. Нигерия (95 млн.т.)

 

2000 ж. соңына қарай жылына 100 млн.т. астам мұнай өндіретін елдердің саны 14-ке жетті.

1. Сауд Арабиясы (440 млн.т.)

2. АҚШ (355 млн.т.)

3. Ресей (325 млн.т.)

4. Иран (185 млн.т.)

5. Мексика (170 млн.т.)

6. Венесуэла (165 млн.т.)

7. Қытай (160 млн.т.)

8. Норвегия (155 млн.т.)

9. Ирак (130 млн.т.)

10. Ұлыбритания (125 млн.т.)

11. Канада (125 млн.т.)

12. БАӘ (115 млн.т.)

13. Нигерия (105 млн.т.)

14. Кувейт (105 млн.т.)

 

Осы аталған 14 мемлекеттің жетеуі әлемдік мұнай экспорттаушы мемлекеттер (ОПЕК) мүшесі, төртеуі өте дамыған мемлекеттерге жатады.

ОПЕК – тің құрамына кіретін мемлекеттер:

1. Алжир

2. БАӘ

3. Венесуэла

4. Габон

5. Иран

6. Ирак

7. Индонезия

8. Катар

9. Кувейт

10. Ливия

11. Нигерия

12. Сауд Арабия

13. Эквадор

 

Бірақ қазіргі кезде Эквадор ОПЕК – тің құрамынан өз еркімен шығып кетті. 2007ж. басында бұқаралық ақпаратта 13 мемлекет болып Ангола мүше болып кірді. Әлемдік мұнай табысында мұнайды экспорттаушы ОПЕК мемлекеттерінің үлесі 50 % жуық.

Мұнай өңдеу зауыттарының географиясы. Дүниежүзі экономикасы дамыған елдерде және әлемдегі дамып келе жатқан мемлекетте орналасқан 700 – ден астам мұнай өңдеу зауыттары бар (МӨЗ). Олардың жалпы қуаты 3,6 млрд.т. асады. Оның ішінде АҚШ – та орналасқан зауыттардың қуаты 780млн.т. астам. Батыс Еуропадағы МӨЗ қуаты 720млн.т. астам. Жапониядағы қуаты 200млн.т. Латын Америкадағы 350млн.т. астам. Таяу және Орта Шығыс елдерінде 250млн.т., Африкадағы 150млн.т. астам.

Әлемдегі мұнайды өңдеу зауыттарының орналасу географиясы пайда болған жаңа бағыт ол МӨЗ – дің дамушы мемлекеттерге қарай жылжуы. Бұл мемлекеттердегі МӨЗ – дің қуаты ХХғ. 60 – ж.ж. мәліметтермен салыстырғанда 3 еседен артық өскен. Жылына 15млн.т. астам артық мұнай өңдейтін ең ірі 15 МӨЗ – дің жартысынан астамы осы дамушы елдерде орналасқан, әсіресе олардың көбісі Сингапурде, Сауд Арабиясында, Венесуэлада және Багам аралдарында орналасқан. Қуаты 30млн.т. жететін ең ірі МӨЗ АҚШ – тың құрамына кіретін Кариб теңізіндегі Виргиния (Вирджиния) аралында орналасқан. Мұнайды экспорттаушы ОПЕК мемлекеттерінде 2000ж. соңында МӨЗ – дің қуаты 400млн.т. жеткізілді.

Ерекше атап өтетін жағдай бар, қазіргі уақытта Сауд Арабиясы АҚШ-та орналасқан қуаты 30млн.т. артық МӨЗ – дің иегері болып отыр. Ал Кувейт мемлекеті Батыс Еуропада қуаты 15млн.т. артық МӨЗ – ді иемденіп отыр. Жылда әлемдік саудаға 1,2 – 1,5 млрд.т. шикі мұнай және бірқатар өңделген мұнай өнімдері түседі. Шамамен алғанда осы саудаға түсетін мұнайдың 2/3 бөлігін Таяу және Орта Шығыс мемлекеттері береді. Одан кейінгі орында тұрғандар: Ресей, Венесуэла, Мексика, Норвегия.

Бұрынғы КСРО 1975 – 1989 жж. аралығында мұнайды экспорттаудан 100млрд. доллардан астам табыс көрген. Бұл көрсеткіш сол кездегі бүкіл валюталық түсімнің 70 – 80% - ға дейін қамтамасыз етуге болатын.

Ал 1992ж. Ресей 66 млн.т. шикі мұнай сатып, 8,5млрд. доллар табыс кіргізді.

Мұнай өндірудің динамикасы.

1950ж. – 525млн.т.

1960ж. – 1060млн.т.

1970ж. – 2270млн.т.

1980ж. – 3,0млрд.т.

1985ж. – 2790млн.т.

1990ж. – 3,1млрд.т.

1995ж. – 3130млн.т.

2000ж. – 3590млн.т.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!