Шетелдік залалсыздандыру таблеткалары. ЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ



ЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ  

СТАНДАРТ

 

Амидопирин сынағы, жүргізілу реті

    Әзірле:    пипетка, лоток, мақта тампоны, тексерілетін

                         құрал, жұмыс ерітінділері:

10мл 5% спирттегі амидопирин ерітіндісі

10мл 3%  сутегі асқын тотығының ерітіндісі

10мл 30% сірке қышқылының ерітіндісі барлығынан 

тең мөлшерде реактив дайындалады

 

Іс-әрекет алгоритмі :

1. Пипеткамен 1 – 2 тамшы амидопирин ерітіндісін құралға тамызыңыз.

2. Мақта тампонының үстіне құралдарды ұстап, мақтаға тамған реактив түсін бақылаңыз.

3. Егер реактив түсі жасылға боялса, онда қан қалдығы болғаны.

(сынақ «оң»)

4. Тазалауды бастапқы кезеңнен қайталау қажет.

5. Егер реактив түсі өзгермесе – (сынақ «теріс»), тазалаудың келесі кезеңі 

жүргізіледі.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Мейірбикенің сыртқы бейнесі. Емшара бөлмесінің егу жасау алдындағы жұмысқа дайындығы.

Әзірле: крахмалданған халат, қалпақ, жайлы аяқ-киім, бір реттік бетперде,  антисептикалық ерітінділер, сұйық сабын, бір реттік зарарсыздандырылған резеңке қолғап, бір реттік сүлгі

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Жұмыс басталар алдында мейірбике халатын киеді.

2. Шашын толығымен жауып тұратын қалпақ және бетперде киеді.

3. Аяғына жайлы аяқ киім киеді.

4. Күнделікті залалсыздандыру жұмысын бастайды

· кушетка, үстел, тумбочка, терезе алдын 0,015% деохлор ерітіндісімен 15 минуттық үзіліспен 2 рет сүртіледі.

· 30 минутқа кварц шамын жағамыз

· 15 мин желдетеміз

5.  Қолды гигиеналық деңгейде жуып, 7 тәсілмен антисептикалық ерітіндімен өңдеу және зарарсызданған қолғапты кию.

 

 

          

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Азопирам сынағы, жүргізілу реті

Әзірле: пипеткалар, лоток, мақта тампоны, тексерілетін құрал,

 жұмыс ерітіндісі:

- 96% спирт 1 литр

- 100гр амидопирин ерітіндісі

                                - 1,5 гр анил тұз қышқылы

Осы жұмыс ерітіндісінен 10 мл аласын, оны 10 мл 3% асқын су тотығымен араластырып, дайын ерітінді шығарамыз (азопирам ерітіндісі).

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Белгіленген пипеткамен азопирам ерітіндісін алу.

2. Тексерілетін инструменттің саңылауына, бетіне тамызу.

3. Мақта тампонының үстіне құралдарды ұстап, мақтаға тамған реактив түсін бақылау.

4. Нәтижені бағалау.

· сынама «теріс» - егер алғашқы бір минуттарда реактив түсі өзгермесе - тазалаудың келесі кезеңі жүргізіледі.

егер сынақ «оң» болса - тазалау кезеңі қайта жүргізіледі

·  «көк күлгін» түс болса - қан қалдығы

·  «қоңыр қызылға» боялса - құрамында хлоры бар дәрмектер болғаны.

·  «қызғылт» түске боялса - жуу ерітіндісі болғаны.

 

      

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Емшара бөлмесіне қорытынды жинастыру жүргізу

Әзірле:

- шелек

- швабра

- леген

- еден жуу үшін шүберек

- маркіленген шүберектер

- гидропульт

- 0,5% жуу ерітіндісі (10 литр су, 50 гр жуу ұнтағы)

- залалсыздандыру ерітіндісі

- өлшемі бар ыдыстар

- халат, орамал, алжапқыш, резеңке қолғап

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрі-дәрмектерден шкафтарды босату.

2. Орамалды байлап, халатты, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

3. Гидропультқа залалсыздандыру ерітіндісін толтырып, бөлмені толығымен бүрку.

4. 2 сағатқа бөлмені жауып қою (экспозиция).

5. 0,5% жуу ерітіндісімен толығымен жуу.

6.  Таза сумен жуып шаю.

7. Бактерицидті шамды 2 сағатқа қосу.

8. Желдету.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Бөлмені ағымды жинастырудан өткізу

         

  Әзірле:

- шелек;

- швабра;

- леген;

- еден үшін шүберек;

- таза шүберек;

- залалсыздандыру ерітіндісі;

- халат,орамал,алжапқыш;

- резеңке қолғап;

- өлшемі бар ыдыстар

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке қолғапты кию.

2. Залалсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеу.

3. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізу: таза белгіленген шүберектермен залалсыздандыру ерітінділердің біріне малып, жиhаздарды, терезе алдын сүрту.

4. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң     төрден сыртқа қарай.

5. Ылғалды жинастырудан соң, бактерицидті шамды 30 минутқа қосу.

6. Желдету

7. Жинастыру құралдарын залалсыздандыру қажет:

· еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті залалсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек-бөлек салу

· суда шаю

· кептіру

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

Гигиеналық қол жуу тәртібі

Әзірле: сұйық сабын, бір рет қолданатын сүрткіш

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Суды ашу.

2. Сұйық сабын алу.

3. Алақанды алақанға ысқылау.

4. Оң қолмен сол қолдың білегін, керсінше сол қолмен оң білегін айналдыра 

жуыңыз.

5. Оң қолдың алақанымен сол қолдың сыртын, керсінше сол қол 

алақанымен оң қолдың сыртын жуыңыз.

6. Алақанды алақанға саусақтар бір-біріне біріктірілген.

7. Оң қолдың саусақтарының сыртын сол қолдың алақанына керсінше сол 

қолдың саусақтарының сыртын оң қолдың алақанына үйкелеу.

8. Әр саусақты айналдыра үйкелеп жуыңыз.

9. Оң қолдың саусақтарын біріктіріп, сол қолдың алақан ойығына, керсінше 

оң қолдың саусақтарын біріктіріп оң қолдың ойығына ысқылау

10. Суды білекке дейін ағызып, суды жабыңыз.

11. Бір реттік қолданатын сүрткіш арқылы қолды құрғатыңыз.

12. Антисептикті қолданыңыз.

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Қолды залалсыздандырудың тәртібі (6 тәсілі)

Әзірле: антисептикалық ерітінділер, бір реттік зарарсыздандырылған    

            қолғап

Іс- әрекет алгоритмі:

· алақанға 3-5мл антисептик ерітіндісін алу

 

1. Алақанды алақанға.

2. Оң қол мен сол қолдың білегін ысқылау, керісінше.

Оң алақан сол алақанның сыртқы бетінде, керісінше.

3. Алақанды алақанға бір қолдың саусақтары екіншісінің саусақтар арасында.

4. Оң қол саусақтарының сыртқы бетін алақанға ысқылау, керісінше.

5. Әр саусақты айналдыра үйкелеу.

6. Саусақ ұшын біріктіріп алақан ойығын оң қолмен ысқылау, керісінше.

 

     ● әр қимылды 5 реттен қайталау керек.

        

     ●  зарарсыздандырылған қолғап кию.

          

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

 

Жуу ерітіндісін дайындау

Әзірле:10 литрлік кастрюль, порошок, 27,5% сутегі асқын тотығы,

3% сутегі асқын тотығы, ас содасы, өлшемі бар ыдыс, электр плиткасы,

су термометрі, мақта шариктер

 

 

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Жуу ерітіндісін дайындау:

І тәсіл: 978 мл су

           17 гр. 27,5% сутегі асқын тотығы

           5 гр порошок

 

ІІ тәсіл:  825 мл су

            170 мл 3% сутегі асқын тотығы

            5 гр порошок

 

ІІІ тәсіл:  965 мл су

             30 гр ас содасы

                  5 гр порошок

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Медициналық қолғаптарды кию

Мақсаты:тосқауылдың пайда болуы, науқастың қызметкерге және қызметкерден науқасқа жұғатын инфекцияның алдын алу, жоғарғы дәрежеде тазалық пен гигиенаны сақтау.

 

Көрсеткіштері: медициналық манипуляцияларда.

 

Әзірле:бір реттік қолданылатын қолғаптар.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Қолды гигиеналық денгейде жуу.

2. Қораптағы зарарсыздандырылған қолғаптарды дайындау, жоғары жағын   

  ашу.

3. Зарарсыздандырылған пинцетпен қолғаптарды алып,зарарсыздандырылған  

  жайманың үстіне қою.

4. Стандартты қораптағы қолғаптардың жоғарғы шеті      

  зарарсыздандырылған пинцетпен айналдыру, қолғап шеттерін манжет  

тәрізді етіп сыртқа қарай  айналдыру.

5. Оң қолға қолғаптарды кию үшін қолғаптың қайырылған жағын саусақтар  

оның ішінде тимейтіндей етіп алу.

6. Оң қолдың саусақтарын қолғаптың ішіне енгізу.

7. Оң қолдың саусақтарын жазып, қолғаптың қайырылған жағын бұзбастан  

кию.

8. Қолғапты сол қолға кию үшін оң қолдың екінші, үшінші, төртінші  

саусақтарымен қолғаптың ішіне тимейтіндей етіп қайырылған жағын алу.

9. Сол қолдың саусақтарын қолғапқа енгізу.

10. Сол қолдағы, сосын оң қолдағы қолғаптың жоғарғы жағын тарту.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Медициналық қолғаптарды шешу

Мақсаты:жеке бас қауісіздік сақтау

 

Көрсеткіштері: медициналық манипуляцияларда

 

Әзірле:бір реттік қолданылатын қолғаптар

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолдағы қолғаптың сыртынан ұстап теріс қаратып шешу.

2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолдағы қолғаптың сыртынан ұстап теріс қаратып шешу.

3. Сол қолдағы қолғапты оң қолдың көмегімен теріс қаратып шешу.

4. Оң қолдағы қолғапты сол қолдың қөмегімен теріс қаратып шешу.

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

 

СТАНДАРТ

 

Медицина қызметкерлерінің қолды жуу деңгейлері

Медицина қызметкерлерінің қолды тазалау деңгейінің

үш түрі бар:

 

1. Әлеуметтік денгей (сабынмен):

- Науқаспен физикалық қатынастан бұрын және физикалық қатынастан соң;

- дәретханадан кейін;

- тамақтар мен медикаменттерді дайындаудан бұрын және дайындаудан соң;

- қол ластанған кездің бар жағдайында.

     2. Гигиеналық денгей (антисептикалық ерітінділермен):

-  Емшараны орындамас бұрын;

 

-  тез қабылдағыш науқастар мен жаңа туылған нәрестелермен  

жұмыс жасамас бұрын;

 

жаралардың манипуляциясының алдында және жаралардың манипуляциясынан кейін;

 

катетерлермен жұмыс жасамас бұрын және жұмыс жасағаннан соң;

 

қолғап кимес бұрын және шешкеннен соң;

 

- зақымданған және жұқпалармен жұмыс істеген заттармен қатынастан соң.

 

      

           3. Хирургиялық денгей (антисептикалық ерітінділермен

       және 70% спирт) :

           - Әрбір хирургиялық араласулардан соң.

 

        Қолды жуу белгілі уақытты алады. Микроорганизмдерді тез,     

        қарапайым және тиімді әдісі құрамында спирті бар заттармен өңдеу  

        немесе жуу болып табылады. Бұл медицина қызметкерлерінің

        науқаспен байланыста микроорганизмдерді жұқтыру жағдайын  

        төмендетеді.

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ

Шетелдік залалсыздандыру таблеткалары

 

Әзірле: 10 л ыдыс, су, залалсыздандыру таблеткалары

САНИВАП- таблетка,салмағы 3гр,хлор белсенділігі 1,6 %

 10 л суда дайындалады:

 

1 таблетка + 10л су – 0,016% (бактериялы індетке сүрту үшін)

7 таблетка + 10л су – 0,1% (вирус індетіне)

14 таблетка + 10л су – 0,2 % (туберкулез індеті)

ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

СТАНДАРТ


Дата добавления: 2018-02-15; просмотров: 1752; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!