III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу. 2 страница



А. 18, 28, 38, 48 тістердің ұрықтарын жұлу

В. 16, 26, 36, 46 тістердің дистализациясы

С. 2.4, 3.4, 4.4 тістерді жұлу

Д. Тіс доғаларын кеңейту

Е.+ тістерді жұлусыз емдеу

 

49. 10 жастағы баланың ата-анасы баласының төменгі ернін тістейтініне шағымданады. Ауыз қуысында: сагитальды саңылау 13мм, жоғары күрек тістердің протрузиясы және төменгі күрек тістердің ретрузиясы. Цефалометриялық анализ негізінде скелетті типті ІІ класс, І подкласс горизонтальды өсу типі диагнозы қойылды. Емдеу жоспарының қайсысы қолайлы?

 

А. Алынатын механикалық әсер ететін аппаратты қолдану

В. +Функциональды-бағыттаушы аппаратты қолдану

С. Алынбайтын аппаратты қолдану

Д. Протетикалы емдеу

Е. Комплексті ем жүргізу

 

50. Қыз бала 10 жаста, эстетикалық кемістікке шағымданады. Сыртқы қарап тексергенде: бүйірінен қарағандағы көрінісі шығыңқы, тынысы аралас, инфантильді жұтынады. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде бетінің бүйірінен қарағандағы көрінісі жақсарады.

Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысын бірінші кезекте қалыптандырған жөн?

А. Төменгі жақ сүйегінің орналасуын

В. Тіс қатарының мөлшерін

С. Тіс қатарының қатынасын

Д. Тістердің орналасуын

Е. +Функциональды бұзылыстарды

 

 

51. Мезиальды тістесу қай жазықтық бойынша ауытқуға жатады?

А. Трансверзальды

В. +Сагиттальды

С. Вертикальды

Д. Орбитальды

Е. Фронтальды

 

52. Мезиальды тістесу Энгль жіктемесінің қай тобына жатады:

А. I топ

В. II топ I топша

C. II топ II топша

Д. +III топ

Е. IV топ

 

53. Мезиальды тістесуге бүйірден карағанда қай түр ЕҢ сәйкес?

А. Дөңес

В. Тік

С. Овальды

Д. +Ойыс

Е. Төртбұрышты

 

54. Төменде көрсетілген тіс ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?

А. +Төменгі жақтағы комплекттен артық тіс

В. Жоғарғы жақтағы комплекттен артық тіс

С. Жоғарғы жақтағы макродентия

Д. Жоғарғы жақтың транспозициясы

Е. Төменгі жақтағы микродентия

 

55. Төменде көрсетілген жақ ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?

А. +Жоғарғы жақтың микрогнатиясы

В. Төменгі жақтың микрогнатиясы

С. Жоғарғы жақтың прогнатиясы

Д. Жоғарға жақтың макрогнатиясы

Е. Төменгі жақтың ретрогнатиясы

 

 

56. Төменде көрсетілген жақ ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?

А. Жоғарғы жақтың прогнатиясы

В. +Төменгі жақтың прогнатиясы

С. Төменгі жақтың микрогнатиясы

Д. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы

Е. Төменгі жақтың ретрогнатиясы

 

57. Төменде көрсетілген жақ ауытқуларының қай түрі мезиальды тістесудің қалыптасуына алып келеді?

А. Төменгі жақтың микрогнатиясы

В. Жоғарғы жақтың прогнатиясы

С. +Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы

Д. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы

Е. Төменгі жақтың ретрогнатиясы

 

58. Төменгі жақтың алға ығысуына байланысты туындайтын мезиальды тістесудің қалыптасуына төменде көрсетілген факторлардың қайсысы алып келеді?

А. Ауызбен тыныс алу

В. Төменгі ерінді сору

С. Ұйқы кезінде басты шалқайту

Д. +Сүйір тістердің біркелкі емес қажалуы

Е. Жасанды тамақтандыру

 

59. Төменде көрсетілген морфологиялық белгілердің қайсысы мезиальды тістесудің қаңқалық формасына тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?

А. Жоғарғы жақ денесінің ұзындығының ұлғаюы

В. +Төменгі жақ денесінің ұзындығының ұлғаюы

С. Жоғарғы жақтың мезиальды бағытта ығысуы

Д. Төменгі жақтың дистальды бағытта ығысуы

Е. Төменгі жақ бұтағының ұзындығының қысқаруы

 

60. Төменде көрсетілген морфологиялық белгілердің қайсысы Ильин-Маркосян жіктемесі бойынша фронтальды прогенияға тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?

А. Төменгі фронтальды тістердің лингвальды орналасуы

В. Жоғарғы фронтальды тістердің протрузиясы

С. +Жоғарғы фронтальды тістердің ретрузиясы

Д. Төменгі бүйір тістердің дистальды ығысуы

Е. Жоғарғы бүйір тістердің мезиальды ығысуы

 

61. Төменде көрсетілген жақ ауытқулары морфологиялық белгілерінің қайсысы мезиальды тістесудің тісальвеолалық формасына тән ЕҢ лайықты белгі болып табылады?

А. Төменгі жақтың бір жақты дистальды ығысуы

В. Төменгі жақтың екі жақты дистальды ығысуы

С. Жоғарғы жақтың дистальды ығысуы

Д. +Төменгі жақтың мезиальды ығысуы

Е. Жоғарғы жақтың мезиальды ығысуы

 

62. Тіл бадамшасының гипертрофиясы қай тістесудің қалыптасуына алып келеді?

А. +Мезиальды

В. Дистальды

С. Терең

Д. Айқасқан

Е. Ашық

 

 

63. Туа пайда болған таңдай және ерін жырығында тістесудің қай түрінің калыптасуы ЕҢ мүмкін?

А. Ашық

В. Дистальды

С. Терең

Д. Прогнатиялық

Е. +Мезиальды

 

64. Мезиальды тістесудің ауызішілік белгілері төменде көрсетілгендердің барлығы, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Азу тістердің қатынасы Энгль бойынша III топ

В. + Азу тістердің қатынасы Энгль бойынща II топ

С. Кері күрек тістік жабу

Д. Жоғарғы жақтың фронтальды аймағының тегістелуі

Е. Жоғарғы жақтың тарылуы

 

65. Мезиальды тістесуге тән қай беттік белгілер ЕҢ лайықты болып табылады?

А. +Иектің шығыңқы болуы

В. Төменгі еріннің ішке кіруі

С. Мұрын ерін қатпарының тегістелуі

Д. Орталық аймақтың шығыңқы болуы

Е. Жоғарғы еріннің шығыңқы болуы

 

66. Мезиальды тістесуді емдеу және ем жоспарын құру үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ акпаратты?

А. Ортопантомография

В. +Бүйір проекциядағы телерентгенография

С. Тік проекциядағы телерентгенография

Д. Ауызішілік рентгенография

Е. СТЖБ томографиясы

 

67. Мезиальды тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Антропометрия

В. Фотометрия

С. Биометрия

Д. +Функциональды сынама

Е. Миотонометрия

 

68. Уақытша тістесу кезеңіндегі мезиальды тістесуді емдеу принципі:

А. Алынбайтын аппараттарды қолдану арқылы ортодонтиялық емдеу

В. +Жақтың дұрыс өсуіне жағдай жасай отырып, себептерді жою

С. Уақытша бірінші молярды жұлу

Д. Хирургиялық әдіс және миогимнастика

Е. Қатты тағамды қабылдау

 

69. Қалыпты тістесу кезеңіңдегі мезиальды тістесуді емдеу принципі:

А. Миогимнастика

В. Массаж

С. Функциональды

Д. +Комплексті емдеу

Е. Аппарат арқылы емдеу

 

70. Төменде көрсетілген қай ортодонтиялық аппарат мезиальды тістесуді емдеу кезінде қолданылады?

А. Еріндік бампер

В. Френкельдің II тип қызмет реттеушісі

С. +Френкельдің III тип қызмет реттеушісі

Д. Беттік доға

Е. Вестибулярлы табақша

 

71. Мезиальды тістесуді емдеу кезінде төменде көрсетілген ортодонтиялық аппараттардың барлығы қолданылады, тек біреуінен БАСҚАСЫ:

А. Иекасты сақпан

В. Брюкль аппарты

С. Андрезен-Гойпл активаторы

Д. +Хургина аппараты

Е. Френкельдің III тип қызмет реттеушісі

 

72. Терең кері күрек тістік жабу кезінде жоғарғы алдыңғы тістердің ретрузиясын жою мақсатында ЕҢ қолайлысы:

А. Секторальды бөлінген жоғарғы жақ табақшасы

В. Френкельдің III тип қызмет реттеушісі

С. Андрезен-Гойпл активаторы

Д. Бошарова аппараты

Е. +Брюкль аппараты

 

 

73. Төменде көрсетілген аппараттардың қайсысы жоғарғы жақтың өсуін ынталандыруда ЕҢ тиімді?

А. Иекасты сақпан

В. Брюкль аппараты

С. +Беттік маска

Д. Бынин каппасы

Е. Беттік доға

 

74. Қыз бала 12 жаста, эстетикалық кемістікке шағымданады. Сырттан қарағанда жоғарғы еріннің ішке салбырауы, мұрын-ерін қатпарының айқындылығы, иегінің алдыға шығыңқылығы байқалады. Ауыз қуысында: кері күрек тістік жабылу, азу тістердің түйісуі Энгль бойынша III топ.

Төменде көрсетілген қай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды?

А. Дистальды тістесу

В. +Мезиальды тістесу

С. Айқасқан тістесу

Д. Ашық тістесу

Е. Терең тістесу

 

75. Қыз бала 16 жаста, эстетикалык кемістікке шағымданады. Сыртқы қарау кезінде беттің төменгі 1/3 бөлігі ұлғайған, иек алдыға шығыңқы. Бүйір проекциядағы ТРГ нәтижесі бойынша төменгі жақтың барлық көрсеткіштері ұлғайған.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ ықтималды диагноз?

А. Мәжбүрлі прогения

В. Фронтальды прогения

С. +Шынайы прогения

Д. Жалған прогения

Е. Макрогения

 

 

76. 15 жастағы жасөспірім, шағымы тістесудің дұрыс емес болуына. Клиникалық зерттеу кезінде иегі және төменгі ернінің айқын шығыңқылығы, төменгі жақ бұрышының ұлғайғандығы айқындалған.

Энгль жіктемесі бойынша қай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. I топ

В. II топ I топша

С. II топ 2 топша

Д. +III топ

Е. IV топ

 

77. Жасөспірім 18 жаста, иегінің шығыңқылығына шығымданады. Тістерін түйістіру кезінде 4 мм-лік сагиттальды саңылаумен бірге тістердің кері түйісуі анықталған, функциональды сынама теріс.

Төменде көрсетілген мезиальды тістесудің қай формасы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Тісальвеолалық

В. +Қаңқалық

С. Аралас

Д. Базальды

Е. Тістік

 

78. Бала 5,5 жаста, ата-анасы тістесудің дұрыс емес болуына шағымданады. Сыртқы қарау кезінде: иегі алдыға шығыңқы, жоғарғы еріні қысқарған, мұрын-ерін қатпары айқын. Ауыз қуысында: тістерінің барлығы уақытша тістер, кері күрек тістік жабылу, 8.3, 7.3 тістердің төмпешіктері жақсы айқындалған.

Төменде көрсетілген қай болжам диагнозы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. +Мәжбүрлі прогения

В. Фронтальды прогения

С. Шынайы прогения

Д. Жалған прогения

Е. Прогнатия

 

 

79. Қыз бала 11 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Бүйір проекциядағы ТРГ нәтижесі бойынша бассүйегі негізіне қарағанда жоғарғы жақтың артта орналасқаны анықталған. Төменгі жақтың орналасуы қалыпты.

Тістесудің қай түрі ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Ашық

В. +Мезиальды

С. Дистальды

Д. Айқасқан

Е. Терең

 

80. Ұл бала 13 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Бүйір проекциядағы ТРГ нәтижесі бойынша бассүйегі негізіне қарағанда төменгі жақтың алдыда орналасқаны анықталған. Жоғарғы жақтың орналасуы қалыпты.

Тістесудің қай түрі ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Ашық

В. +Мезиальды

С. Дистальды

Д. Араласқан

Е. Терең

 

 

81. Ұл бала 11жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Клиникалық зерттеу бойынша бет-әлпеті симметриялы, профилі- ойыс. Ауыз қуысында: азу тістердің түйісуі Энгль бойынша III топ, жоғарғы күрек тістердің кері жабылуымен бірге ретрузиясы да байқалады.

Биометриялық зерттеу әдісі нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Жоғарғы жақ апикальды базисінің өлшемінің ұлғаюы

В. Төменгі жақ тістерінің мезиодистальды өлшемдерінің кішіреюі

С. Жоғарғы жақ тістерінің мезиодистальды өлшемдерінің ұлғаюы

Д. +Жоғарғы тіс қатарының алдыңғы бөлік ұзындығының кішіреюі

Е. Төменгі жақ премолярлар арасының енінің кішіреюі

 

82. Ұл бала 13 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Ауыз қуысында: төменгі жақтағы орталық күрек тістер арасында 2 комплекттен артық тіс бар.

Тістесудің қай түрі ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Айқасқан

В. Терең

С. Дистальды

Д. +Мезиальды

Е. Ашық

 

83. Ұл бала 14 жаста. Ата-анасының шағымы иегінің шығыңқылығы. Клиникалық зерттеу бойынша: беті симметриялы, иегі және төменгі еріні айқын шығыңқы. Ауыз қуысында: 1.6, 2.6 тістерінің мезиальды-ұртты төмпешіктері 4.6, 3.6 тістердің дистальды-ұртты төмпешіктерімен қатынаста, кері күрек тісті жабылу. Функциональды сынама теріс.

Телерентгенографилық зерттеу бойынша қай нәтиже ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Жоғарғы жақ прогнатиясы

В. + Төменгі жақ прогнатиясы

С. Төменгі жақ микрогнатиясы

Д. Жоғарғы жақ макрогнатиясы

Е. Төменгі жақ ретрогнатиясы

 

84. Қыз бала 11 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Клиникалық зерттеу бойынша: беті симметриялы, иегі және төменгі ерні шығыңқы. Ауыз қуысында:1.6, 2.6 тістерінің мезиальды-ұртты төмпешіктері 4.6, 3.6 тістерінің дистальды-ұртты төмпешіктерімен қатынаста, кері күрек тістік жабылу.

Телерентгенографилық зерттеу бойынша қай нәтиже ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Жоғарғы жақ макрогнатиясы

В. Төменгі жақ микрогнатиясы

С. Жоғарғы жақ прогнатиясы

Д. +Төменгі жақ макрогнатиясы

Е. Төменгі жақ ретрогнатиясы

 

85. 11 жастағы қыз бала, эстетикалық көрінісінің бұзылуына шағымданады. Ауыз қуысында: терең күрек тістік кері жабылу, сагитальды саңылау 2 мм. Функциональды сынама жүргізген кезде науқас төменгі жағын алдыңғы тістердің түйісу қырына дейін артқа жылжыта алады, бұл кезде тұрақты бірінші азу тістердің қатынасы Энгльдің бірінші тобына жақындайды.

Мезиальды тістесудің қай формасы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. +Тісальвеолалық

В. Қаңқалық

С. Аралас

Д. Базальды

Е. Тісті

 

86. Қыз 19 жаста. Екі жақтың да алдыңғы тістерінің дұрыс орналаспауына және ірі иегіне шағымданады. Клиникалық зерттеу кезінде беттің мезоцефалды түрі анықталды, асимметрия жоқ. Жоғарғы еріннің ішке салбырауы байқалады. Ауыз қуысында: 1.6, 2.6 тістердің мезиальды-ұртты төмпешіктері 4.6, 3.6 тістердің дистальды-ұртты төмпешіктерімен қатынаста.

Телерентгенография бойынша профилометриялық анализ нәтижесінің қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Дөңес

В. Тік

С. Овальды

Д. +Ойыс

Е. Төртбұрышты

 

87. Әйел 30 жаста. Эстетикалық көріністің бұзылуына шағымданады. Ауыз қуысында: күрек тістік кері жабылу, азу тістердің түйісуі Энгль бойынша III топ.

Клиникалық зерттеу нәтижесінің төменде көрсетілген қай нұсқасы ЕҢ ықтималды болып табылады?

А. Супраментальды жүлгенің тереңдеуі

В. Мұрын-ерін және иек қатпарының тегістелуі

С. Иек артқа жылжыған

Д. Жоғарғы жақтың және жоғарғы еріннің шығыңқылығы

Е. +Төменгі жақтың және төменгі еріннің шығыңқылығы

 

 

88. Ұл бала 11 жаста. Ата-анасының тістесудің дұрыс емес болуы шағымданады. Клиникалық зерттеу бойынша: беті симметриялы, профилі - ойыс. Ауыз қуысында: бірінші азу тістердің түйісуі Энгль жіктемесі бойынша III топ, күрек тістер аймағында кері күрек тістік жабылумен бірге 3 мм-лік сагиттальды саңылау анықталды.

Мезиальды тістесудің клиникалық түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын жүргізу ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Антропометриялық

В. Фотометриялық

С. Биометриялық

Д. +Функциональды сынама

Е. Миотонометрия

 

89. Ұл бала 9 жаста. Ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Сыртқы қарау кезінде беттің төменгі 1/3 бөлігінің төмендегені анықталды, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Ауыз қуысында: кері күрек тістік терең жабылу, сагиттальды саңылау 3 мм.

Мезиальды тістесу түрлерінің ажырату диагностикасын жүргізу үшін қай функциональды сынама ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Ауызды кең ашқан кезінде бетті қарау

В. Физиологиялық тыныштық кезінде бетті қарау

С. Орталық окклюзия кезінде бетті қарау

Д. +Төменгі жақты артқа ығыстыру

Е. Үйреншікті окклюзия кезінде бетті қарау

 

90. Қыз бала 9 жаста, шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Объективті: профилі- ойыс, иегі алға шығыңқы. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 3 мм, кері күрек тістік терең жабылу.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы қорытынды диагноз қоюда ЕҢ ақпаратты болып табылады?

А. Ауызішілік рентгенография

В. +Бүйір проекциядағы телерентгенография

С. Тік проекциядағы телерентгенография

Д. Ортопантомография

Е. СТЖБ томографиясы

 

91. Ұл бала 7 жаста. Ата-анасы тістесудің дұрыс емес болуына шағымданады. Объективті: беті симметриялы, профилі- ойыс, иегі алға шығыңқы. Тіс формуласы жасына сәйкес. Кешенді зерттеу негізінде төменгі жақтың бассүйегі негізіне қарағанда алдыда орналасқаны анықталған.

Төменде көрсетілген емдеу нұсқаларының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Жоғарғы жақтың өсуін шектеу

В. Төменгі жақтың өсуін ынталандыру

С. +Төменгі жақтың өсуін шектеу

Д. Екі жақтың өсуін ынталандыру

Е. Жоғарғы жақтың өсуін ынталандыру

 

92. Ұл бала 5 жаста. Анамнезінде ата-анасының айтуы бойынша жоғарғы ернін соратын зиянды әдеті бар. Ауыз қуысын қарағанда: тіс формуласы жасына сәйкес келеді, тіс қатарларын түйістіргенде екінші уақытша азу тістерінің артында мезиальды баспалдақ анықталады. Фронтальды бөлімінде тік қатынас.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Төменгі тіс доғасының дистализациясы

В. +Зиянды әдеттерін жою

С. Екінші уақытша молярды жою

Д. Жоғарғы жақтың өлшемін ұлғайту

Е. Қатты тағамды қабылдау

 

93. Ұл бала 10 жаста, ата-анасының шағымы тістесудің дұрыс емес болуы. Ауыз қуысында: диастема, 1.2, 2.2 тістердің адентиясы, кері күрек тістік жабылу.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік?

А. Диастеманы емдеу және 1.3, 2.3 тістерді мезиальды ығыстыру

В. Жоқ 1.2, 2.2 тістердің дефектін протездеу

С. +Кері күрек тістік жабылуды емдеу

Д. Диастеманы емдеу және протездеу

Е. 1.2, 2.1 тістерді дистальды ығыстыру

 

94. Ұл бала 11 жаста. Беті симметриялы, жоғарғы ерні ішке салбыраған, иегі алға жылжыған. Бүйір проекциядағы ТРГ-да бассүйегінің алдыңғы негізіне қарағанда жоғарғы жақтың артта орналасқаны анықталды. Төменгі жақтың орналасуы қалыпты.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты болып табылады?

А. Жоғарғы жақ өлшемін қысқарту

В. Төменгі жақтың өсуін ынталандыру

С. Төменгі жақ өлшемін қысқарту

Д. +Жоғары жақтың өсуін ынталандыру

Е. Екі жақтың өсуін ынталандыру

 

95. Қыз бала 11 жаста, шағымы эстетикалық көріністің бұзылуына. Объективті: төменгі ерін және иегі алға шығыңқы, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Ауыз қуысында: төменгі жақта күрек тіс пішінінде комплектен артық екі тіс бар, кері күрек тістік жабылу, және 1.3, 2.3 тістерге орын жетіспеушілігі байқалады.

Төменде көрсетілген емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Жоғарғы тіс қатарын алға жылжыту

В. +Комплекттен артық тістерді жұлу

С. 1.3, 2.3 тістерге орын дайындау

Д. 3.4, 4.4 тістерді жұлу

Е. 1.4, 2.4 тістерді жұлу

 

96. Бала 8 жаста. Мектеп стоматологы тарапынан бағытталған. Баланың аузын жабу кезінде бүйір тістерін түйістіру үшін төменгі жағын алға ығыстыратыны анықталды.

Науқасты емдеудің қай нұсқасы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Жоғарғы жақ тіс қатарын кеңейту

В. Төменгі жақ тіс қатарын кеңейту

С. +Сүйір тістердің төмпешіктерін егеу

Д. ЛОР- ағзаларды санациялау

Е. Төменгі жақтың өсуін шектеу

 

97. Ұл бала 10 жаста. Ата-анасының шағымы тұрақты тістердің жарып шығуының кешігуі. Ауыз қуысында барлық уақытша тістер және 1.6, 2.6, 3.6, 4.6 тістердің жарып шыққандығы байқалады. Тістерін түйістіргенде терең кері күрек тістік жабылумен бірге мезиальды окклюзия анықталды.

Диагнозды нақтылау үшін төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ бірінші реттік болып табылады?

А. Диагностикалық мүсінде биометриялық өлшеу жүргізу

В. Тістердің шайнау тиімділігін анықтау

С. Хирургтың кеңесі

Д. +Ортопантомография

Е. Бүйір проекциядағы телерентгенография

 

98. Терең тістесу кезінде тіс қатарларының қатынасы қандай жазықтық бойынша бұзылады?

А. Сагиттальді

В. Фронтальды

С. +Вертикальді

Д. Трансверзальді

Е. Туберальді

 

99.Төменде көрсетілген тістесу ауытқуларының қайсысымен терең тістесу көбірек кездеседі?


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!