III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу. 5 страница



В. Тыныс алу функциясын қалпына келтіру

С. Жұтыну функциясын қалпына келтіру

Д. Төменгі жақсүйек тіс қатарының формасын қалпына келтіру

Е. +Бүйір аймақта тісальвеолалық ұзындықты арттыру

 

195. Бойжеткен 21 жаста, эстетикалық бұзылыстарға шағымданады. Сырттан қарағанда: беттің төменгі 1/3 бөлігінің биіктігі артқан, еріндері қиындықпен түйіседі, сөйлеуі анық емес, ысылдап сөйлейді. Ауыз қуысында: 5 мм сагитальді саңылау; 7 мм вертикальді саңылау анықталды; жоғарғы тіс қатарының тарылғандығы, тремалар және диастема бар екені, алдынғы тістердің гипоплазиясы, таңдайдың тереңдегені, төменгі жақсүйегінде барлық тістердің тілдік бетке иілуі байқалады. Телерентгенограммада: жоғарғы жақсүйек негізінің ұзындығының азаюы анықталды.

ЕҢ лайықты болатын емдеу шарасы төмендегілердің қайсысы?

А. +Комбинирленген ем

В. Реконструктивті хирургия

С. Ортодонтиялық ем

Д. Ортопедиялық ем

Е. Протетикалық ем

 

196. Әйел адам, 25 жаста. Тағамды қиындықпен тістеуге шағымданады. Сырттан қарағанда: беті долихоцефальды типте, симметриялы. Беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарған, еріндері түйіспейді. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі тістер арасында жанасудың болмауы байқалады, тек екінщі үлкен азу тістерінің түйісуі байқалады.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Ортопедиялық ем

В. Тістерді жұлумен жүргізетін ортодонтиялық ем

С. Тіс жұлусыз жүргізілетін ортодонтиялық ем

Д. +Ортогнатиялық хирургия

Е. Миогимнастика, компактоостеотомия

 

197. Ұл бала 9 жаста. Комплексті зерттеу нәтижесінде: төменгі жақсүйектің бүйір аймағында тісальвеолалық ұзындықтың ұзаруымен шартталған тіс қатарының дизокклюзиясы деген диагноз қойылды.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Кеңейткіш бұрандалы төменгі жақсүйегіне арналған табақша

В. Кеңейткіш бұрандалы жоғарғы жақсүйегіне арналған табақша

С. +Жоғарғы жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар табақша

Д. Төменгі жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар табақша

Е. Төменгі жақсүйекке арналған ылди жазықтығы бар табақша

 

198. Қыз бала, 9 жаста, ата-аналары алдыңғы аймақта тістер түйіспеуіне шағымданады. Ауыз қуысын тексерген кезде жоғарғы жақсүйектің бүйір аймағында тісальвеолалық ұзындықтың ұзаруымен шартталған тіс қатарларының дизокклюзиясы анықталды. Инфантильді жұтыну байқалады.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Кеңейткіш бұрандалы төменгі жақсүйегіне арналған табақша

В. Кеңейткіш бұрандалы бар жоғарғы жақсүйегіне арналған табақша

С. Жоғарғы жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар және тіл шектеуіші бар табақша

Д. +Төменгі жақсүйегіне арналған бүйір аймағында окклюзионды жабындысы бар және тіл шектеуіші бар табақша

Е. Төменгі жақсүйекке арналған ылди жазықтығы бар табақша

 

199. Айқасқан тістесу кезінде тіс қатарының қатынасы қай жазықтықта бұзылады?

А.Вертикальды

В.Сагитальды

С.+Трансверзальды

Д.Окклюзионды

Е.Фронтальды

 

200. Төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы айқасқан тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?

А.Төменгі ерінді тістеу

В.Жоғарғы еріннің жүгеншесінің дұрыс емес бекінуі

С.Уақытша күрек тістерінің ерте жұлынуы

Д.+Уақытша тістерінің төмпешіктерінің қажалмауы

Е. Жасанды тамақтандыру

 

201. Айқасқан тістесудің қалыптасуына төменде көрсетілген факторлардың барлығы әсер етеді,тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Уақытша тістерінің төмпешіктерінің қажалмауы

В.Тістердің жарып шығу реттілігінің бұзылуы

С.+Уақытша күрек тістерінің ерте жұлынуы

Д.Бір жақты шайнау

Е.СТЖБ анкилозы

 

202. Төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы айқасқан тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?

А.+ СТЖБ анкилозы

В. Тіс жарып шығу реттілігінің бұзылуы

С.Таңдай бадамшасының гипертрофиясы

Д. Зиянды әдеттер

Е. Жасанды тамақтандыру

 

203. Төменде көрсетілген клиникалық сынамалардың қайсысы айқасқан тістесудің ажырату диагностикасында қолданылады?

А.Эшлер-Битнер

В.+Ильин-Маркосян

С.Хорошилкина

Д.Рубинов

Е.Агапов

 

204. Айқасқан тістесудің диагностикасында диагностикалық мүсінде жүргізілетін өлшеу әдістері:

А.Герлах

В.Долгополова

С.Тон

Д+.Пон

Е.Нанси

 

205. Бет ассиметриясының диагностикасын жүргізу үшін бетті қалай зерртейді?

А.Сол жақтан

В.Оң жақтан

С.+Фас

Д.Бүйірінен

Е.Фас және бүйірнен

 

206. Төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы айқасқан тістесудің диагностикасында ЕҢ лайықты болып табылады?

А.Ауызішілік рентгенограмма

В.Бүйір проекциядағы телерентгенография

С.+Тік проекциядағы телерентгенография

Д.СТЖБ рентгенографиясы

Е. Томография

 

207. Айқасқан тістесуге төменде көрсетілген функциональды бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А.Ұрттың шырышты қабатын тістеу

В.Төменгі жақтың трансверзальды бағытта қиналып қозғалуы

С. Шайнау қысымының біркелкі емес таралуы

Д. СТЖБ функциясының бұзылуы

Е. +Жұтыну функциясының бұзылуы

 

208. Айқасқан тістесудің клиникалық формасы:

А.Шектеуші, шатыр тәрізді

В.Жауып тұратын, буккальды

С.Жауып тұратын, рахитті

Д.+Буккальды, лингвальды

Е. Шектеуші, лингвальды

 

209. Айқасқан тістесудің қай түріне жоғарғы жақтың екіжақты тарылуы жатады?

А.Біржақты буккальды айқасқан тістесу

В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу.

С.+Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

Д.Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

Е.Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

 

210. Айқасқан тістесудің қай түріне жоғарғы жақтың біржақты тарылуы жатады?

А.+ Біржақты буккальды айқасқан тістесу

В. Біржақты лингвальды айқасқан тістесу

С. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

Д. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

Е. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

 

211. Айқасқан тістесудің қай түріне төменгі жақтың біржақты тарылуы жатады?

А. Біржақты буккальды айқасқан тістесу

В.+ Біржақты лингвальды айқасқан тістесу

С. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

Д. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

Е. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

 

212. Айқасқан тістесудің қай түріне төменгі жақтың екіжақты тарылуы жатады?

А. Біржақты буккальды айқасқан тістесу

В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу

С. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

Д. +Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

Е. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

 

213. Төменде көрсетілген бет белгілерінің қайсысы төменгі жақ ығысуымен бірге болатын буккальды айқасқан тістесуге тән ЕҢ лайықты сипаттама болып табылады?

А.Беттің төменгі бөлігінің төмендеуі

В. «Тырысу симптомы»

С.Иектің алға шығуы

Д.+Бет асимметриясы

Е.Еріндердің түйіспеуі

 

214. Төменде көрсетілгендердің барлығы лингвальды айқасқан тістесудің ауызішілік белгілеріне тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А.+Сагитальды саңылау

В.Шайнау бұлшықеттерінің гипотониясы

С.Төменгі тіс доғасының кеңеюі

Д.Жоғарғы тіс доғасының тарылуы

Е.Төменгі жақтың шектелуі

 

215. Лингвальды айқасқан тістесудің ауызішілік белгілеріне төменде көрсетілген нұсқаулардың қайсысы ЕҢ лайықты болуы мүмкін:

А.Төменгі бүйір тістер жоғарғыларын жауып тұрады

В.Жоғарғы және төменгі тістер төмпешікті қатынаста орналасады

С. Молярлардың қатынасы Энгль бойынша II топ

Д.+Жоғарғы бүйір тістер төменгілерді жауып тұрады

Е.Барлық жоғарғы тістер төменгілерді жауып тұрады

 

216. Төменгі жақтың ығысуымен бірге болатын буккальды айқасқан тістесудің ауызішілік белгілеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ лайықты болуы мүмкін:

А.+Орта сызықтың сәйкес келмеуі

В.Жоғарғы тіс қатарының кеңеюі

С.Төменгі тіс қатарының тарылуы

Д. Сагитальды саңылау

Е. Күрек тіс жабуының ұлғаюы

 

 

217. Біріккен айқасқан тістесудің гнатикалық формасының ауызішілік белгілеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ лайықты болуы мүмкін:

А. Орта сызықтың сәйкес келмеуі

В.Сагитальды саңылау

С.+Жақтардың базистерінің тарылуы немесе кеңеюі

Д.Тіс доғасының алдыңғы бөлігінің ұзындығының ұзаруы

Е.Тіс доғасының сагитальды ұзындығының қысқаруы

 

218. Төменгі жақтың ығысуын анықтау үшін клиникалық сынама жүргізгенде бетті төмендегідей жағдайда қарайды:

А.Төменгі жақты алдыға қарай жылжыту

В.+Ауызды кере ашу

С.Орталық окклюзия

Д.Үйреншікті окклюзия

Е.Алдыңғы окклюзия

 

219. Уақытша тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принципі?

А.Уақытша фронтальды тістерді жұлу

В.Рациональды протездеу, миогимнастика

С.Массаж, физиоем

Д.+Қажалмаған төмпешіктерді егеу

Е.Протетикалық ем

 

220. Аралас тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принципі?

А.Уақытша тістерді жұлу

В.ЛОР-ағзаларды санациялау

С.Механикалық әсер ететін аппараттар

Д.+Функциональды әсер ететін аппараттар

Е.Протетикалық ем

 

221. Уақытша және ерте аралас тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принциптері төменде көрсетілгендердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А.Зиянды әдеттерді жою

В. Қажалмаған төмпешіктерді егеу

С.+Бірінші премолярларды жұлу

Д.Миогимнастика

Е. ЛОР-ағзаларды санациялау

 

222. Тұрақты тістесу кезеңіндегі айқасқан тістесуді емдеу принципі:

А.Ауыз қуысын санациялау

В. ЛОР-ағзаларды санациялау

С.Миогимнастика, массаж

Д.+ Механикалық әсер ететін аппараттар

Е. Қажалмаған төмпешіктерді егеу

 

223. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы айқасқан тістесуді емдеу кезінде қолданылады?

А.Мюлеман пропульсоры

В.Башарова аппараты

С.+Андрезен-Гойпл активаторы

Д.Брюкль аппараты

Е.Катц табақшасы

 

224. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы аралас тістесу кезеңінде айқасқан тістесуді емдеу кезінде қолданылады?

А. Башарова аппараты

В.Хорошилкина аппараты

С.+Френкельдің қызмет реттеушісі

Д. Брюкль аппараты

Е.Катц табақшасы

 

 

225. Қыз бала 10 жаста, ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуына. Сыртқы қарау кезінде беттің шамалы ассимметриясы анықталды. Ильин-Маркосянның клиникалық сынамалары бойынша қандай да бір ауытқу анықталмады. Ауызішілік қарау кезінде орталық күрек тістер арасындағы орталық сызықтың ығысуы анықталды. 4.6, 4.5, 4.4, 4.3 тістер жоғарғы тістерді жауып тұр. Бүйір тістердің қатынасы сагитальды жазықтықта нормагнатикалық.

Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.+Біржақты айқасқан буккальды тістесу

В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу

С.Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

Д.Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

Е. Біріккен буккальды айқасқан тістесу

 

226. Ұл бала 13 жаста, ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі- тік.Ауыз қуысында: жоғарғы бүйір тістерінің ұртты төмпешіктері екі жақта да төменгі аттас тістердің жүлгесі бойынша орналасады.

Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.Біржақты айқасқан буккальды тістесу

В.Біржақты лингвальды айқасқан тістесу

С.Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

Д.+Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

Е. Біріккен буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

 

227. Ұл бала 10 жаста.Профилактикалық қарау кезінде: жоғарғы фронтальды тістер төменгі тістерді сауыт биіктігінің 2|3 бөлігіне жауып тұрады. Сагитальды жазықтық бойынша бірінші молярлардың түйісуі төмпешіктік. Аузын жапқанда төменгі бүйір тістердің ұртты төмпешіктері екі жақтан да жоғарғы тістердің таңдай төмпешіктерінің маңынан сырғиды.Тіс доғасынынң енін өлшеу кезінде төменгі тіс доғасының тарылуы анықталды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.+ Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

В. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

С. Біржақты лингвальды айқасқан тістесу

Д. Біржақты айқасқан буккальды тістесу

Е. Біріккен буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

 

228. Қыз бала 12 жаста. Мектепте прфилактикалық жүргізу кезінде: ауыз қуысында 3.6, 3.5, 3.4, 3.3 тістер жоғарғы тістерді жабады. Сагиттальды жазықтықта бүйір тістердің қатынасы нормагнатикалық.

Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А. Біріккен буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

В. Екіжақты буккальды айқасқан тістесу

С.+ Біржақты лингвальды айқасқан тістесу

Д. Біржақты айқасқан буккальды тістесу

Е. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

 

229. Қыз бала 14 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Сыртқы қарау кезінде: иектің солға ығысуы нәтижесінен беттің ассимметриясы байқалады. Ауыз қуысында: орталық сызық бір төменгі күрек тістің еніне солға ығысқан. Сол жақтағы төменгі бүйір тістер жоғарғы тістерді жауып тұр.

Қандай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.+Айқасқан тістесу

В.Прогнатиялық тістесу

С.Прогениялық тістесу

Д.Ашық тістесу

Е.Терең тістесу

 

230. Қыз бала 20 жаста. Эстетикалық көрінісіне шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі солға ығысқан, осы жағындағы жоғарғы еріннің салбырауы байқалады. Төменгі жақтың бұрышы ығысқан жағында тікке жақын, ал қарсы жағы 135-140 градусқа дейін ұлғайған. Тіс қатарларын түйістіргенде ығысу жағында дистальды қатынас, ал қарсы жағында мезиальды қатынас анықталған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А. Төменгі жақтың орта сагитальды жазықтыққа параллельді ығысуымен бірге буккальды айқасқан тістесу

В. +Төменгі жақтың орта сагитальды жазықтыққа диагональды ығысуымен бірге буккальды айқасқан тістесу

С. Буккальды-лингвальды айқасқан тістесу

Д. Екіжақты лингвальды айқасқан тістесу

Е. Біржақты буккальды айқасқан тістесу

 

231. Ұл бала 13 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Сыртқы қарауда: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: сагитальды жазықтық бойынша бірінші молярлардың төмпешіктік түйісуі анықталды. Трансверзальды жазықтықта: төменгі бүйір тістердің ұртты төмпешіктері екі жақтан да жоғарғы бүйір тістердің таңдай төмпешіктерінің маңынан сырғиды.

Биометриялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.Төменгі жақ тістерінің мезиодистальды өлшемінің кішіреюі

В.Жоғарғы жақ тістерінің мезиодистальды өлшемінің үлкеюі

С.Төменгі тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығының ұзаруы

Д.Жоғарғы жақтың апикальды базисінің өлшемінің кішіреюі

Е.+Төменгі жақтың премолярлары мен молярларының арасындағы енінің кішіреюі

 

232. Қыз бала 14 жаста. Ата анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: жоғарғы жақтың бүйір тістерінің ұрттық төмпешіктері екі жағынан да төменгі аттас тістердің жүлгесі бойынша орналасқан.

Биометриялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А. Төменгі жақ тістерінің мезиодистальды өлшемінің кішіреюі

В. Төменгі тіс қатарының алдыңғы бөлігінің ұзындығының ұзаруы

С.Төменгі тіс доғасының сагитальды ұзындығының кішіреюі

Д.+Жоғарғы тіс доғасының енінің кішіреюі

Е. Жоғарғы жақтың апикальды базисінің өлшемінің үлкеюі

 

233. Қыз бала 17 жаста. Эстетикалық көрінісіне шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі шамалы оңға қарай ығысқан, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: бірінші молярлардың қатынасы оң жақта Энгль бойынша II топ, ал сол жақта III топ. Ортаңғы сызығы төменгі күрек тіс енінде оңға қарай ығысқан.

Функциональды зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.Шайнау бұлшықетінің тонусының ұлғаюы

В.+Төменгі жақтың қозғалысының трансверзальды шектелуі

С.Мұрын арқылы тыныс алудың қиындығы

Д.Пародонттың шыдамдылығының азаюы

Е.Жұтыну функциясының бұзылысы

 

234. Жасөспірім 13 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Сыртқы қарау кезінде: иегінің солға ығысуы нәтижесінде бет ассимметриясы байқалады. Ауыз қуысында: ортаңғы сызығы төменгі бір күрек тіске жылжыған.

Телерентгенографиялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.Төменгі жақтың оңға бүйір диагональды ығысуы

В.Бет сүйектерінің симметриялы дамуы

С.Төменгі жақ денесінің оң жағының қысқаруы

Д.+Төменгі жақ сол жақ бұтағының қысқаруы

Е. Төменгі жақ сол жақ денесінің ұзаруы

 

235. Ұл бала 10 жаста. Ата-анасының шағымы эстетикалық көріністің бұзылуы. Ауыз қуысында: оң жақ бірінші молярлардың қатынасы Энгль бойынша II топ, ал сол жақ қатынасы III топ. Ортаңғы сызығы бір төменгі күрек тіс еніне оңға қарай ығысқан.

Клиникалық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болуы мүмкін?

А.+Төменгі жақтың оңға қарай ығысуы

В. Төменгі жақтың солға қарай ығысуы

С. Иектің артқа қарай ығысуы

Д. Жоғарғы жақтың және жоғарғы еріннің шығып тұруы

Е. Супраментальды жүлгеннің тереңдеуі

 

236. Бала 7 жаста. Дәрігер ортодонтқа мектеп стоматологы тарапынан жіберілген. Бала аузын жапқан кезінде, бүйір тістерін түйістіру үшін төменгі жағын латеральды ығыстырады. Ауыз қуысында: аралас тістесудің бірінші жартысында, бүйір аймағында айқын емес кері жабылу байқалады.

Төмендегі емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Жоғарғы тіс қатарын кеңейту

В. Төменгі тіс қатарының кеңейту

С.+Сүйір тістердің төмпешіктерін егеу

Д. ЛОР дәрігеріне қаралу

Е. Төменгі жақтың дамуын шектеу

 

237. Бала 8 жаста. Дәрігер ортодонтқа мектеп стоматологы тарапынан жіберілген. Сыртқы қарау кезінде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: оң жағынан бүйір тістердің ұртты төмпешіктері жоғарғы бүйір тістердің таңдай төмпешіктерімен қатынаста. Жоғарғы және төменгі күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық ығыспаған.

Төменде көрсетілген қосымша зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Бүйір проекциядағы телерентгенография

В. Тік проекциядағы телерентгенография

С. Ортопантомография

Д. Функциональды клиникалық сынама

Е.+Тіс доғасының енін өлшеу

 

238. Жасөспірім 17 жаста. Эстетикалық көрінісіне шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі шамалы оңға қарай ығысқан, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: оң жақ бірінші молярлардың қатынасы Энгль бойынша II топ, ал сол жақ қатынасы III топ. Ортаңғы сызығы төменгі күрек тіс еніне оңға қарай ығысқан.

Төменгі жақтың ығысуының себебін анықтау мақсатында Ильина-Маркосянның функциональды сынамасын жүргізген кезде бетті қараудың ЕҢ лайықты жағдайы төмендегілердің қайсысы:

А. Төменгі жақты артқа қарай жылжыту

В.+Ауызды кере ашқан кезде

С. Орталық окклюзия

Д. Үйреншікті окклюзия

Е. Алдыңғы окклюзия

 

239. Әйел адам 25 жаста. Бет ассимметриясына шағымданады. Сыртқы қарау кезінде иегінің сол жаққа ығысқаны байқалады. Ильин-Маркосянның үшінші функциональды сынамасын жүргізгенде ортаңғы сызықтың сәйкес келмейтіні, бет ассиммметриясының сақталатыны анықталды.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын диагнозды анықтау үшін ЕҢ бірінші ретте жүргізу қажет?


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!