Восстановление жизненно важных функций – симптоматические и патогенетические средства 12 страница



Тест №1          

Диклофенак-натрийдің әсер ету механизмі:

1.ЦОГ-1 тежейді

2.ЦОГ-2 тежейді

3.ЦОГ-1 және ЦОГ-2 тежейді

4.ЦОГ-1, фосфодиэстеразаны тежеу

5.ЦОГ-2, фосфодиэстеразаны тежеу

Тест №2

Димедрол аталған барлық әсерлерді көрсетеді, біреуінен басқа:

1.Қабынуға қарсы

2.Ыстық түсіруші

3.Гистаминге қарсы

4.Ұйықтатқыш

5.Құсуға қарсы

Тест №3

Айырылу синдромы тез алып тастағанда дамиды:

1.Ацетилсалицил қышқылын

2.Кромолин натрийді

3.Преднизолонды

4.Напроксенді

5.Ибупрофенді

Тест №4

Жедел дамитын аса жоғары сезімталдылықта қолданылады:

1.Адреналин гидрохлорид

2.Преднизолон

3.Напроксен

4.Ибупрофен

5.Диклофенак натрий

Тест №5

Жоғарғы жақ буынының артритінде қолданылатын ең тиімді және қауіпсіз стероидты емес қабынуға қарсы зат:

1.Индометацин

2.Диклофенак натрий

3.Димедрол

4.Ацетилсалицил қышқылы

5.Преднизолон

Тест №6

Бауырда протромбиннің синтезін ынталандыратын препарат:

1.Гепарин

2.Ацетилсалицил қышқылы

3.Неодикумарин

4.Викасол

5.Аминокапрон қышқылы

Тест №7

Жедел және баяу дамитын аллергиялық реакцияларда қолданылады:

1.Глюкокортикоидтар

2.Н1 гистаминдік рецепторлардың тежегіштері

3.ЦОГ-1 және ЦОГ-2 тежегіштері

4.Бета-адреноблокаторлар

5.ЦОГ-1 тежегіштері

Тест №8

Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың фармакологиялық әсерлері:

1.Ыстық түсіруші, гистаминге қарсы

2.Гистаминге қарсы, қабынуға қарсы

3.Қабынуға қарсы, ауру сезім басушы

4.Ауру сезім басушы, гистаминге қарсы

5.Иммунодепрессивті, қабынуға қарсы

Тест №9

Ацетилсалицил қышқылының негізгі жанама әсері:

1.Ульцирогенді әсер

2.Гипотензивті

3.Аритмияға қарсы

4.Тыныштандырғыш

5.Иммунодепрессивті

Тест №1 0

Кромолин натрийдің механизмі:

1.Гистаминдік рецепторларды тежейді

2.Серотониндік рецепторларды тежейді

3.Мес жасушаларының мембраналарын тұрақтандырады

4.Лизосомальды мембраналарды тұрақтандырады

5.Лейкоциттердің мембраналарын тұрақтандырады

Ескерту: жауаптар эталондары оқытушының қолында.

 

 

№21 сабақ

1. Тақырыбы: «Жүрек қан тамыр жүйесіне, иммундық және зат алмасу үрдістеріне әсер ететін заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ.

2.Мақсаты: Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері, әртүрлі патологиялық жағдайларда препаратты рационалды таңдау.

3. Оқытудың міндеттері:

1.Берілген тараудың теориялық матераилдарын қорытындылау.

2.Әртүрлі патологиялық жағдайларда топ препараттарын дұрыс таңдап үйрену.

3.Жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін және иммундық үрдістерге әсер ететін заттардың қарсы көрсетпелері, қолдануға көрсетпелер және жанама әсерлері.

4.Топтың негізгі препараттарына рецепт жаза білу.

4. Сабақтың өткізілу түрі. Тақырып сұрақтарына ауызша жауап, тест тапсырмалын орындау, рецептке талдау жасау.

 5. Тақырып бойынша тапсырма.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:  

1. Витаминдер және витамин тәрізді заттардың жіктелуі, алыну көздері. Витамин және коферменттердің арнайы және арнайы емес әсері.

2. Антивитаминдер, жалпы сұрақтар.

3. Суда еритін витаминдер. Қолданылуы. Жанама әсері.

4. Майда еритін витаминдер. Қолданылуы. Жанама әсері.

5. Коферментті препараттар, әсер ету ерекшелігі.

6. Лейкопоэзге әсер ететін заттар (Лейкопоэзді ынталандыратын) препараттарын салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

7. Стероидты қабынуға қарсы заттарға сипаттама беру.

8. Аллергиялық реакциялардың жедел және баяу дамитын түрлерінде қолданылатын препараттар.

9. Иммуностимуляторлар, иммуномодуляторлар және иммунодепресссанттарды атаңыз.

10. Жүрек гликозидтерінің жіктелуі.

11. Жүрек гликозидтерінің алыну көздері. Жүрек гликозидтерінің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы, қолданылуы.

12. Жүрек гликозидтерімен улануға алып келуші жағдайлар, жүрек гликозидтерімен улануды емдеу.

13. Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын заттардың жіктелуі.

14. Стенокардия ұстамасын емдеуде және алдын алуда қолданылатын негізгі топ препараттары.

15. Органикалық нитраттарға сипаттама.

16. Миокард инфарктын емдеудің негізгі ұстанымдары.

17. Антигипертензивті заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі. Орталық және шеткі әсерлі нейротропты заттардың әсер ету ұзақтығы.

18. Ренин ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттардың ерекшеліктері.

19. Зәр айдағыш заттардың гипотензивті әсері.

 

Көрнекі құралдары: кесте, жағдайлық есептер, тест тапсырмалары, сурет, рецепт жазбалары, препараттардың жиынтығы.

Бағдарламалық препараттар: дигитоксин, дигоксин, строфантин К, коргликон, жанаргүл шөбінің тұнбасы, нитроглицерин, изосорбид динитраты, изосорбид мононитраты, валидол, клонидин, резерпин, нифедипин, каптоприл, гидрохлортиазид, пропранолол, натрия нуклеинаты, пирогенал, левамизол, интерферон, Т-активин, циклоспорин, метилурацил, лизоцим, эубиотики, кромолин-натрий, кетотифен, гидрокортизон, преднизолон, димедрол, диазолин, астемизол, адреналин гидрохлориді, эуфиллин, аскорбин қышқылы, ретаболил, тиамина бромид, рибофлавин, кальция пантотенаты, никотин қышқылы, пиридоксин гидрохлориді, цианкобаламин, фоль қышқылы, кальция пангаматы, рутин, ретинол ацетаты, эргокальциферол, токоферол ацетаты, фитоменадион;

Есте сақтауға арналған препараттар:

строфантин К, коргликон, клонидин, димедрол, адреналин гидрохлориді, эуфиллин, аскорбин қышқылы, тиамин бромиді, цианкобаламин.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2. Харкевич Д.А. Фармакология. 8-ші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. - Б. 166-259.

3. Харкевич Д.А. Фармакология. 8-ші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. – Б. 157-256.

4.Руководство к лабораторным занятиям / Под ред. Д.А.Харкевича. Медицина. 2005. - Б. 121-162.

Қосымша:

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. 15-ші басылым - М.: Медицина, 2007.– 1200 б.

2.Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-ші басылым, қайта өңделген, толықтырылған: – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3.  В.Р. Вебер, Б.Т. Мороз. Клиническая фармакология для стоматологов.-С-П.:2003.- б. 351

4.Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.- 782 б.

6. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002, т.1-2.- 669. б.

7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000 – 740б.

8. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. б.

9. Крылов Ю.Ф., Бобырев В.М. Фармакология: Учебник для студентов стомактологическго факультета. – М., 1999 г. – 325 б.

10. Базисная и клиническая фармакология. /Под ред. Бертрам Г. Катцунг. – М.: С-П.: Невский диалект, 1998.-т. 1 – 669. б.

8. Бақылау:

1. «Жүрек қан тамыр жүйесіне және иммундық үрдістерге әсер ететін заттар» тақырыбынан ауызша сұрау.

2. Рецепте 1 реттік мөлшерін есептеу, тест тапсырмаларын орындау.

Тест тапсырмалары

Тест №1

Тест тапсырмасын толықтырыңыз

Пропранолол _______ блокаторлар тобына жатады:

β 2-блокаторлар

β1-блокаторлар

β1,2-блокаторлар

Тест №2

Аскорбин қышқылына тән:

1.коллогеннің синтезіне және дәнекер тіннің өндірілуіне қатысады

2.кортикостероидтардың синтезіне қатысады

3.ацетилхолиннің синтезін күшейтеді

4.темірдің сіңуін күшейтеді

5.капилярлардың өткізгіштігін төмендетеді

Тест №3

Гипохромды анемияда қолданылады:

1.темір препараты

2.коамид

3.натрий нуклеинаты

4.аскорбин қышқылы

5.цианокобаламин


Тест №4

Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады:

1. кардиомицидтерде калий және магний иондарын көбейтетін заттар

2. қан сарысуында кальций иондарын көбейтетін заттар

3. аритмияға қарсы заттар

4. антигипертензивті заттар

5. зәр айдағыш заттар

 

Тест №5

Гидрохлортиазидтің негізгі әсері:

1. Натрий және хлор иондарының реабсорбциясын күшейтеді

2. Калий және магний иондарының секрециясын күшейтеді

3. Зәр қышқылының шығарылуын күшейтеді

4. Бүйректің қан айналысын күшейтеді

5. Алкалоз бен ацитоз кезінде белсенділікті сақтайды.

 

 

Тест №6

Тест тапсырмасын толықтырыңыз

Дигоксин ____________ тобына жатады, _____ және _____ _______ жетіспеушілігінде қолданылады

 

Тест №7

Жүрек гликозидтерінің жүрекке негізгі әсері

1. Систоланы күшейтіп қысқартады

2. Систоланы кушейтіп ұзартады

3. Диастоланы ұзартады

4. Жүректің өткізгіштік жүйесінен қозудың берілуін күшейтеді

5. Жүректің өткізгіштік жүйесінен қозудың берілуін төмендетеді

 

Тест №8

Сәйкестендіріңіз

1. Препараты

2. преднизолон

3. цианокобаламин

4. левамизол

Эффекттері

А) эритропоэзді ынталандырады

Б) қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, иммунодепрессивті

В) лейкопоэзді ынталандарады

1 - ……, 2 - …….., 3 - ………., 4 - ……..

 

Тест №9

Гидрохлортиазидтің жанама әсерлері:

1. гипокалиемия

2. гипомагниемия

 3. гиперкальциемия

 4. ототоксикалық әсер

 5. зәр қышқылының бөлінуін кушейту

Тест №10

 Никотин қышқылы:

1.тотығу-тотықсыздану үрдісіне қатысады

2.тамыр кеңейткіш әсері бар

3.капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді

4.ацетилхолиннің өндірілуін ынталандырады

5.гиполипидемиялық әсер көрсетеді

Тест №11

Сәйкестендіріңіз

Препараты

ретаболил 2) эргокальциферол 3) преднизолон 4) тиамин бромиді

 

Тобы

А) Д витаминінің препараты

Б) глюкокортикостероид

В) анаболикалық стероид

Г) В1 витаминнің препараты

1 - ……, 2 - …….., 3 - ………., 4 - ……..

 

Тест №12

Жүрек гликозидтерінің негізгі әсері:

1.оң инотропты эффект

2.оң хронотропты эффект

3.теріс хронотропты эффект

4.теріс дромотропты эффект

5.жүрек автоматизмін төмендетеді

 

Тест №13

Бета-адреноблокаторлардың антигипертензивті әсері байланысты:

1.Жүректің жиырылу жиілігі мен күшінің азаюына

2.Ренин өндірілуінің төмендеуіне

3.Тамырлардың шеткі кернеуінің төмендеуіне

4.Нордареналиннің қорға жиналу үрдісінің бұзылуымен

5.ОЖЖ-ге тежегіш әсер көрсетуімен

Тест №14

Тест тапсырмасын толықтырыңыз

Диазолин _____ рецепторлардың тежегішіне жатады _______   

Н1 гистаминдік

 Н2 гистаминдік

 Н3 гистаминдік

Тест №15

Сәйкестендіріңіз

Препараты

1. строфантин

2. нитроглицерин

3. пропранолол

4. клонидин

Қолданылуы

А) гипертониялық кризді емдеуде (орталық әсерлі)

Б) жедел жүрек жетіспеушілігінде

В) стенокардия ұстамасын жоюда

Г) стенокардияда, жүрек аритмиясында, гипертониялық ауруда

1 - ……, 2 - …….., 3 - ………., 4 - ……..

 

№22 сабақ

1.Тақырыбы: Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттар.

Мақсаты: Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттардың фармакологиялық әсерінің жалпы заңдылықтары үйрену.

3. Оқытудың міндеттері:

1. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттардың жалпы фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын үйрену

2. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттарды енгізу жолдары дәрілік қалыптардың түрлерін таңдау.

3. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттардың қасиеттеріне байланысты ерекшеліктері.

4. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттардың патогенді микроорганизмдерді, қарапайымдарды және гельминттерді жоюда дұрыс таңдай білу.

5. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттардың жанама әсерлері, олардың алдын алу.

6. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттардың басқа препараттардан артықшылығы, өзара орын алмастыру және жиі қолданылатын синонимдері.

7. Негізгі препараттарға рецепт жаза білу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттардың жіктелуі.

Микробтарға қарсы белсенділігін анықтайтын жағдайлар.

Антисептикалық заттардың жалпы сипаттамасы:

а) нитрофуран туындысы (фурациллин)

б) ароматмкалық қатардағы антисептиктер (фенол, резорцин)

в) бояғыштар (бриллиант жасылы, этакридин лактаты)

г) галогенқұрамды қосылыстар (хлорамин Б, йодтың спиртті еріт-сі)

д) тотықтырғыштар (сутегі асқын тотығы, калий перманганаты еріт-сі)

е) алифатикалық қатардағы антисептиктер (этил спирті, формальдегид еріт.)

ж) қышқылдар, сілтілер (бор қ-лы, аммиак еріт.)

з) бигуанидтер (хлоргексидин)

и) биологиялық антисептиктер (календула тұнбасы)

 к) металл қосылыстылар (сынап дихлориді, сынаптың сары тотығы, мыс

сульфаты, күміс нитраты, мырыш сульфаты).

4. Препараттардың қолдану ерекшеліктері.

5. Улану, алғашқы көмек, антидодты терапияның принциптері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері

Тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша жауап, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау.

6. Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2004.- 608б

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Москва. Басылдым «ГЭОТАР-МЕД». 2008.- 559-568 б.

3. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004. - б. 347 – 353.     

Қосымша:

1.Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. 10-шы басылым аударма. М. «Практика». 2006 ж. 1648 б.

2.Машковский М.Д. Лекарственные средства.- 15-ші басылым., қайта өңделген, толықтырылған., – М., 2005. – б. 935 – 963.

3.Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. – С. – П. 2001. – б. 337 – 341.

4.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық. Москва. Басылым «ГЭОТАР-МЕД». 2004.- б. 480 – 486.

5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Ред. акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К Стародубцева.- М.: Басылым ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 б.

6. Кафедрада оқытылатын дәрістер, методикалық әдістемелер.


Дата добавления: 2021-04-23; просмотров: 49; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!