III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу. 4 страница



А. Алдыңғы тістерді тіс альвеолалық ұзарту

В. Жоғарғы жақтың өсуін ынталандыру

С. Төменгі жақтың өсуін щектеу

Д.+ Бүйір тістерді тіс альвеолалық ұзарту

Е. Жоғарғы жақ көлемін қысқарту

 

146. Бала жаста. Ата- анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Объективті тексеруде: беті симметриялы, супраментальды жүлгенің тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: дистальды тістесу, жоғарғы алдыңғы тістер төменгі тістерді толығымен жабады.

Төмендегі ортодонтиялық емнің барлық нұсқалары дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Бүйір тістердің тісальвеолалық ұзаруын шектейтін себептерді жою

В.+Алдыңғы тістердің тісальвеолалық ұзаруын шектейтін себептерді жою

С. Алдыңғы тістердің тісальвеолалық ұзаруын шектеуге жағдай жасау.

Д. Тіс доғасының пішінін және тістердің орналасуын қалпына келтіру

Е. Жақтардың өсуін қалпына келтіру

 

147. Қыз бала 9 жаста. Шайнау қызметінің бұзылғандығына шағымданады. Сыртқы қарап тексеруде тістесу биіктігінің төмендегені байқалады. 7.4, 7.5, 8.4, 8.5 тістері жоқ, 5.5, 5.4, 6.4, 6.5 тістер маңында тіс альвеолалық ұзару байқалады. Жоғарғы күрек тістер төменгілерді тіс сауытының 2/3 бөлігін жауып тұр.

Төмендегі қосымша зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізу ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Ортаңғы таңдай тігісінің рентгенографиясы

В. Шайнау сынамасы

С. Электромиография

Д.+ Ортопантомография

Е. Телерентгенография

 

148. Ашық тістесу кезінде тіс қатарларының қатынасы қандай жазықтық бойынша бұзылады?

А. Трансверзальді

В. Сагиттальді

С. +Вертикальді

Д. Орбитальді

Е. Фронтальді

 

149. Ашық тістесу кезінде бұлшықеттердің қандай тобының шамадан тыс дамуы байқалады?

А. Төменгі жақсүйекті дистальді жылжытатындар

В. Төменгі жақсүйекті көтеретіндер

С.+ Төменгі жақсүйекті түсіретіндер

Д. Төменгі жақсүйекті алдыға жылжытатындар

Е. Иек және ауыз маңы бұлшықеттері

 

150. Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы ашық тістесу сипаттамасына тән ЕҢ лайықты сипаттама болып табылады?

А. Жоғарғы күрек тістердің вестибулярлы бағытта иілуі

В. + Вертикальді бағытта түйісудің болмауы

С. Сагиттальді бағытта түйісудің болмауы

Д. Бүйір тістердің толық жарып шықпауы

Е. Алдыңғы тістердің толық жарып шықпауы

 

151. Ашық тістесудің қалыптасуында төмендегі этиологиялық факторлардың барлығы негізгі себеп болып табылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Тілдің дұрыс орналаспауы

В. Тіл жүгеншесінің қысқаруы

С. Инфантильді жұтыну

Д. Ауызбен тыныс алу

Е. + Глосоптоз

 

152. Төмендегі зиянды әдеттердің қайсысы ашық тістесудің қалыптасуында ЕҢ ықтималды себеп болып табылады?

А. Ұйқы кезінде қолды бет астына қойып жату

В. Биік жастықта ұйықтау

С. Жоғарғы ернін сору

Д. Төменгі ернін сору

Е. +Бас бармағын сору

 

153. Төмендегі этиологиялық факторлардың қайсысы ашық тістесудің қалыптасуында ЕҢ жиі кездесетін себептердің бірі болып табылады?

А. Физиологиялық қажалу

В. Патологиялық қажалу

С. Омыртқаның қисаюы

Д. + Мешел

Е. Инфекциялы аурулар

 

154. Төмендегі этиологиялық факторлардың қайсысы ашық тістесудің қалыптасуына алып келеді?

А. Жоғарғы жақ үзенгісінің дұрыс орналаспауы

В. Біріншілік адентия

С. Ауыз кіреберісінің саяз болуы

Д. +Тілді, ұртты тістеу

Е. Уақытша кіші азу тістерді ерте жоғалту

 

155. Ашық тістесуге төмендегі клинико-морфологиялық белгілердің барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Алдынғы тістер арасында түйісудің болмауы

В. +Төменгі жақсүйек бұрышының азаюы

С. Еріндердің қиналып түйісуі

Д. Беттің төменгі 1/3 бөлігінің ұзаруы

Е. Готикалық таңдай

 

156. Ашық тістесуге тән функциональді бұзылыстар:

А.+ Тағамды тістеу, жұтыну, дыбыс шығарудың қиындауы

В. Таңдайдың шырышты қабатын төменгі күрек тістермен жарақаттау

С. Төменгі жақтың шырышты қабатын жоғарғы күрек тістермен жарақаттау

Д. Бүйір тістердің толық шықпауы

Е. Алдынғы тістердің шамадан тыс шығуы

 

157. Ашық тістесуге төменде көрсетілген функциональді бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Дыбыс шығару бұзылыстары

В. +Алдынғы тістер пародонтының шамадан тыс жүктемесі

С. Тағамды тістеудің қиындауы

Д. Шырышты қабаттың құрғауы

Е. Тілдің және ұрттың парафункциясы

 

158. Ашық тістесу кезінде төменде көрсетілген функционольді бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Мұрынмен тыныс алудың қиындауы

В. Ауызбен тыныс алу

С. Инфантильді жұтыну

Д. +Шырышты қабаттың жарақаттары

Е. Таңдай-жұтқыншақ бадамшаларынаң үлкеюі

 

159. Төменде көрсетілген тістердің даму ауытқуларының қайсысы ашық тістесудің пайда болуына ЕҢ жиі алып келеді?

А. Макродентия

В. Адентия

С. +Алдынғы тістердің толық жарып шықпауы

Д. Комплектен артық тістер

Е. Диастема

 

160. Ашық тістесуге тән ЕҢ ықтималды беттік белгілер?

А. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, мұрын-ерін қатпарлары айқындалған

В. +Беттің төменгі бөлігі ұзарған, мұрын-ерін қатпарлары тегістелген

С. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, еріндер еркін түйіседі

Д. Жоғарғы ерін қысқарған, жоғарғы тістер төменгі ерінде жатыр

Е. Беттің төменгі бөлігі ұзарған, мұрын-ерін қатпарлары айқандалған

 

161. Төменде көрсетілген беттік белгілердің қайсысы ашық тістесуге тән ЕҢ ықтималды сипаттама болып табылады?

А. Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы, иек қатпарларының айқындалуы

В. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы, иектің алға жылжуы

С. +Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы, мұрын-ерін және иек қатпарларының тегістелуі

Д. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы, мұрын-ерін және иек қатпарларының айқындалуы

Е. Беттің ортанғы бөлігінің қысқаруы, иек қатпарларының айқындалуы

 

162. Алдыңғы ашық тістесуге тән ЕҢ лайықты сипаттама?

А. Екі жақсүйектің алдыңғы тістер бөлігінді ұзару

В. Жоғарғы жақсүйектің бүйір бөліктерінде қысқару

С. Төменгі жақсүйектің бүйір бөліктерінде қысқару

Д. Жоғарғы жақсүйектің бүйір бөліктерінде кеңею

Е. +Фронтальді бөлктеде қысқару

 

163. Шынайы (мешелді) ашық тістесуге төменде көрсетілгендердің барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Жақсүйектердің вертикальді бағытта өсуі

В. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы

С. Төменгі жақсүйек бұрышының ұзаруы

Д. Жоғарғы жақсүйегінің тарылуы

Е. +Алдынғы бөліктің ұзаруы

 

164. Ашық тістесу кезінде жақсүйектердің қай бағытта өсуі ЕҢ ықтималды?

А. +Вертикальді

В. Горизонтальді

С. Нейтральді

Д. Тік

Е. Сызықты

 

165. Ашық тістесу кезінде ЕҢ ықтималды профиль түрі?

А. +Дөңес

В. Тік

С. Овальді

Д. Ойыс

Е. Төртбұрыш

 

166. Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы ашық тістесудің қаңқалық формасына тән ЕҢ лайықты сипаттама болып табылады?

А. Жақсүйек аралық бұрыштың азаюы

В. Төменгі жақсүйек бұрышның азаюы

С. Фронтальді тістердің ретрузиясы

Д. +Төменгі жақсүйек бұрышының ұлғаюы

Е. Шпее қисығының айқындалуы

 

167. Ашық тістесудің ауыз ішілік белгілері төмендегілердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Төменгі және жоғарғы жақсүйек тістері арасында түйісудің болмауы

В. Тілдің төмен орналасуы

С. +Жоғарғы фронтальді тістердің ретрузиясы

Д. Тұрақты алдынғы тістердің гипоплазиясы

Е. Жоғарғы жақсүйектің тарылуы

 

168. Аралас тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу үшін төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың қайсысы қолданылады?

А. Шонхердің вестибулярлы пластинкасы

В. Гуляева аппараты

С. +Андрезен-Гойпл активаторы

Д. Катц табақшасы

Е. Брюкль аппараты

 

169. Тұрақты тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу үшін төменде көрсетілген ортодонтиялық аппарттардың қайсысы қолданылады?

А. Окклюзионды жабындысы бар табақшасы

В. Гуляева аппараты

С. Катц табақшасы

Д. +Гербст-Кожакару аппараты

Е. Брюкл аппараты

 

170. Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың барлығы ашық тістесуді емдеуде қолданылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Вестибулярлы табақша

В. Ортодонтия алдылық трейнерлер

С. Андрезен-Гойпл активаторы

Д. +Френкелдің III тип қызмет реттеушісі

Е. Гербст-Кожакар аппараты

 

171. Төменде көрсетілгендердің барлығы ашық тістесуді емдеудің негізгі мақсаттары, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А.+ Бүйір тістердің жарып шығуын ынталандыру

В. Алдынғы тістердің жарып шығуын ынталандыру

С. Бүйір тістердің жарып шығуын кешіктіру

Д. Тістердің орналасуын және тіс доғасының формасын қалпына келтіру

Е. Жұтыну және тыныс алу функцияларын калпына келтіру

 

172. Уақытша тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеудің негізгі әдістері?

А. Протетикалық ем және миогимнастика

В. Миогимнастика және рационалды ем

С. Алынбайтын ортодонтиялық аппараттар және массаж

Д. +Тіс-жақ жүйесінің функциясын қалпына келтіру

Е. Уақытша үлкен азу тістерді жұлу

 

173. Төменде көрсетілгендердің барлығы уақытша тістесу кезеңіндегі ашық тістесуді емдеудің негізгі мақсаттары болып табылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Зиянды әдетттерді жою

В.Тыныштық және функция кезіндегі тілдің орналасуын қалпына келтіру

С. Мұрынмен дем алуды, еріндердің түйісуін ретке келтіру

Д. +Механикалық әсер ететін аппараттарды қолдану

Е. Уақытша тістердің болмауы немесе бұзылуы кезіне протездермен емдеу

 

174. Аралас тістесу кезеңіндегі ашық тістесуді емдеудің негізгі әдістері?

А. Зиянды әдеттерді жою

В. Уақытша тістерді жұлу

С. Массаж және физиоем

Д. Компактоостеотомия

Е.+ Аппараттармен емдеу және миогимнастика

 

175. Төменде көрсетілгендердің барлығы аралас тістесу кезеңіндегі ашық тістесуді емдеудің негізгі мақсаттары, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Зиянды әдеттерді жою

В. Функциональды аппараттар

С. Миогимнастика

Д. Механикалық әсер ететін аппараттар

Е.+ Компактостеотомия

 

176. Қыз бала 8 жаста. Инфантильді жұтыну байқалады.

Төменде көрсетілген аномалиялардың қайсысы пайда болуы мүмкін?

А.+ Күрек тістердің протрузиясы

В. Тістердің транспозициясы

С. Сүйір тістердің дистопиясы

Д. Күрек тістердің ретрузиясы

Е. Күрек тістердің түсіп қалуы

 

177. Ұл бала, 12 жаста, дәрігер-ортодонтқа мектеп стоматологы тарапынан жіберілген. Объективті: беті симметриялы, беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарған, мұрын- ерін қатпарлары тегістелген, еріндері түйіспейді, ауызбен демалады. Ауыз қуысында: 4 мм болатын тік саңылау бар.

Болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болады?

 

А.+ Вертикальді күрек тістік дизокклюзия

В. Сагитальді күрек тістік дизокклюзия

С. Вертикальді күрек тістік окклюзия

Д. Сагитальді күрек тістік окклюзия

Е. Тік күрек тістік окклюзия

 

178. Ұл бала, 14 жаста. Тағамды қиындықпен тістеуіне шағымданады. Сырттан қарағанда беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарған. Тістерді түйістіру кезінде фронтальді тістер арасында 4 мм болатын тік саңылау байқалады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болады?

А. Прогнатиялық тістесу

В. Прогениялық тістесу

С. Айқасқан тістесу

Д. +Ашық тістесу

Е. Терең тістесу

 

179. Ұл бала, 13 жаста. Ата-анасы “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Анамнезінде ауызбен демалу анықталды. Бастың бүйір бөлігінің ТРГ анализінде жақсүйектердің вертикальді өсу типі және алдынғы тістердің протрузиясы байқалады. Жақсүйектердің сагитальді бағытта орналасуын сипаттайтын көрсеткіштер қалыпта. Беттің төменгі бөлігі беттің орталық және жоғарғы бөлігімен салыстырғанда ұзарған. Еріндері түйіспейді.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А. Прогнатиялық тістесу

В. Айқасқан тістесу

С.+ Ашық тістесу

Д. Терең тістесу

Е. Прогениялық тістесу

 

180. Қыз бала, 15 жаста. Бастың бүйір проекцияда түсірілген ТРГ анализінде бет-жақ қаңқасының вертикальді бағытта өсуін сипаттайтын көрсеткіштердің шамадан тыс артуы байқалады. Төменгі жақсүйек денесінің конфигурациясы өзгерген.

Қай диагнозға сәйкес келеді?

А. Прогнатиялық тістесу

В. + Қаңқалық ашық тістесу

С. Тісальвеолалық ашық тістесу

Д. Қаңқалық терең тістесу

Е. Тісальвеолалық терең тістесу

 

181. Ұл бала, 9жаста. Ата-анасының айтуы бойынша оң қолының үлкен саусағын соратын зиянды әдеті бар. Объективті: беті симметриялы, демалуы ауызбен, ауыздың айнала бұлшықетінің әлсіз функциясы байқалады, профилі- дөңес. Ауыз қуысында: жоғарғы фронтальді тістер тобының протрузиясы, 2-3 мм вертикальді саңылау.

Биометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ мүмкін болып табылады?

А.+ Жоғарғы тіс доғасы алдыңғы бөлігі ұзындығының артуы

В. Жағарғы кіші азу тістер арақашықтығының артуы

С. Жоғарғы үлкен азу тістер арақашықтығының артуы

Д. Алдынғы тістер пропорциясының бұзылуы

Е. Жоғарғы тіс доғасы алдыңғы бөлігі ұзындығының азаюы

 

182. Бала 9 жаста, тамақты қиындықпен тістеуге шағымдалады. Ауыз қуысында: фронтальді тістер доғаланып, вестибулярлы орналасқан. Жоғарға тістер қатары V тәрізденіп тарылған, таңдайы готикалық, фронтальді аймағында 2 мм тік саңылау байқалады.

Биометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ мүмкін болып табылады?

А. +Жоғарғы премолярлар арақашықтығының азаюы

В. Алдыңғы тістер пропорциясының бұзылуы

С. Төменгі жақсүйектің апикальді базисі енінің артуы

Д. Жоғарғы жақсүйек апикальді базисі енінің кемуі

Е. Жоғарғы тіс доғасының алдынғы бөлігінің ұзындығының кемуі

 

183. Ұл бала 14 жаста. Ата-аналар “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Анамнезінде ауызбен тыныс алу анықталған. Тіс қатарларын түйістіру кезінде фронтальді тістер арасында 4 мм вертикальді саңылау байқалады.

Фотометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ мүмкін болып табылады?

А. Беттің толық морфологиялық биіктігінің азаюы

В. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің азаюы

С. +Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің артуы

Д. Беттің бұрыштық енінің артуы

Е. Беттің морфологиялық енінің азаюы

 

184. Қыз бала, 14 жаста. Ата-аналар “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Объективті: еріндері қиындықпен түйісуі, беттің төменгі бөлігінің артуы, “тырысу” симптомы байқалады. Ауыз қуысында: үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ, жоғарғы және төменгі күрек тістер арасында жанасудың болмауы.

ЕҢ мүмкін болатын профиль?

А. +Дөңес

В. Тік

С. Овальді

Д. Ойыс

Е. Төртбұрыш

 

185. Қыз бала, 13 жаста. Ата-анасы эстетикалық бұзылыстарға шағымданады. Объективті: профилі дөңес, иектің алға шығуы, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ, жоғарғы және төменгі күрек тістер арасында жанасудың болмауы байқалады.

Төмендегі клиникалық зерттеу нәтижелерінің барлығы дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ?

А. Иек қатпарларының тегістелуі

В. Тырысу симптомы

С. Беттің төменгі 1/3 бөлігі артқан

Д.+ Төменгі жақтың алға жылжуы

Е. Мұрын-ерін қапарларының тегістелуі

 

186. Бозбала, 18 жаста. Тағамды қиындықпен тістеуге шағымдалады. Ауыз қуысында: үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ, жоғарғы және төменгі күрек тістер арасында жанасудың болмауы байқалады.

Клиникалық зерттеулердің қай нәтижесі ЕҢ мүмкін болады?

А. Супраментальді жүлгенің тереңдеуі

В. Иек және мұрын-ерін қатпарларының айқындалуы

С. Иектің алға жылжуы

Д. Төменгі жақтың алға жылжуы

Е. + Иек және мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі

 

187. Қыз бала, 18 жаста, тағамды тістеудің бұзылуына шағымданады. Объективті: профилі- дөңес, иегі алға шыққан, еріндері қиындықпен түйіседі. Ауыз қуысында: диастема, фронтальді тістер арасында тремалар бар, вертикальді саңылау көлемі-3 мм болып анықталды.

Телерентгенографиялық зерттеудің қай нәтижесі ЕҢ мүмкін болады?

А. Беттің артқы биіктігінің азаюы

В. Төменгі жақсүйек бұрышының азаюы

С. Беттің толық морфологиялық биіктігінің азаюы

Д. Фронтальді тістердің ретрузиясы

Е. +Фронтальді тістердің протрузиясы

 

188. Боз бала, 18 жаста, “дұрыс емес тістесуге” шағымданады. Объективті: профилі- дөңес, иегі алдыға шыққан, еріндері қиындықпен түіседі. Ауыз қуысында: молярлардың түйісуі II топ бойынша, фронтальді тістер арасында диастема, тремалар бар, вертикальді саңылау көлемі-5 мм болып анықталды.

Төмендегі телерентгенографиялық зерттеу нәтижелерінің барлығы дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ?

А. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің артуы

В. Жақсүйек бұрышының артуы

С. Фронтальді тістердің протрузиясы

Д. Беттің толық морфологиялық биіктігінің артуы

Е.+ Күрек тіс аралық бұрыштың артуы

 

189. Қыз, 18 жаста, тағамды қиналып тістеуге шағымданады. Объективті: профилі- дөңес, иегі алдыға шығынқы, еріндері қиналып түйіседі. Ауыз қуысында: фронтальді тістер арасында диастема, тремалар, сагиттальді саңылау көлем- 8 мм. Бірінші үлкен азу тістердің түйісуі Энгль бойынша II топ.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ лайықты болады?

А. Бетті антропометриялық өлшеу

В. Бетті фотометриялық өлшеу

С. Функциональді сынамалар

Д. +Бүйір проекцияда түсірілген телерентгенограмма

Е. Тік проекцияда түсірілген телерентгенограмма

 

190. Бала, 5 жаста. Тілді сору әдетінен вертикальді күрек тістік дизокклюзия қалыптасуда.

Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың қайсысы ЕҢ лайықты болады?

А. Шонхердің стандартты вестибулярлы табақшасы

В. Жеке вестибулярлы табақша

С.+ Крауздың вестибулооральді табақшасы

Д. Кербцтің вестибулярлы табақшасы

Е. Мюллеман пропульсоры

 

191. Бала 5,5 жаста. Үлкен саусағын сору салдарынан вертикальді күрек тістік дизокклюзия қалыптасуда.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Миогимнастика

В. Механикалық әсер ететін алынатын аппарат

С. Уақытша молярларды жұлу

Д. Массаж және алынбайтын ортодонтиялық ем

Е. +Зиянды әдеттерді жою

 

192. Бала 5 жаста. Ата-анасы сол қолының үлкен саусағын соратын зиянды әдетіне шағымданады. Беті өзгеріссіз. Күрек тістер арасында вертикальді саңылау – 2 мм болып анықталды.

Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Миогимнастика, протездеу

В. +Зиянды әдеттерді жою

С. Алдынғы тістерді жұлу

Д. Алынбайтын ортодонтиялық аппараттар, массаж

Е. Компактостеотомия

 

193. Қыз бала, 8 жаста. Ата-анасы алдынғы тістер арасында саңылаудың болуына шағымданады. Сырттан қарағанда еріндері қиналып түйіседі, иегінде тырысу симптомы байқалады. Ауыз қуысында: фронтальді бөлігінде 3 мм вертикальді саңылау анықталды. Тіл жұтыну, сөйлеу және физиологиялық тыныштық жағдайында алдынғы тістер арасында орналасатыны анықталған.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын ЕҢ бірінші ретте жүргізу қажет?

А. Күрек тістік жабылуды қалпына келтіру

В. Тіс қатарларының формасын калпына келтіру

С. +Тілдің орналасуын қалпына келтіру

Д. Жоғарғы жақсүйекті кеңейту

Е. Үлкен азу тістерді дистализациялау

 

194. Боз бала 20 жаста, эстетикалық бұзылыстарға шағымданады. Сырттан қарағанда беттің төменгі 1/3 бөлігінің ұзарғандығы, еріндердің түйіспейтіндігі анықталады. Науқас бала кезінде мешелмен ауырған. Ауыз қуысында: 5 мм вертикальді саңылау. Төменгі жақсүйек формасы трапеция тәрізді, жоғарғы жақсүйек формасы V формалы, тарылған, фронтальді тістердің протрузиясы, жұтыну кезінде тіл алдыңғы тістер арасында орналасады, тыныс алу ауызбен жүзеге асады.

Емдеудің негізгі шаралары төменде көрсетілгендердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ?

А. Жоғарғы жақ тіс қатарының формасын қалпына келтіру


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!