III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу. 3 страница



А.Мезиальді

В.+Дистальды

С.Ашық

Д.Ортогнатиялық

Е.Айқасқан

 

100.Төменде көрсетілген тістердің орналасу ауытқуларының қайсысы терең тістесудің қалыптасуына алып келеді?

А.Төменгі жақсүйектік макродентия

В.Жоғарғы жақсүйектік микродентия

С.Алдыңғы тістердің инфроакклюзиясы

Д.+Алдыңғы тістердің супраокклюзиясы

Е.Бүйір тістердің супраокклюзиясы

 

101.Төменде көрсетілген қай этиологиялық фактор көп жағдайда терең тістесуді қалыптастырады?

А.Уақытша күрек тістерді ерте жұлу

В.+Бүйір тістерді ерте жұлу

С.Саусақ пен тілді сору

Д.Тілдің қысқа үзеңгісі

Е.Төменгі жақсүйек көлемінің үлкеюі

 

102.Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?

А.Макроглоссия

В.Туа пайда болған қатты таңдай жырығы

С.Жоғарғы күрек тістерді ерте жұлу

Д.+Бүйір тістердің толығымен жарып шықпауы

Е.Төменгі жақсүйек көлемінің үлкеюі

 

103.Терең тістесудің клинико-морфологиялық белгілеріне төмендегілердің бәрі жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А.Күрек тістік жабылу тереңдігінің үлкеюі

В.+Бүйір бөліктегі тіс альвеоласының ұзаруы

С.Иектік қатпардың айқындалуы

Д.Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы

Е.Тіс қатарларының тарылуы

 

104.Төменде көрсетілген тіс ауытқуларының қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?

А.Транспозиция

В.1.2, 2.2 тістердің адентиясы

С.Төменгі жақсүйектегі комплекттен артық тістер

Д.Төменгі жақсүйектік макродентия

Е.+Жоғарғы жақсүйектік макродентия

 

 

105. Төменде көрсетілген тіс қатарлары аномалияларының қайсысы терең тістесудің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?

А.Жоғарғы тіс қатарының кішіреюі

В.+Жоғарғы тіс қатарының үлкеюі

С.Төменгі тіс қатарының үлкеюі

Д.Бүйір бөліктегі тіс альвеоласының ұзаруы

Е.Алдыңғы бөліктегі тіс альвеоласының қысқаруы

 

106. Қалыптасып келе жатқан терең тістесудің ерте белгісі:

А.Төменгі жақсүйегінің алдыңғы бөлігіндегі тіс альвеоласының ұзаруы

В.Төменгі жақсүйектің бүйір бөлігіндегі тіс альвеоласының қысқаруы

С.Фронтальды жабылу деңгейінің үлкеюі

Д.Беттің төменгі бөлігінің биіктігінің кішіреюі

Е.+Күрек тістік жабылудың тереңдеуі

 

107.Терең тістесуге төменде көрсетілген бұзылыстардың барлығы тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А.Шайнау эффективтілігінің төмендеуі

В.Алдыңғы тістер парадонтының артық жүктелуі

С.+Төменгі жақ бұрышының ұлғаюы

Д.Шырышты қабаттың жарақаттануы

Е.Самай төменгі жақтағы ауру сезімі

 

108.Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы терең тістесуге тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?

А.Төменгі жақсүйектегі диастема

В.Бүйір тістердің супраокклюзиясы

С.Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы

Д.+Күрек тістік жабылу тереңдігінің үлкеюі

Е.Сагиттальді кеңістіктің үлкеюі

 

109. Төменде көрсетілген клинико-морфологиялық белгілердің қайсысы терең тістесудің қаңқалық формасына тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?

А.Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі

В.+Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі

С.Төменгі жақсүйек бұрышының үлкеюі

Д.Алдыңғы тістердің протрузиясы

Е.Беттің толық морфологиялық биіктігінің үлкеюі

 

110.Терең тістесуге төменде көрсетілген барлық клинико-морфологиялық белгілер тән, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А.Алдыңғы тістердің ретрузиясы

В.Айқын Шпее қисығы

С.Төменгі күрек тістердің шамадан тыс жарып шығуы

Д.+Бүйір тістердің шамадан тыс жарып шығуы

Е.Супраментальді жүлгенің тереңдеуі

 

111.Төменде көрсетілген беттік белгілердің қайсысы терең тістесуге ЕҢ тән болып табылады?

А.Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі, супраментальді жүлгенің тереңдеуі

В.+ Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі, супраментальді жүлгенің тереңдеуі

С.Беттің ортаңғы бөлігінің кішіреюі, иектің алға ығысуы

Д. Беттің ортаңғы бөлігінің кішіреюі, мұрын-ерін қатпарының тегістелуі

Е.Беттің жоғарғы бөлігінің үлкеюі, иектің алға ығысуы

 

112.Қаңқалық терең тістесуде жақтардың қандай өсу типі ЕҢ ықтималды?

А.Вертикальді

В.+Горизонтальды

С.Нейтральды

Д.Тік

Е.Сызықтық

 

113.Төменде көрсетілген нұсқалардың қайсысы терең тістесуге ЕҢ лайықты болып табылады?

А.Жоғарғы бүйір тістердің дистальді ығысуы

В. Төменгі бүйір тістердің мезиальді ығысуы

С. Күрек тістік жабылудың кішіреюі

Д. Төменгі алдынғы тістердің протрузиясы

Е.+ Жоғарғы алдынғы тістердің ретрузиясы

 

114. Терең тістесудің беттік белгілері төмендегілердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. +Иектің алға шығуы

В. Беттің төменгі бөлігінің кішіреюі

С. Мұрын-ерін қатпарының тереңдеуі

Д. Супраментальді жүлгенің тереңдеуі

Е. Төменгі еріннің қалыңдауы

 

 

115. Терең тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Антропометрия

В. Фотометрия

С. Биометрия

Д.+Бүйір проекциядағы телерентгенография

Е. Тік проекциядағы телерентгенография

 

116. Уақытша тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеу әдістері?

А.+ Ауыз қуысын санациялау, зиянды әдеттерді жою, функциональді аппараттар

В. Ауыз қуысын санациялау, жұмсақ тағам, механикалық аппараттар

С. Ауыз қуысын санациялау, жұмсақ тағам, функциональді аппараттар

Д. Зиянды әдеттерді жою, механикалық аппараттар

Е. Миостатикалық рефлексті қайта қалыптастыру, компактоостеотомия

 

117. Уақытша тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Зиянды әдеттерді жою

В. Қатты тағамдарды шайнату

С. Протездеу

Д.+ Механикалық әсер ететін аппараттар

Е. Тынысалу және жұтыну функцияларын қалпына келтіру

 

118. Аралас тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Зиянды әдеттерді жою

В. Функциональді аппараттар

С. Миогимнастика

Д. Механикалық аппараттар

Е.+ Рациональді протездеу

 

119. Терең тістесуді емдеудің негізгі әдістеріне төменде көрсетілгендердің барлығы жатады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Бүйір тістердің жарып шығуын ынталандыру

В. +Алдыңғы тістердің жарып шығуын ынталандыру

С. Алдынғы тістердің кешігіп жарып шығуы

Д. Тістердің орналасуы мен тіс доғасы формасын қалпына келтіру

Е. Алдынғы тістердің ретрузиясы кезінде олардың вестибулярлы иілуін қалыптастыру

 

120. Тұрақты тістесу кезіндегі терең тістесудің емдеу әдістері?

А. Қатты тағым шайнау

В. Ауыз қуысын санациялау

С. Массаж, миогимнастика

Д. Зиянды әдеттерді жою

Е.+Аппараттармен емдеу

 

121. Төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттарлың қайсысы терең тістесуді емдеуде қолданады?

А. Бынин каппасы

В. +Тістелетін табақшасы бар Катц табақшасы

С. Телебаева аппараты

Д. Кеңейткіш бұрандасы бар табақша

Е. Вестибулярлы доғасы бар табақша

 

122. Терең тістесуді емдеуде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың барлығы қолданылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Андрезен-Гойпл активаторы

В. Френкельдің II тип қызмет реттеушісі

С.+ Френкельдің III тип қызмет реттеушісі

Д. Катц табақшасы

Е. Вестибулярлы табақша

 

123. Аралас тістесу кезіндегі терең тістесуді емдеуде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың қайсысы қолданылады?

А. +Мюлеман пропульсоры

В. Бұрандасы бар табақша

С. Брюкль аппараты

Д. Бынин каппасы

Е. Вестибулярлы доғасы бар табақша

 

124. Бала 9 жаста, профилактикалық тексеру кезінде: жоғарғы алдынғы тістердің кесу бұдырлық бетін сақтай отырып төменгі тістерді тіс сауытының 1/3-ден көп бөлігін жауып жатқаны анықталды.

Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?

А. Күрек тістік сагитальді дизокклюзия

В. Күрек тістік вертикальді окклюзия

С. Күрек тістік сагитальді окклюзия

Д. Күрек тістік терең дизокклюзия

Е. +Күрек тістік терең окклюзия

 

125. Қыз бала 9 жаста, профилактикалық тексеру кезінде жоғарғы алдынғы тістері төменгі тіс сауытының 1/3-ден көп бөлігін жауып жатқаны және кесу бұдырлық бетінің сақталмағаны анықталды.

Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?

А. Күрек тістік сагитальді дизокклюзия

В. +Күрек тістік терең дизокклюзия

С. Күрек тістік вертикальді окклюзия

Д. Күрек тістік сагитальді окклюзия

Е. Күрек тістік терең окклюзия

 

126. Ұл бала 12 жаста, сыртқы қарап тексеру кезінде еріндері түйіскен, төменгі ерні қалыңдаған, супраментальді қатпар айқындалған. Жоғарғы және төменгі алдынғы тістері ретрузиялы орналасқан. Бүйір бөлігінде сайлы төмпешікті түйісу байқалады.

Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?

А. Мезиальді тістесу

В. Дистальді тістесу

С. Ашық тістесу

Д. +Терең тістесу

Е. Айқасқан тістесу

 

127. Боз бала 17 жаста. Сыртқы қарап тексеру кезінде: ауыздың айналмалы бұлшықеттері тырысулы күйде, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Тістерін түйістіргенде төменгі алдынғы тістері таңдайдың шырышты қабатымен жанасады, бүйір бөліктерінде аттас тістердің түйісуі байқалады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. +Терең жарақаттаушы тістесу

В. Прогнатиялық терең тістесу

С. Терең шектеуші тістесу

Д. Прогнатиялық тістесу

Е. Терең тістесу

 

128. Бала 12 жаста. Сырттан карап тексергенде мұрын-ерін қатпарының тегістелгені, супарментальді қатпардың айқындығы анықталды. Ауыз қуысында: жоғарғы алдынғы тістері төменгі тістерді толығымен жауып тұрғаны, 1.1, 2.1 тістердің артқа иілгендігі, 1.2 және 2.2 тістердің вестибулярлы бағытта орналасқандықтары анықталды. Бүйір бөлігінде сайлы бұдырлы түйісу байқалады.

Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?

А. Вертикальді күрек тістік дизокклюзия

В. Вертикальді күрек тістік окклюзия

С. Терең күрек тістік дизокклюзия

Д. +Терең күрек тістік окклюзия

Е. Вестибулоокклюзия

 

129. Бала 6 жаста, тағамды тістеу қиындығына шағымданады. Сырттан қарап тексергенде беттің төменгі 1/3 бөлігі кішірейген, төменгі ерін сыртқа айналған, ерін астылық шұнқыр тырысқан. Тіс қатарларын түйістіргенде бүйір тістері дұрыс қатынасады, төменгі алдынғы тістері таңдайдың шырышты қабатымен жанасады, алдынғы тістер оральді бағытта иілген.

Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?

А. Вертикальді күрек тісті дизокклюзия

В. +Терең күрек тістік дизокклюзия

С. Вертикальді күрек тістік окклюзия

Д. Терең күрек тістік окклюзия

Е. Дистальді окклюзия

 

130. Қыз 25 жаста. Парадонтологтың нұсқауы бойынша ортодонтиялық ем үшін келген. Парадонт жағдайының нашарлауына шағымданады. Ауыз қуысын тексергенде: азу тістердің түйісуі II класс бойынша, Шпее қисығы анық айқын білінеді, төменгі күрек тістер кесу қырларымен қатты таңдайдың шырышты қабатына тіреледі.

Қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды?

А. +Терең жарақаттаушы тістесу

В. Терең прогнатиялық тістесу

С. Терең шектеуші тістесу

Д. Терең фронтальді

Е. Терең тістесу

 

131. Бала 11 жаста, диагностикалық модельдерді биометриялық өлшеу кезінде жоғарғы күрек тістер енінің өлшемі 36 мм, төменгі күрек тістердің енінің өлшемі 24 мм екені анықталған.

Төмендегі тістесу түрлерінің қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. Ортргнатиялық тістесу

В. Прогениялық тістесу

С. +Терең тістесу

Д. Ашық тістесу

Е. Тік тістесу

 

132. Қыз бала 13 жаста, ата-анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. ТРГ-ның бүйір проекциясында жақсүйектердің горизонтальді өсу типі, алдынғы тістердің ретрузиясы, супраментальді қатпардың айқындалуы анықталған. Беттің төменгі бөлігі жоғарғы және ортанғы бөліктерге қарағанда кішірейген.

Төмендегі тістесу түрлерінің қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. Ашық тістесу

В. Айқасқан тістесу

С. Прогнатиялық тістесу

Д. +Терең тістесу

Е. Прогениялық тістесу

 

133. Қыз бала 14 жаста, ата-анасы жоғарғы алдынғы тістердің дұрыс емес орналасуына шағымданады. Клиникалық тексеру кезінде: беті симметриялы, мезоцефальды тип байқалады. Профилі- тік. Беттің төменгі 1/3 бөлігі төмендеген. Супраментальді қатпар тереңдеген. Ауыз қуысында: жоғарғы алдынғы тістер оральді бағытта иілген, төменгі тістерді толығымен жабады, бүйір бөліктердегі азу тістердің түйісуі II класс бойынша.

Биометриялық зерттеу нәтижелерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Жоғарғы тіс доғасының алдыңғы кесіндісінің ұзындығының артуы

В. + Жоғарғы тіс доғасы алдыңғы кесіндісінің ұзындығының азаюы

C. Жоғарғы премолярлар арасындағы арақашықтықтың азаюы

Д. Төменгі азу тістері арақашықтығының азаюы

Е. Төменгі тіс қатарының лонгитудинальді ұзындығының артуы

 

 

134. Қыз бала 13 жаста, ата-анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Клиникалық зерттеу кезінде: беттің төменгі 1/3 бөлігінің кішірейгені, супраментальді қатпардың тереңдегені, төменгі жақсүйектік бұрыштың кішірейгені анықталды. Ауыз қуысында: жоғарғы алдынғы тістер төмендегілерін толығымен жабады. Бүйір беттегі азу тістер II класс бойынша түйіседі.

Энгль жіктемесі бойынша қай болжамды диагноз ЕҢ ықтималды болып табылады?

А.I топ

В.II топ 1 топша

С.+ II топ 2 топша

Д. III топ

Е. IV топ

 

135. Жасөспірім 15 жаста. Клиникалық тексеруде: беті симметриялы, профилі тік. Беттің төменгі бөлігінің қысқарғаны, супраментальді қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: алдыңғы жоғарғы тістер төменгілерін толығымен жабатыны, бүйір бетіндегі азу тістер II топ бойынша түйісетіні, Шпее қисығының айқындылығы анықталған.

Фотометриялық зерттеу нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А.Беттің толық морфологиялық биіктігінің үлкеюі

В. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің үлкеюі

С.+ Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің кішіреюі

Д.Беттің енінің кішіреюі

Е.Беттің морфологиялық енінің кішіреюі

 

136. Қыз бала 14 жаста. Клиникалық зерттеуде: беттің төменгі бөлігінің қысқаруы, супраментальды қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: алдыңғы жоғарғы тістері төменгі тістерін толығымен жабады, бүйір бөлігіндегі азу тістер II топ бойынша түйіседі.

Телерентгенография нәтижелерінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Жақсүйек аралық бұрыштың үлкеюі

В.+Төменгі жақ бұрышының кішіреюі

С.Алдыңғы тістердің протрузиясы

Д. Беттің толық морфологиялық биіктігінің үлкеюі

Е. Беттің төменгі морфологиялық биіктігінің үлкеюі

 

137. Бала 13 жаста. Сыртқы тексеруде: еріндері түйіскен, төменгі ерні қалыңдаған, супраментальды қатпары тереңдеген. Ауыз қуысында: азу тістері Энгльдің II тобы бойынша қатынасады, алдыңғы жоғарғы тістер төменгілердің тіс сауытының 2/3 бөлігін жауып жатыр.

Төмендегі телерентгенография нәтижелерінің барлығы дұрыс, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Жақсүйек аралық бұрыштың кішіреюі

В. Төменгі жақ бұрышының кішіреюі

С.+ Алдыңғы жоғарғы тістердің протрузиясы

Д. Беттің толық морфологиялық биіктігінің кішіреюі

Е.Беттің артқы биіктігінің үлкеюі

 

 

138. Әйел 30 жаста. Эстетикалық бұзылысқа шағымданады. Ауыз қуысында: терең күрек тістік жабылу, азу тістердің түйісуі Энгльдің жіктемесі бойынша II топ.

Клиникалық зерттеу нәтижелерінің қайсысы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А.+Супраментальды жүлгенің тереңдеуі

В.Иектік және мұрын-ерін қатпарларының тегістелуі

С.Иектің алға шығуы

Д.Төменгі жақтың алға шығуы

Е.Төменгі жақ бұрышының үлкеюі

 

 

139. Бала 12 жаста. Ата-анасы алдыңғы тістердің дұрыс емес иілгеніне шағымданады. Объективті қарағанда: беті- симметриялы, профилі- тік. Ауыз қуысында: бүйір бетіндегі азу тістердің II топ бойынша түйіседі, 1.1, 2.1, 1.2, 2.2 оральды бағытта иілген және төменгі күрек тістерді толық жабады.

Төмендегі емдеу тәсілдерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А.Төменгі жақтың өсуін ынталандыру

В. Жоғарғы жақтың өсуін ынталандыру

С.+Жоғарғы алдыңғы тістерінің иілуін қалпына келтіру

Д.Жоғарғы жақтың өлшемін кішірейту

Е.Бүйір тістерді тісальвеолалық ұзарту

 

140. Бала 5,5 жаста. Мектеп стоматологының нұсқауы бойынша дәрігер ортодонтқа жіберілген. Анамнез жинау барысында баланы жұмсақ, майдаланған тағаммен тамақтандыратыны анықталды. Ауыз қуысында: уақытша тістесу, уақытша тістердің бұдырлары айқын білінген, алдыңғы жоғарғы тістер төменгі алдыңғы тістерді тіс сауыты биіктігінің 1/3 бөлігінен аса жауып жатыр, уақытша екінші молярлар мен сүйір тістер дистальды баспалдақпен орналасқан.

Науқасты емдеу тактикаларының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А.Тістерді таңдап егелеу

В.+Қатты тағам белгілеу

С.Жоғарғы жақ көлемін кішірейту

Д. Төменгі жақ көлемін кішірейту

Е.Бүйір тістердің жарып шығуын ынталандыру

 

141. Қыз бала 12 жаста. Ата анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Сыртқы қарап тексеруде беттің төменгі 1/3 бөлігінің төмендегені, супраментальді қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: жоғарғы тістер төменгі тістерді сауыттары биіктігіне жауып жатыр, бірінші молярлар түйісуі нейтральді.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А.Ылди-тістейтін алаңы бар табақша

В.+Тістейтін алаңы бар табақша

С.Иілген жазықтығы бар табақша

Д.Ретракциялы доғасы бар табақша

Е.Кеңейткіш бұрандасы бар табақша

 

142. Бала 5 жаста. Балалар стоматологының нұсқауы бойынша дәрігер ортодонтқа жіберілген. Ауыз қуысында: жоғарғы тістер төменгі тістерді сауыттарының биіктігіне жауып жатыр, екінші уақытша азу тістердің дистальды қырлары бір вертикальды сызық бойынша орналасқан.

Төмендегі ортодонтиялық аппараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Ретракциялы доғасы бар табақша

В.+Мюлеман пропульсоры

С. Кеңейткіш бұрандасы бар табақша

Д.Брюкль табақшасы

Е.Катц табақшасы

 

143. Қыз 20 жаста. Дұрыс емес тістесуге шағымданады. Объективті қарағанда: беті- симметриялы, беттің төменгі 1/3 бөлігінің қысқаруы, супраментальды қатпардың тереңдегені байқалады. Ауыз қуысында: ауыз кіреберісі саяз (3мм), төменгі алдыңғы тістер жағындағы қызыл иек қызарған, ісінген, пародонт қалталарын зондтаған кезде қанағыштық байқалады (тереңдігі 4 мм-ге дейін). Таңдайлық қатпарда төменгі тістердің іздері байқалады.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А.+Қызыл иекті қабынуға қарсы емдеу

В. Тістерді таңдап егелеу

С.Ортодонтиялық ем

Д.Вестибулопластика

Е.Френулопластика

 

144. Бала 8 жаста. Балалар стоматологының нұсқауы бойынша дәрігер ортодонтқа жіберілген. Объективті қарағанда: беттің төменгі 1/3 бөлігі қысқарған. Ауыз қуысында: 8.4, 7.4, 7.5 тістері жоқ, бірінші тұрақты азу тістер жарып шыққан, барлық күрек тістер ауысқан. Алдыңғы жоғарғы тістер төменгілерді тіс сауытының 2/3 бөлігіне жауып тұр. Бірінші тұрақты азу тістері жағында сайлы-бұдырлы түйісу байқалады, бірінші азу тістерінің сауыттарының клиникалық биіктігі төмен.

Науқасты төмендегі емдеу тәсілдерінің қайсысы бойынша жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?

А.Төменгі жақта жасанды тістері бар табақша

В.+Бірінші азу тістердің жарып шығуын ынталандыру

С.Премолярлардың жарып шығуын ынталандыру

Д.3.6, 4.6 тістердің мезиальді ығыстыру

Е.Күрек тістердің жарып шығуын ынталандыру

 

145. Бала 12 жаста. Ата анасы дұрыс емес тістесуге шағымданады. Объективті тексеруде: беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында молярлар II топ бойынша түйіседі, Шпее қисығы айқындалған, жоғарғы тістер төменгілерді тіс сауыты биіктігінің 2/3 бөлігін жауып жатыр.

Төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!