Дүние жүзілік шаруашылық салаларының географиясы



 

Шаруашылықтың салалық құрылымы, ауыл шаруашылығының орналасу үлгісі, Өнеркәсіптің өңірлік даму үлгісі. Бірінші, екінші, және үшінші шаруашылық секторлары.

Дүние жүзінде тұрғындары, ауыл шаруашылығымен және оған іргелес салалар-орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Оларда бүкіл дүние жүзі бойынша 900 млн адам жұмыс істейді.

Өсімдік шаруашылығында ҒТР «жасыл революция» дегенінің тууына алып келді. Оның мәнісі механикаландырумен, электрлендірумен, химияландырумен, жерді мелорациялаумен ұштастыра отырып, дақылдардың жоғары өнімді сорттарын, ал соңғы кезде сонымен бірге биотехнологияны енгізуде болып отыр. Өсімдік шаруашылығы дәнді дақылдар дүниежүзілік ауыл шаруашылығының негізі. Күріште нанның орнына жүреді, адамзат баласының жартысына жуығының негізгі тағамдарының бірі. Бұл біздің заманымыздан көп бұрын Қытайда өсірілген, аса ежелгі дақылдардың бірі.

Дүниежүзілік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың негізінен бидай мен жүгерінің 10-15 пайызы түседі. Оның басты экспорттаушылары астық шарушылылығы халықаралық маманданудың саласы болып табылатын елдер: АҚШ, Канада, Австралия, Франция, Аргентина, Қазақстан Канада мен Австралия жыл сайын жиналатын бидайының Аргентина жүгерісінің 80 пайзына дейін экспортқа шығарады. Малазықтық астық негізнен Батыс Еуропа елдері мен Жапонияға азық-түлік өз астығы жетіспейтін дамушы елдерге барып түседі.

Мал шаруашылығы. Үш жетекші сала мал шаруашылығы ет, мал майы, сүт, ірімшік, жұмыртқа сияқты маңызды тамақ өнімдерінің жүнінің және тері шикізатының көзі болып табылады. Дүние жүзі бойынша ет пен сүт өндірудің 2/1 не жуығы дамыған елдерге, ал 5/1 дамушы елдерге тиеді. Дүниежүзілік мал шаруашылығы ең алдымен малдың таралуына байланысты.

Ірі қара өсірудің арқасында бүкіл сүт түгелдей дерлік және еттің 3/1-і алынады. Интенсивті сүтті және етті-сүтті мал шаруашылығы қоңыржай белдеудің орман және орманды дала зоналарында көбірек тараған. Мұнда мал қолда ұсталып, бағылады, әрі жайылымда бағылады.

Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығының дүние жүзіндегі аса ірі аймағы-Австралияның дала және шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылық станцияларда болады. Мұндай станцияларда қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымда жайылып бағылады.

Балық аулау-адамзат баласының ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Онымен қазіргі кезде 15 млн адам айналысады. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық және өндірілетін басқа теңіз өнімдері жылына 80-85 млн т. құрайды. Балықтың және басқа теңіз сыйының маңыздылығы ең алдымен олардың құрамндағы жануарлар белогының мөлшері мал мен құс етінен кем түспейтіндігінде және олар адамзаттың бүкіл қажетінің 4/1 ін өтейтіндігінде.

Методикалық нұсқау:

Дәріс мазмұнын игеру үшін ҒТР мәні мен оның дүние жүзілік шаруашылықтың территориялық және салалық құрылымдарының өзгерістеріне әсерін бағамдап, географиялық еңбек бөлінісі ұғымдарына анықтама беріп, дүние жүзілік шаруашылықтың құрылымын, салалық географиясын айқындау қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Вавилов В.Е. Экономическая и социальная география мира: учеб-ное пособие. М.: Гардарики, 2006, - 175с.

2. Воронин В.П., Кондакова Г.В., Подмолодина И.Н. Мировое хозяйство и экономика стран мира: учебное пособие для вузов / М.: Финансы и статистика, 2008. – 240 с.

3. Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Г. Экономическая и социальная гео-графия зарубежных стран: учебник. – М.: Академия, 2008. – 464с.

4. Максаковский В.П. Географическая картина мира: в 2 кн. Кн. I: Общая характеристика мира / В.П. Максаковский. — М.: Дрофа, 2008.-495с.

5. Максаковский В.П. Общая экономическая и социальная география. Курс лекций: в 2 частях. Часть 1. / В.П. Максаковский. — М.: Владос, 2009. – 368 с.

6. Пирожник И.И. Геополитика в современном мире: учебное пособие / И.И. Пирожник. – Мн.: ТетраСистемс, 2008. – 272 с.

7. Социально-экономическая география зарубежных стран. /Под ред. В.В. Вольского. – М.: Дрофа, 2003. – 560 с.

 

 

Дәріс №7

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!