АЭС даму болашағы.



 

Мақсаты: Дүниежүзінің отын энергетика кешеніне жан жақты сипаттама беру, отын өнеркәсібінің шаруашылықтық маңызын, даму болашағы мен түйінді мәселелерін түсіндіру

 

Адамзаттың бүкіл даму тарихы отын мен энергия түрлерін игеру және пайдалануға байланысты екендігін мектептегі физика және география пәндерінен белгілі.Сонымен қатар өнеркәсіптің қай саласы болмасын оның дамуы және орналасуы отын энергетика өнеркәсібімен тығыз байланысты.Отын энергетикасыз біздің өмірде де мүмкін емес.Отын энергетика байлықтарын дүниежүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді.Мысалы: 1900 ж. – 1 млрд.т. шартты отыннан 1990 ж. дейін – 10 млрд.т. шартты отынға өскен.Ал 2000 ж. 14 млрд.т. өскен.Бірақ отын энергиясын өндіру және оны тұтыну бүкіл әлем елдерінің бәрінде бір қарқында өсіп,дамып отырғаны ерекше атап көрсету керек.Жер шарының әр бөлігінде орналасқан мемлекеттерде өте үлкен географиялық айырмашылықтар бар.Мысалы:280 млн-нан астам халқы бар АҚШ дүниежүзінде өндірілетін отын энергетика байлықтарының ¼ бөлігінен астамын яғни 25 % астамын тұтынады.Ал 3 млрд-тан астам халқы бар әлемнің барлық дамушы елдері осы 25 % мөлшеріндей отын энергиясын пайдаланады.Мысалы:егер планетаның әрбір тұрғынына орта есеппен алғанда жылына 1 адам - 2 т. шартты отын пайдаланатын болса,АҚШ- тың әрбір тұрғыны 10 т. шартты отын пайдаланады,ал дамушы елдердің әрбір тұрғыны 0,7 шартты отын пайдаланады.Дамушы елдерде өндірілетін отын энергия байлықтары соның ішінде негізінен мұнай өнімдері АҚШ – қа,Батыс Еуропа елдеріне,Жапонияға экспортқа шығарылады.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!