III бөлім. Тістесу аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Балалар жасындағы протездеу. 1 страница



1. Дистальды тістем қай жазықтықтағы патологияға жатады?

А. Трансверсальды

В. Вертикальды

С.+ Сагиттальды

Д. Туберальды

Е. Орбитальды

 

2. Жоғарғы жақтың аса өсуі және алға орналасуы кезіндегі дистальды тістесудің беттік көрсеткіштері:

А. Иек және төменгі ерін алға шыққан

В. Беттің ортаңғы бөлігі кіріңкі, мұрын ерін бұрышы ұлғайған

С. Төменгі ерін кіріңкі, иегі артқа ығысқан

Д. +Беттің орта бөлігі және жоғарғы ерін алға шығыңқы

Е. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады

 

3 Энгль жіктемесі бойынша дистальды тістесу жатады:

А. І классқа

В. +ІІ классқа

С. ІІ класстың І подклассына

Д. ІІ класстың ІІ подклассына

Е. ІІІ классқа

 

 

4. Алдыңғы прогнатияға сәйкес ауыз ішілік көріністер:

А. +Жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы

В. Бүйір тістердің бұдырлы түйісуі

С.Күрек тістердің тік түйісуі

Д. Жоғарғы күрек тістердің ретрузиясы

Е. Төменгі алдыңғы тістердің протрузиясы

 

5. Постнатальды кезеңде дистальды тістесудің дамуына себепші фактор төменде аталғандар, біреуінен басқа:

А.+ Сүйір тістердің қажалмаған төмпешіктері

В. Жасанды тамақтандыру

С. Тұқым қуалау факторлары

Д. Зиянды әдеттері

Е. Ауызбен тыныс алу

 

6. Дистальды тістемге қандай антенатальды этиологиялық фактор ЕҢ лайықты болып келеді:

А. Ұрықтың механикалық жарақаты

В. Жоғарғы еріннің туа біткен ақауы

С. Ұрықтың дорзальды орналасуы

Д. Тілдің ауыз қуысының түбіне кеш түсуі

Е.+ Ұрықтың вентральды орналасуы

 

7. Дистальды тістесуге төменде аталған беттік көрсеткіштер сәйкес, біреуінен басқа:

А. Беттің дөңестігі

В. Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы

С. Иектік қатпардың айқындалуы

Д. Жоғарғы еріннің қысқаруы

Е. +Ойыс профиль

 

8. Әртүрлі дистальды тістемнің салыстырмалы диагностикасы үшін төменде аталған клиникалық сынамалардың қайсысы қолданылады?

А. Ильина Маркосян

В. Хорошилкина

С.+ Эшлер Битнер

Д. Малыгин

Е. Шварц

 

9. Төменгі жақтың дистальды орналасуы, өсудің тоқталуы кезіндегі дистальды тістемнің беттік көрсеткіштері:

А. Беттің ортаңғы бөлігі мен жоғарғы еріннің алға шығуы

В. Төменгі ерін және иек алға шыққан

С. Төменгі жақтың денесінің ұзаруы

Д. Денесі мен тармағы арасындағы бұрыштың ұлғаюы

Е. +Төменгі ерін кіріңкі және иегі ығысқан

 

10. Жақтардың қандай даму ауытқулары дистальды тістесуді (қаңқалық) дамытады:

А. Төменгі жақтың макрогнатиясы

В. Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы

С. +Жоғарғы жақтың макрогнатиясы

Д. Төменгі жақтың прогнатиясы

Е. Жоғарғы жақтың микрогнатиясы

 

11. Дистальды тістесудің ауыз ішілік көрсеткіштеріне жатады:

А. Жоғарғы жақтың әр тісі артқа ығысқан

В. +Әр түрлі көлемдегі сагиттальды саңылау

С. Төменгі жақтың барлық бүйір тістері алдыға ығысқан

Д. Алдыңғы тістердің кері жабылуы

Е. Төменгі күрек тістер мен сүйір тістер жоғарғылардың алдында орналасқан

 

12. Дистальды тістемнің этиологиялық факторларына жатады:

А. Биік жастықта ұйықтау

В. Тілдің каудальды орналасуы

С.+ Төменгі мұрын құйындысының гипертрофиясы

Д. Тілдік бездердің гипертрофиясы

Е. Гипофиздің гиперфункциясы

 

13. Уақытша тістем кезіндегі дистальды тістесудің емдеу принципі:

А. Аппараттық әдіс және массаж

В. Аппараттық және хирургиялық әдіс

С. Протетикалық әдіс және миогимнастика

Д. Аппараттық және протетикалық әдіс

Е. +Зиянды әдеттерді жою және миогимнастика

 

14. Аралас тістем кезеңінде дистальды тістесуді емдеу принципі:

А. Протетикалық әдіс

В. Миогимнастика

С. Массаж

Д. Хирургиялық әдіс және миогимнастика

Е. +Аппараттық әдіс және миогимнастика

 

15. Уақытша тістесу кезеңінде төменде аталған аппараттардың қайсысы дистальды тістемді емдеу үшән қолданылады?

А.+ Мюллеман пропульсоры

В. Энгль доғасы

С. Башарова аппараты

Д. Калвелис табақшасы

Е. Бынин аппараты

 

16. Аралас тістесудің бірінші жартысында төменде аталған аппараттардың қайсысы дистальды тістемді емдеуде қолданылады?

А. Калвелис аппараты

В. Френкельдің ІІІ тип қызметті реттеушісі

С. +Андрезен Гойпль активаторы

Д. Брюкль аппараты

Е. Вестибулооральді табақша

 

17. Қандай тістемнің салыстырмалы диагностикасын жүргізу үшін Эшлера-Битнердің сынамасы қолданылады?

А. Мезиальды

В.+ Дистальды

С. Терең

Д. Ашық

Е. Айқасқан

 

18. Тұрақты тістем кезеңінде дистальды тістесуді емдеу ерекшеліктері:

А. Себептерін жою

В. Жақтардың өсуіне жағдай жасау

С. Миогимнастика, массаж

Д. +Кешенді емдеу

Е. Аппараттық ем

 

19. Ғалымдардың қайсысы «постериальды тістем» терминін қолданып, оның үш түрін ерекшеледі: ығысусыз, төменгі жақтың ығысуымен және аралас түрі?

А. +Ильина-Маркосян

В. Калвелис

С. Каламкаров

Д. Андрезан-Гойпль

Е. Бетельман

 

20. Алдыңғы постериальды тістемге қандай көрсеткіштер тән (алдыңғы пронатия, жалған):

А. Жоғарғы жақтың үлкендігі

В. Жоғарға бүйір тістер алдыға ығысқан

С. Төменгі жақ қысқарған және артқа ығысқан

Д. Барлық жоғарғы тістер артқа бағытталған

Е. +Жоғарғы күрек тістердің тісальвеолалық протрузиясы

 

21. Дистальды тістесудің дамуына төменде аталған барлық жоғарғы жақ ауытқулары алып келеді, тек біреуінен басқа:

А. Тістердің макродентиясы

В. Шамадан тыс өсу

С. Тістердің арасындағы тремалар

Д. Комплекттен артық тістер

Е. +Тіс қатарының қысқаруы

 

22. Дистальды тістесудің дамуына төменде аталған төменгі жақ ауытқулары алып келеді, тек біреуінен басқа:

А. Тістердің дистальды орналасуы

В. Тістердің микродентиясы мен адентиясы

С. Тістердің тығыз орналасуы

Д. Жақтың дистальды орналасуы

Е.+ Шамадан тыс өсу

 

23. Уақытша тістесу кезеңінде дистальды тістемді емдеу үшін қолданады:

А. Брюкль аппараты

В.+ Кербитцтің вестибулярлы табақшасы

С. Окклюзиялық жапсырмасы бар табақша

Д. Хургина аппараты

Е. Мершон аппараты

 

24. Уақытша және аралас тістесудің бірінші кезеңінде дистальды тістемді емдеу үшін қолданады:

А. Брюкль аппараты

В. Бынин каппасы

С. +Мюллеман пропульсоры

Д. Энгль аппараты

Е. Калвелис табақшасы

 

25. Дистальды тістемнің дамуына қандай жоғарғы жақ ауытқулары алып келеді:

А.+ Шамадан тыс өсу

В. Жақтың дистальды орналасуы

С. Жақтың дамуының тоқталуы

Д. Тіс қатарының қысқаруы

Е. Тістердің тығыз орналасуы

 

26. Дистальды тістемнің дамуына қандай төменгі жақ ауытқулары алып келеді:

А. Алдында орналасуы

В. Шамадан тыс өсуі

С. Комплекттен артық тіс

Д. Тістердің арасындағы тремалар

Е.+ Тістердің дистальды орналасуы

 

 

27. Мәжбүрлі постериальды тістемге қандай көрсеткіштер сай (төменгі жақтың жылжуымен прогнатиясы):

А. Үлкен апикальды негізі бар үлкен жоғарғы жақ

В. Жоғарғы тіс доғасы төменгіге қарағанда кеңдеу

С. Жоғарғы тістер ауыз ішіне қарай ығысқан

Д. +Жоғарғы тіс доғасының бүйір аймағындағы тарылуы

Е. Жоғарғы бүйір тістер алға ығысқан

 

28. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бет-әлпетін қарағанда төменгі ерні кіріңкі және иегі ығысқан, төменгі жақтың артта орналасуы анықталды, жоғарғы және төменгі ортаңғы беттің профилі және жоғарғы ерін өзгермеген. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады.

Дистальды тістемнің ең ықтималды себебі қандай:

А. Жоғарғы жақтың латерогнатиясы

В. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы немесе прогнатиясы

С. Төменгі жақтың прогнатиясы немесе макрогнатиясы

Д. +Төменгі жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы

Е. Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы

 

29. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бет-әлпетін қарағанда төменгі ерні кіріңкі және иегі ығысқан, төменгі жақтың артта орналасуы анықталды, жоғарғы және төменгі ортаңғы беттің профилі және жоғарғы ерін өзгермеген. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсарады.

Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төменде аталған қандай клиникалық сынама жүргізу керек?

А. Ильина – Маркосян

В.+ Эшлер-Битнер

С. Рубинов

Д. Агапов

Е. Гельман

 

30. Қыз 18 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Бет көрсеткіштерін бағалағанда анықталды: жоғарғы ерін алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістердің кесу қыры төменгі ерінде орналасқан.

Ауыз қуысын тексергенде: тістер қатарын үйреншікті түйістіргенде бірінші тұрақты азу тістің алдыңғы ұрт төмпешігі қарсы тістің артқы ұрт төмпешігімен түйіседі, алдыңғы бөлікте – сагиттальды саңылауы бар протрузия-8 мм.

Аталған клиникалық жағдай Энгльдің жіктемесі бойынша қай класы мен подкласына жатады?

А. I класс

В. II класс

С. +II класс Iподкласс

Д. II класс II подкласс

Е. III класс

 

31. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде профильдің жоғарғы және ортаңғы бөліктері және жоғарғы ерін алға шыққан, төменгі ерін және иегі артқа ығыспаған. Төменгі жақты жылжытқанда беттің профилі жақсармайды.

Дистальды тістемнің ең ықтималды себебі қандай?

А. Төменгі жақтың латерогениясы

В. + Жоғарғы жақтың макрогнатиясы немесе прогнатиясы

С. Төменгі жақтың прогнатиясы немесе макрогнатиясы

Д. Төменгі жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы

Е. Жоғарғы жақтың ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы

 

32. Боз бала 17 жаста. Жоғарғы жақтың алға шығуына және тістердің арасындағы саңылауға шағымданып келді. Клиникалық тексергенде: бет-әлпеті симметриялы. Профилі – дөңес. Ауыз қуысын тексергенде: жоғарғы тұрақты азу тістің мезиальды ұртты төмпешігі екінші премоляр мен төменгі тұрақты азу тістің мезиальды-ұртты төмпешігімен түйіседі. Жоғарғы алдыңғы тістер алға иілген.

Аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. Мезиальды тістем

В. + Дистальды тістем

С. Айқасқан тістем

Д. Ашық тістем

Е. Терең тістем

 

33. Бала 9 жаста, мектеп тіс дәрігерімен ортодонтқа жіберілген. Объективті: бет-әлпеті симметриялы, ауызбен тыныс алу, ауыздың айналма бұлшық еті әлсіз, жоғарғы күрек тістер төменгі ерінде орналасқан, профилі дөңес. Ауыз қуысында: жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің протрузиясы, сагиттальды саңылау – 3-4мм.

Персиннің жіктемесі бойынша төменде аталған болжамды диагноздың қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. + Сагиттальды күрек тістік дизокклюзия

В. Вертикальды күрек тістік дизокклюзия

С. Вертикальды күрек тістік окклюзия

Д. Сагиттальды күрек тістік окклюзия

Е. Терең күрек тістік окклюзия

 

34. Бала 9 жаста, тағамды қиналып тістеуіне шағымданады. Ауыз қуысында алдыңғы тістер жайылып және вестибулярлы орналасқан. Жоғарғы тіс қатары V-тәрізді тарылған, таңдай готикалық, алдыңғы тістерінің арасында сагиттальды саңылау 4 мм; бүйір тістері қалыпты жағдайда.

Ильина-Маркосян жіктемесі бойынша төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. +Фронтальды прогнатия

В. Шынайы прогнатия

С. Жалған прогнатия

Д. Прогнатия

Е. Дистальды тістем

 

35. Қыз бала 11 жаста, эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Ауыз қуысында тістерін түйістіргенде алдыңғы бөлікте сагиттальды чсаңылау 2 мм байқалады, азу тістер аймағында салалы-бұдырлы түйісу.

Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

А.+ Фронтальды прогнатия

В. Жалған прогнатия

С. Дистальды тістем

Д. Шынайы прогнатия

Е. Прогнатия

 

 

36. 12 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде жоғарғы және ортаңғы бөлігі және жоғарғы ерін алға шыққан, төменгі ерін және иегі ішке кірмеген. Төменгі жақты ығыстырғанда беттің профилі жақсармайды. Бүйір телерентгенограмманың анализінде SNA бұрышының ұлғаюын көрсетті, SNB бұрышы қалыпты жағдайда.

БДҰ жіктемесі бойынша төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. Төменгі жақтың ретрогнатиясы

В. Төменгі жақтың микрогнатиясы

С. Жоғарғы жақтың макрогнатиясы

Д. +Жоғарғы жақтың прогнатиясы

Е. Жоғарғы жақтың асимметриясы

 

 

37. Бала 12 жаста. Ата-аналары жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің дұрыс емес ығысуына шағымданып келді. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, иектік қатпар айқындалған, жоғарғы ерін алға шыққан, ал төменгісі ішке кірген және сыртқа шыққан, артқа ығысқан. Ауыз қуысында: жоғарғы орталық күрек тістер төменгі тістерді толық жауып тұрады, бүйір күрек тістер вестибулярлы шыққан және өз осімен бұрылған, төменгі тіс қатары жоғарғы тістермен кідірген, бүйір бөлікте төмпешікті түйісу.

Энгль жіктемесі бойынша қай класс түрі ЕҢ ықтималды?

А. I класс

В. II класс

С. II класс 1 подкласс

Д. +II класс 2 подкласс

Е. III класс

 

38. Қыз бала 20 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Сырт қарағанда беттің төменгі бөлігінің ұзаруы анықталады, бет-әлпеті симметриялы. Ауыз қуысында: Энгль бойынша ІI класс 1 подкласс, сагиттальды саңылау 7 мм. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде профилі жақсарады.

Төменде аталған аномалиялардың қайсысы ең ықтимал себебі болуы мүмкін?

А. Жоғарғы жақтың алға орналасуы

В. Төменгі жақтың алда орналасуы

С. +Төменгі жақтың артта орналасуы

Д. Жоғарғы тістердің протрузиясы

Е. Жоғарғы жақтың артта орналасуы

 

39. Қыз бала 17 жаста. Көркемсіз сырт кел-бетіне шағымданады. Сырт қарағанда беттің ортаңғы бөлігі және жоғарғы ерін алға шыққан. Ауыз қуысында: жоғарғы тіс доғасы төменгіге қарағанда кеңдеу, тістердің арасында саңылау бар. Сагиттальды саңылау 4 мм; Энгль бойынша азу тістердің түйісуі ІІ класс. Эшлер-битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде беттің профилі нашарлайды.

Биометриялық өлшемдердің тұжырымы бойынша төменде аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

А. Жоғарғы жақтың тарылу мен ұзаруы

В. Жоғарғы жақтың апикальды негізінің кішіреюі

С. +Жоғарғы жақтың апикальды негізінің ұлғаюы

Д. Төменгі тіс доғасының алдыңғы бөлігінің ұзындығының қысқаруы

Е. Төменгі жақтың апикальды негізінің ұзаруы

 

40. 17 жасар қыз бала, көркемсіз сырт кел бетіне шағымданып келді. Сырт қарағанда беттің ортаңғы бөлігі және жоғарғы ерін алға шыққан. Ауыз қуысында: жоғарғы тіс доғасы төменгіге қарағанда кең, тістердің арасында саңылау бар. Сагиттальды саңылау 4 мм; Энгль бойынша азу тістердің түйісуі ІІ класс. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүогізгенде беттің профилі нашарлайды.

Телерентгенографиялық зерттеудің тұжырымы бойынша төменде аталғандардың қайсысы Ең ықтималды?

А. SNA бұрышының ұлғаюы

В. SNB бұрышының кішіреюі

С. +ANS-PNS ұлғаюы

Д. Pg-Go қысқаруы

Е. N-Se ұлғаюы

 

41. 10 жасар баланың ата-аналары эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Тыныс алуы аралас. Бет көрсеткіштерін бағалағанда: жоғарғы ерні алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістердің кесу қырлары төменгі ерінде орналасқан.

Ауыз қуысын тексергенде: тістер қатарын үйреншікті окклюзия кезінде түйістіргенде бірінш тұрақты азу тістер аймағында төмпешікті түйісу, жоғарғы алдыңғы тістердің протрузиясы, сагиттальды саңылау – 6мм, тіс қатарының тарылуы. Тіл ауыз қуысынң түбінде орналасқан.

Емдеу жоспарын құрастырғанда Ең алғашқысы қайсысы болады:

А. Тіс қатарын кеңейту

В. Төменгі жақты ығыстыру

С. Протрузияны жою

Д. Тыныс алуды қалыптастыру

Е. +Себептерін жою

 

42. 24 жасар қыз бала, эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Бетті тексергенде анықталды: жоғарғы ерін алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістерінің кесу қырлары төменгі ерінде орналасқан.

Ауыз қуысында: тістер қатарын үйреншікті окклюзияда түйістіргенде жоғарғы бірінші тұрақты азу тістердің алдыңғы ұрт төмпешігі бірінші тұрақты азу тіс пен бірінші премолярдың арасында орналасқан. Сагиттальды саңылау – 6мм.

Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ мәліметті болып саналады:

А. Тік проекциядағы ТРГ

В. +Бүйір проекциядағы ТРГ

С. Ортопантомография

Д. СТЖБ томографиясы

Е. Фотометрия

 

43. 11 жасар бала, тістемінің ауытқуына шағымданып келді. Ерте бала шағында үлкен саусағын сорғаны анамнезінен анықталды. Сырт қарағанда. Мұрын-ерін қатпары тегістелген. Беттің төменгі бөлігі ішке кірген.

Ауыз қуысын тексергенде: жоғарғы жақтың тіс қатарының ұзаруы. Төменгі жақтың тіс қатары трапеция пішінді. Тістерін үйреншікті окклюзияда түйістіргенде шайнау тістерінде аттас антогонисі бар. Сагиттальды саңылау – 6мм.

Тіс қатарларының пішінін қалыптастыру үшін ЕҢ лайықты болып саналады:

А. Мұрынмен тыныс алуды қалыптастыру

В. Емдік гимнастика

С. +Жоғарғы тіс қатарын кеңейту

Д. Жоғарғы тіс қатарын қысқарту

Е. Зиянды әдеттерді жою

 

44. Бала 10 жаста. Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Профилі дөңес, беттің ортаңғы бөлігі алға шыққан, еріндері күшпен түйіседі. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау – 4мм. Тұрақты азу тістердің аймағында төмпешікті түйісу. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде беттің профилі нашарлайды.

Төменде аталған емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ лайықты?

А. +Жоғарғы жақтың мөлшерін қысқарту

В. Жоғарғы жақтың өсуін қарқындату

С. Төменгі жақтың өсуін қарқындату

Д. Төменгі жақтың мөлшерін қысқарту

Е. Екі жақтың да өсуін қарқындату

 

45. Бала 8,5 жаста, ауыз қуысын сауықтырған соң дәрігер ортодонтқа бағытталды. Сырт қарағанда профилі дөңес. Тістер қатарын түйістіргенде жоғарғы тістері төменгі ерінде орналасады. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 4 мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен түйіседі.

Төменде аталған қандай ортодонтиялық аппараттарды тағайындау ең лайықты?

А. +Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының І түрі

В. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының III түрі

С. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының ІV түрі

Д. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының V түрі

Е. Френкельдің қызметті реттеуші аппаратының IІ түрі

 

 

46. Қыз 18 жаста, тағам тістеп алуының қиындығына шағымданып келді. Объективті: профилі дөңес, иегі ығысқан. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында диастема, тремалар, сагиттальды саңылау – 7мм, азу тістердің түйісуінің бұзылуы – 3мм.

Төменде аталған емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші?

А. +Жоғарғы алдыңғы тістерді артқа жылжыту

В. Жоғарғы алдыңғы тістерді алға жылжыту

С. 16,26 тістерді дистализациялап, төменгі жақты алға шығару

Д. Төменгі жақты алға жылжыту

Е. Тістер қатарының мөлшерін қысқарту

 

47. Жасөспірім 15 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Объективті: бүйірінен қарағандағы көрінісі шығыңқы, иегі артқа иілген. Ауыз қуысында: дистальды тістесу, сагитальды саңылау 6 мм. Эшлер-Битнер сынамасы оң.

Төменде көрсетілген емдік іс-шаралардың қайсысын қолдану ең лайықты?

А. Төменгі тіс қатарының мөлшерін қысқарту

В. +Төменгі жақ сүйегін алдыға жылжыту

С. Тістердің межапроксимальды сепарациясы

Д. Төменгі жақ сүйегін кеңейту

Е. 1.6, 2.6 тістердің дистализациясы

 

48. Қыз бала 12 жаста. Ата-анасы қызының төменгі ернін тістейтініне шағымданады. Ауыз қуысында: сагитальды саңылау 13мм, жоғары күрек тістердің протрузиясы және төменгі күрек тістердің ретрузиясы. Цефалометриялық анализ негізінде скелетті типті ІІ класс, І подкласс горизонтальды өсу типі диагнозы қойылды. Емдеу жоспарының қайсысы ең қолайлы?


Дата добавления: 2015-12-17; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!